Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Халықаралық құқықтық жауапкершілік



1. Халықаралық құқықтың түсінігі

2. халықаралық құқық бұзушылық – халықаралық жауапкершілік негізі ретінде

3. Халықаралық құқық жауапкершіліктің түрлері мен нысандары

1. Халықаралық құқық жауапкершілік дегеніміз – халықаралық құқық субъектілерінің халықаралық құқық нормаларының бұзғаны үшін және өзінің халықаралық міндеттемелерін бұзған үшін көзделген заңды санкциялар (ол санкциялар мемлекет тарапына қолданылатын (негативная посредствие) жағымсыз әрекеттер.

Халықаралық құқықтық жауапкершілік халықаралық құқық нормаларын орындамаудан туындайтын, келтірілген зиянды (шығынды толтырудың заңдық құрамы болып табылады.

Халықаралық құқық бұзушылық дегеніміз – халықаралық келісімдік және объекттік нормаларды бұзғаны үшін құқық бұзушы мемлекетке немесе мемлекеттің тобына қолданылатын заңды мәжбүрлеу шаралары.

Халықаралық құқық бұзушылықтың халықаралық-қоғамдық қаупі дәрежесіне байланысты келтірілген зиянның мөлшерінің түріне байланысты халықаралық құқықтық жауапкершіліктің түрлері де әр түрлі болуы мүмкін.

2. Халықаралық құқық бұзушылық халықаралық жауапкершіліктің пайда болуы негіздемесі болып табылады.

Халықаралық құқық бұзушылық дегеніміз – халықаралық құқық нормаларын бұзатын халықаралық құқық субъектісінің заңсыз іс-әрекеті. Халықаралық құқықты барлық (қадағалау) халықаралық құқық бұзушыларды, олардың мемлекеттерге және халықаралық қауымдастыққа қауіптілігі дәрежесіне қарай, әкелетін шығыны мен зиянының көлеміне қарай үш үлкен топқа бөлуге болады:

1. Халықаралық қылмыстар

2. халықаралық сипаттағы қылмыстар

3. басқа халықаралық құқық бұзушылықтар

1) халықаралық қылмыс дегеніміз - мемлекеттің, ұлттар мен халықтардың және қауымдастықтың (адамзаттың) өмірлік маңызы бар мүдделеріне қол сұғатын; халықаралық құқықтың басты принциптерінің өрескел бұзылуы. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік қауіп төндіру заңсыз іс әрекеттер мысалы, агрессия, геноцит, апартийд және т.б.

2) халықаралық сипаттағы қылмыстар дегеніміз – халықаралық қаупі бар, бірнеше мемлекеттің мүдделеріне нұқсан, зиян келтіретін заңсыз іс-әрекеттер, мысалы, халықаралық терроризм, ұшақты басып алу, адамдарды кепілдікке алу.

3) Басқа халықаралық бұзақылықтар. Халықаралық деликтілер дегеніміз – жоғарыда қарастырылған бірінші және екінші топқа жатпайтын басқа жеңіл түрдегі (аса үлкен халықаралық қазіргі жауапкершілік) халықаралық құқық бұзушылықтар. Мысалы, шетел мемлекетінің дипломатиялық өкілдігі тарапына жасалатын заңсыз іс-әрекет.

Халықаралық жауапкершілік түрлері мен нысандары.

Халықаралық жауапкершіліктің негізгі екі түрі бар:

1. Материалдық саяси

2. материалдық жауапкершілік

Саяси халықаралық құқық жауапкершілік, құқық бұзушы мемлекетке халықаралық мәжбүрлеу шараларын қолданумен сипатталады. Ол келесі 4 нысандардан жүзеге асырылды.

1. санкция

2. сатесфакиця

3. реторация

Санкция – құқық бұзушы мемлекетке қолданатын ең ауыртпалы халықаралық құқықпен мәжүрлеу шараларының бірі, оны санкцияның көбінесе аса қауіпті халықаралық қылмыс жасаған үшін халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол сұғушылық жасаған үшін қолданады. Санкциялардың түрлері БҰҰ Жарғысының 39-42 баптарында бекітіледі және БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің шешімімен жүзеге асырылады. Санкцияның түрлері мен көлемі жасалған құқық бұзушылықпен халықаралық-қоғамдық қауіптілігі дәлелдесімен келтірілген зияндға байланысты болады. Құқықбұзушы агрессор мемлекетке келесі санкцияларды қолдануға болады – тәуелсіздігін уақытша шектеу.

-соғыстан кейінгі окупация

-делимитализация

-қарулық күштердің кейбір түрлерін шектеу немесе оларды жоюға міндеттеу.

1. Реторация дегеніміз – белгілі бір мемлекеттің екінші бір мемлекет оның заңды мүддесін бұзған үшін қайтарымды жауап түріндегі екінші мемлекетке бағытталған халықаралық құқықтық мәжбүрлеу шаралары. Реторация тек қана өзінің бұзылған құқықтарын қорғау үшін немесе бұрынғы жағдайды қалпына келтіру үшін екінші мемлекеттің заңсыз әрекетіне жауап ретінде қолданылады. Мысалы, белгілі бір мемлекеттің лауазымды адамдарының мемлекетке кіруіне тыйым салу. Елшілерді қайтарып алу.

2. Сатесфакция дегеніміз – мемлекеттің ар-намысына келтірілген заңсыз әрекеттермен зиянды жоюды талап ету.

3. сатесфакция – мемлекеттің талаптарын қанағатандыру. Сатесфакция ресми түрде кешірім сұрау осындай әрекеттер болашақта болмайтындығы уәде беру арқылы жүзеге асырылады.

4. Ресторация дегеніміз – құқық бұзушы мемлекеттің зиянды келтірілген материалды объектілерді және олардың сапасын бұрыңғы қалпына келтіруден тұратын халықаралық құқық жауапкершіліктің нысанының бірі. Мысалы, судың, таза ауаның орнына келтіру керек.

Материалдық жауапкершілік дегеніміз – құқық бұзушы мемлекеттің өзінің халықаралық міндеттемелерін орындамағандықтан және халықаралық құқық нормаларын бұзғандықтан болатын материалдық шығындарды өтеумен байланысты жауапкершіліктің түрі. Ол келесі 3 нысанда болуы мүмкін:

1. Репорация

2. реституция

3. субтитуция

1. Репорация- материалдық шығындар ақшалай түрде тауармен қызмет көрсету арқылы төлеу. Репорацияның көлемі мен түрі халықаралық келісім шарттар негізінде белгілейді.

2. Реституция дегеніміз – соғысып жүрген мемлекет қарсыласының территориясына заңсыз әкетілген мүлікті сол бетінде натуралды түрде қайтару.

3. Субтитуция – рестутиуцияның бір түрі, ол заңсыз жойылып кеткен келесі бүлінген мүліктің, ғимараттардың және т.б. қылмыстардың соған ұқсас заттармен орнын толтыру болып табылады. Саяси және материалдық халықаралық құқықтық жауапкершілік кешенді түрде қолданылады.





Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 8172 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...