Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Халықаралық құқық субъектілері



1. Халықаралық құқықтың субъектілерінің түсінігі

2. Мемлекттер халықаралық құқықтың негізгі субъектісі ретінде

3. Ұлттар мен халықтар халықаралық құқықтың субъектілері

4. Халықаралық ұйымдар

5. Жаңа пайда болған мемлекеттер. Халықаралық құқықтың тану мәселелері

6. Мемлекеттердің құқықтық сабақтастығы

1. Халықаралық құқықтың субъектісі дегеніміз – халықаралық құқық нормалары негізінде халықаралық аренада субъективті құқықтармен заңды міндеттерді жүзеге асыра алатын, халықаралық қатынастарға қатысушы тұлғалар.

Олар халықаралық құқықтың қабілеттілік пен әрекет қабілеттілікке ие болуы керек.

Субъектілердің түрлері:

1. Мемлекеттер

2. Халықаралық ұйымдар

3. Субъект өз тәуелсіздігін алу үшін күрестегі ұлттар.

Мұндай халықтар саяси ұйым болуы керек.

Халықаралық құқық қабілеттілік дегеніміз – халықаралық құқықтың субъектісінің халықаралық қатынастарда белгілі құқықтармен заңды міндеттерді ие болу қабілеттігі. Ол мемлекет пайда болғаннан бастап жүзеге асырылады.

Халықаралық әрекет қабілеттілік дегеніміз – халықаралық құқық субъектісін халықаралық қатынастарда белгілі құқық міндеттерді өз бетімен жүзеге асыра алу қабілеттігі.

2. Халықаралық қатынастар мемлекет дегеніміз – тәуелсіз мемлекеттің барлық белгілері бар егенменді ел. Кез кешенде халықаралық субъектісі бола алмайды. 1933 ж. конвенцияға сәйкес халықаралық құқық субъектісінің белгілері келесі болу керек.

1. тұрақты халқы

2. белгіленген территориясы

3. жоғарғы үкіметі

4. басқа мемлекеттермен құқықтық қатынастар құру мүмкіндігі

3. Ұлттар мен халықтар халықаралық құқық субъектісі болып тек өзінің тәуелсіз мемлекетін құру үшін күрес жүргізу кезінде табылады.

4. Халықаралық ұйымдар

Вена конвенциясында халықаралық ұйымдар халықаралық құқық субъектісі бола алатындығы туралы айтылған. Қазіргі кезде халықаралық ұйымдардың жалпы саны 3000 асты. Халықаралық ұйымдар мемлекеттердің өзара келісім шарттары негізінде құрылатындықтан толық субъектісі бола алады.

Халықаралық ұйымдар оларды құру жөніндегі мемлекетаралық келісім және олардың жарғы құжаттары күшіне енгеннен бастап құрылды деп саналады.

5. Халықаралық құқықта жаңа пайда болған мемлекеттерді танудың екі түрі бар.

1. Конституивтік

2. Декларативтік

І-теорияға – сәйкес мемлекет заңды құрылым ретінде және халықаралық құқықтың субъектісі ретінде тек қана оны басқа мемлекеттер мойындаған соң халықаралық субъект қарастырады.

ІІ-теорияға сәйкес жаңа пайда болған мемлекеттер халықаралық құқықтың субъектісі ретінде тану тек формалді мойындау актісі ретінде жүзеге асырылады.

6. Халықаралық құқыққа ескі мемлекеттер орнына жаңа мемлекеттер келгенде халықаралық құқық сабақтастық мәселелерін шешу керек болады. Халықаралық құқықтың сабақтастық дегеніміз – бір мемлекеттің құқықтары мен міндеттері екінші мемлекетке өтуі. Құқықтың сабақтас объектілері:

1. мемлекеттік меншік

2. сыртқы қарыздар

3. халықаралық келісім шарттар

4. архивтер және т.б.

Осы мәселелер 1979 ж. және 1983 ж. мемлекет құқықтық сабақтастығы туралы конвенциялармен реттелді.





Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 8955 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...