Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Халықаралық келісім шарт құқығы



1. Халықаралық келісім шарт құқығының түсінігі мен қайнар көздері

2. Халықаралық келісім шарттардың түрлері

3. Халықаралық құқық шарттарының құрылымы мен оны жасау тәртібі.

1. Халықаралық келісім шарт құқығы халықаралық құқықтың негізгі бір саласы болып табылады. Халықаралық шарт құқығы дегеніміз – мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілерінің арасындағы халықаралық шарттардың жасалуы, орындалуы және тоқтатылуы жөніндегі қатынастарды реттейтін халықаралық құқық нормалардың жиынтығынан тұратын халықаралық құқықтың бір саласы халықаралық келісім шарт құқығының объектісі халықаралық келісім шарттың өздері болып табылады.

Халықаралық келісім шарт дегеніміз – жазбаша түрде жасалатын мемлекеттердің немесе халықаралық құқықтың басқа да субъектілерінің өзара құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы, өзгерілуі және тоқтатылуы мәселелерін реттейтін 2 немесе одан да көп халықаралық құқықтың субъектісі арасындағы келісім.

Халықаралық келісім шарттың мәтінінің астында мүдделі тараптардың қолдары мен мөрлері қойылған, біріңғай келісілген ресми құжат болып табылады.

Халықаралық келісім шарт құқығының келісім шарт қайнар көздері.

1. 1969 жылғы халықаралық келісім шарт құқығы туралы Вена конвенциясы. келісім шарттың түсінігі, түрлері, оны жасау мақсаттары мен тараптардың өзара міндеттерін, келісім шарттың жасау тәртібін орындау және күшін тоқтату мәселелерін реттейді.

2. 1978 жылғы мемлекеттің келісім шарты бойынша мемлекеттің құқық сабақтастығын реттейтін конвенция. Мемлекеттің келісім шарттарды орындау жөніндегі құқық сабақтастық мәселелерін реттейді.

3. 1986 жылғы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар жасау мәселелрі жөніндегі конвенция әр мемлекет халықаралық келісім шарттарды жасау мәселелері жөніндегі конвенция. Әр мемлекет халықаралық келісім шарттардың нормаларын өз территориясында қолдану тәртібін конституциямен заңдарда бекітеді. Осы мәселе бойынша 1995 ж. 12 желтоқсанында халықаралық келісім шарттарды жасау, орындау және денонсациялау тәртібі туралы ҚР-ң Президентінің заң күші бар Жарлығы қабылданған. (О порядке заключения, исполнения и денонсации, с изменениями и дополнениями на сегодняшний день).

Заңды түрде жасалған халықаралық келісім шарт мемлекеттің орындалуына міндетті.

2. 1969 ж. халықаралық келісім шарттар құқығы туралы конвенцияның 6-шы бабында әр мемлекеттер халықаралық құқық субъектісі ретінде келісім шарт жасау құқық қабілетіне ие болады делінген. Тараптардың санына халықаралық келісім шарттарды 2 және көп жақты келісім шарттарға бөлуге болады. Көп жақты келісім шарттардың мысал ретінде, 1945 жылғы БҰҰ Жарғысын 1948 жылғы геноцид қылмыстарымен, оларға қолданылатын жазалар туралы конвенцияны, 1961 жылғы есірткі заттар туралы конвенцияны айтуға болады. 2 жақты келісім шарттың саны өте көп 10000 –нан астам.

Келісім шарттардың реттеу объектісіне байланысты

1. саяси

2. ғ-қ

3. ҒТ және т.б. бөлінеді.

1. Өзі орындалатын.

2. оны орындау үшін заң шығару керегі бар болып бөлінеді.

3. Халықаралық келісім шарт дегеніміз – мәтіне тараптар мен үйлестірілген көбінесе, жазбаша түрде болып келетін тараптардың қолдары мен мөрлері басылған біріңғайландырылған ресми құжат халықаралық келісім шарттың атауы әртүрлі болуы мүмкін.

Конвенция, пакт, келісім, нота хат алмасу деп аталуы мүмкін. Көп жақты халықаралық келісім шарттарды жасау кезінде халықаралық құқықтың тілдері пайдаланылады.

А-ағылшын

Ф-франция

Р-русский

И-испанский

К-китайский

А-Араб.

Осы 6 тіл БҰҰ-ң жұмыс тілдері болып табылады. Келісім шарт жасаудың тәртібі:

1. келісім шарт мәтінін жасау

2. келісім шарт мәтіні бойынша келісімге келу.

3. келісім шарт өзін қабылдау

4. келісім шартты орындау

Халықаралық құқықтық келісім шарттың құрылымы

1. Кіріспе (преамбула, мақсаты);

2. келісім шарттың негізгі бөлімі (тараптардың міндеттері мен құқықтары)

3. келісім шарттың қорытынды бөлімі, тараптардың жауапкершілігі мен орындау тәртібі бекітіледі.

Сонымен халықаралық келісім шарт жасау дегеніміз- келіссөздер жүргізу, келісім шарттың мәтінін дайындау, мәтінін үйлестіру мен қабылдау, келісім шартқа қол қою. Оны бекіту, ратификациялау (күшіне енгізу). Ратификациядан тұратын күрделі процесс.





Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 8312 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...