Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мәселені қою



Имитациялық модельдеу, басқа да зерттеу әдістері сияқты, мәселені қоюдан, яғни модельдеудің мақсатын және осы модельдерді құру кезінде ескеретін әртүрлі шектеулерді сипаттаудан басталады.

Имитациялық модельдеудің мақсаты ретінде жауабы ізделіп отырған маңызды сұрақ, әлде тексеруді қажет ететін жорамал, немесе ықпалын бағалайтын әсер бола алады [1].

Мысалы, имитациялық модельдеуді мына сұрақтарға жауап іздеу үшін пайдалануға болады: датчиктерден жауап алатын жаңа алгоритм күрделі қондырғылардың жумысына қандай әсер тигізеді, немесе оперативті жоспарлаудың нақтылы әдістері өндіріске жүмсалатын қаржыны қанша өнімдейді?

Имитациялық модельдеудің мақсаты ретінде, жогарыда айтылғандай, әртүрлі жорамалдардың ақиқаттығын тексеру де бола алады. Мысалы, кейбір күрделі жүйелердің болашақтағы жағдайы туралы жасалған жорамалды тексеру, немесе автобус маршрутының өзгеруі, оның салонының толуын қамтамасыз етеді деген болжамды тексеру, әлде мемлекеттік қорыққа шеттен әкелген жануарлардың жаңа түрі оның экологиялық тепе-теңдігін бұзады деген жорамалдарды тексеру болуы мүмкін. Енді имитациялық модельдеудің мақсаты ретінде әртүрлі әсерлердің ықпалын тексерудің де бір мысалын келтіре кетейік.

Металлургиялық пештерде металды қорыту процесінің нәтижесіне, осы пешке үрлеп тұратын ауаға қосылатын таза оттегінің әсері зор. Сондықтан осы процесті имитациялық модельдеудің мақсаты ретінде байытылған ауадағы оттегі мөлшерінің металл шығымына әсерін анықтау бола алады.

Енді осы имитациялық модельдеу кезінде ескеретін шектеулерді бейнелеу туралы бір-екі сөз айту қажет. Бұл жүмыс зерттеліп отырған объекттің немесе жүйенің сипаттамаларын анықтаудан басталады. Осы бағыттағы бірінші қадам қаралып отырған объект қандай бөлшектерден туратынын анықтауы керек. Келесі кадам, осы объекттің елеулі параметрлері мен айнымаларын айқындау және солардың мөлшерлеріне қойылатын шектеулерді табу. Үшінші қадамда осы елеулі параметрлер мен айнымалардың біріне-бірінің әсерін талдай отырып, олардың имитациялык модельдеу нәтижесіне ықпалын табу қажет.





Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 698 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...