Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Халықаралық құық принциптері немесе қағидаттары



1. Халықаралық құқық принциптерінің түсінігі мен белгілері

2. Халықаралық принциптері мен мазмұны

1. Мемлекеттердің іс-әрекетін реттейтін көптеген нормалардың арасында негізін қалаушы нормалар бар. Бұл нормаларды сақтамай, ешқандай мемлекет және халықаралық құқықтың басқа субъектісі қалыпты қарым-қатынас жасап, өмір сүре алмайды. Осындай нормаларды қағидаттар деп атайды.

Бүгінгі күні халықаралық қатынастардың даму заңдылығына жауап беретін, адамзаттың және мемлекеттің басты мүдделерін қамтамасыз ететін, халықаралық құқықтың негізін қалайтын бір жақты әміршіл, әмбебап халықаралық құқық нормаларды принцип деп атаймыз.

Принциптердің белгілері келесі:

1. Барлық мемлекеттерін халықаралық ұйымдарға орындауға міндетті (БҰҰ жарғысының 6 бабының 2 тармағы).

2. Жоғарғы заңды күші бар, басқа халықаралық құқық нормаларға қарағанда үстемділігі бар. (БҰҰ жарғысының 103 бабында кездеседі, 1969 ж. және 1986 ж. Вена конвенцияларында бекітеді).

3. Уақытта кері заңды күші бар

4. Халықаралық принциптерді бұзған іс-әрекет халықаралық қылмыс деп саналады. Сондықтан БҰҰ жарғысының 5,6,40-47 баптарында бекітілген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туындайды.

5. Халықаралық құқық принциптері арнайы нормалар болмаған жағдайда халықаралық қатынастарды тікелей реттей алады.

2. Халықаралық құқықтың принциптерінің келесі түрлері бар:

1. Мемлекеттің егемендік теңдігі – БҰҰ жарғысында бекітіледі және БҰҰ-ң өзі осы принципке негізделген (барлық мемлекеттер оның ішінде ҚР-да) халықаралық қауымдастықтың тең құқылы мүшесі болып табылады.

БҰҰ-да дауыс беру кезінде барлық мемлекеттер, оның көлеміне, халқының санына экономикалық даму деңгейіне қарамастан бір дауысқа ие.

2. Мемлекеттің ішкі ісіне араласпау принципі. Бұл қағидат егеменді теңдік қағидатымен қатар, халықаралық құқықта ұлттардың мемлекеттігі үшін күрес процесінде, буржуазиялық-демократиялық төңкерістер кезеңінде құрылған.

Араласпау қағидаты БҰҰ Жарғысында анықталып белгіленген (2 бап, 7 тармақ). БҰҰ Ба-ның мемлекеттердің ішкі істеріне араласуға жол бермеу туралы көптеген қарарларында Бүкілеуропалық Кеңестің Қорытынды актісінде осы қағидаттың беделді талқылауы берілген.

3. Күшті және күшпен қорқытуды пайдаланбау принципі. БҰҰ Жарғымының 2 б 4 тармағына сәйкес барлық мемлекеттер халықаралық қатынастарда кез-келген мемлекеттердің саяси тәуелсіздігіне және аумақтық тұтастығына қарсы күшпен қорқытудан бас тартуға тиіс.

4. Мемлекеттік шекараның бұзылмауы принципі -1975 ж. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңесуінің Қорытынды Акт үстінде белгіленген. Осы құжатта шекара сызығы өзгертуге немесе оның құқық рәсімделуінің өзгертуге бағытталған бір жақты іс әрекеттерден мемлекеттер бас тартуға келііскен.

5. Мемлекеттердің аймақтық тұтастығы принципі – мемлекет территориясына оның әсері, суы қазба байлықтары және әуе кеңістігі кіреді. Мемлекеттердің рұқсатынсыз оның территориясына көлік транзитін жүргізу, оның табиғи ресурстарын пайдалануға болмайды. Мемлекеттер бір-бірінің территориясын әскери акупатция объектісіне айналдырудың немесе халықаралық құқықты бұзатын басқа да тікелей немесе жанама шараларды қолданудан бас тарту туралы халықаралық құжаттарда келісімге келген.(БҰҰ Жарғысы).

6. Халықаралық таластарды бейбіт жолмен шешу принципі – БҰҰ Жарғысының 2 бабының 3 тармағында БҰҰ барлық мүшелері өздерінің халықаралық таластарын халықаралық бейбітшілік, зауіпсіздік пен әділеттілікке қауіп төндірмей шешеді деп бекіткен. БҰҰ Жарғысының 33 бабына сәйкес талас тараптары халықаралық таласты келесі сөздер, арбитраж, халықаралық құқықта қарастыру арқылы және т.б. бейбіт тәсілдермен шешу қажет.

7. Адам құқын қадірлеу – Адам құқығы туралы идеялар ХУІІІ ғ. бастап пайда бола бастады. БҰҰ Жарғысының кіріспесінде адам құқығы туралы, әйелмен ерлердің тең құқығы туралы айтылған. БҰҰ Жарғысының 1 бабында мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастықтың бірден-бір мақсаты ретінде: дініне, тіліне, нәсіліне, жұмысына т.б. мәселелер жағдайларға қарамастан адамдардың барлық құқығы бостандықтармен қадірлеуге ынталандыру бекітілген.

8. Халықтардың тең құқылығы және елдердің өз тағдырын өздері айқындау принципі. Бұл принциптің маңыздылығы мемлекеттердің колониялық тәуелсіздіктің айырылу кезінде айқын айтыла басталды. БҰҰ негізгі мақсаты ретінде халықтар арасындағы тең құқылық пен өз тағдырын өздері айқындау принципі негізінде, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамыту болып табылады. БҰҰ 1 б. 2 тармақ.

9. Ынтымақтастық. Мемлекеттердің саяси экономикалық әлеуметтік құрылымының айырмашылықтарына қарамастан, халықаралық бейбітшілікпен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында халықаралық ынтымақтастықтың идеясы БҰҰ Жарғысының негізгі мазмұнын құрайды.

10. Халықаралық міндеттемелерді орындау принципі – бұл принцип алғашқыда «Pacta sunt servana» (договор должен выполняться) келісім шарттар орындауға атты халықаралық әдет-ғұрып ретінде пайда болды. Осы принцип басты халықаралық құжаттарда және екі және көп жақты келісім шарт бекітіледі.





Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 3934 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...