Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

таќырып. Ќаржылыќ ж‰йе жєне мемлекеттіњ фискалдыќ саясаты



Лекция жоспары (2 кр. саѓ)

1. Ќаржылыќ ж‰йеніњ мєні мен ќ±рылымы.

2. Мемлекеттік бюджет жєне мемлекеттік ќарыз.

3. Фискалдыќ саясат жєне салыќтардыњ т‰рлері

4. Салыќ ќызметі. Лаффер ќисыѓы

Қаржы - белгілі бір қоғамның ақша ресурстары. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекетте қоғамдағы ақша ресурстарының құрамына, яғни қаржы жүйесіне:

- мемлекеттік қаржы,

- шаруашылық жүйесінің қаржысы,

- кәсіпорынның және тұрғындардың қаржысы енеді.

Мемлекеттің қаржысы - ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.

Мемлекеттік қаржы құрамына:

- мемлекеттік бюджет,

- банктік және мемлекеттік несие,

- экономиканы тұрақтандыру қоры,

- зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры,

- әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры,

- валюталық қор,

- мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы,

- мемлекеттік салалық министрлік пен ведомстваның қорлары енеді.

Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекттік және мемлекеттік емес) – компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің ақшалай қаржысы құрайды.

Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік және мемлекеттік емес) – меншіктегі және заемдағы қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

Тұрғындардың қаржысы – шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының пайызы, жер рентасы, т.б.) негізінде, коммерциялық және халықтық банкте сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қордағы ақшалай қаражаты құрайды.

Сонымен, қаржы – қоғамдағы ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай қатынастар негізгі субъектілер арасында қалыптасады:

- мемлекет және оның институттары,

- компаниялар, кәсіпорындар,

- үй шаруашылығы.

Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:

1. Бөлу – мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға, қорғанысты дамытуға бағыттайды.

2. Реттеу – мемлекет экономиканы реттеуді салық салу, несие саясаты, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация беру кезінде жүзеге асырады.

3. Ылталандыру – кәсіпорынның экономикалық дамуы әртүрлі қаржылық ынталандырумен жүзеге асады.

4. Бақылау – бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.

Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджет табысы мен шығын құрылымы және нарықтық экономикада біздің елдің мемлекеттік бюджеті жеке баптар бойынша ара салмағы төмендегідей:

Табыстар Жеке баптар % Шығындар Жеке баптар %
Салық, акциз, баж салығы 75-80 Халық шаруашылығы 30-40
Салықтық түсімдер (мемлекеттік меншіктен табыстар) 5-8 Әлеуметтік шығындар (денсаулық сақтау, білім, жергілікті органдарға субсидия) 25-30
Мақсатты бағыттағы қорларға түсімдер: әлеу-меттік – медициналық қам-сыздандыру, зейнеткерлік қамсыздандыру жұмыссыздық қорынан 10-12 Қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары 20-10
    Құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары 10-15
    Мемлекеттік қарыз төлемі  
Барлығы   Барлығы  

Егер шығындар табыстан асып кетсе, бюджет тапшылығы пайда болады. Бюджет тапшылығын жабу үшін табыс бөлігін толтыру немесе шығын бөлігін қысқартқан жөн.

Бюджет тапшылығын қысқарту үшін мемлекет мынадай шаралар қолданады:

- қаржыландырудан несие беруге көшеді;

- мемлекеттік заемдар;

- салық салу жүйесін қатайтады;

- мемлекетті басқару шығындарын қысқартады;

Бюджеттің табыс пен шығын айырмашылығын жабу үшін мемлекет қиылыстырылған вариантына көшеді. Яғни мемлекет Ұлттық банк несие қорының, тұрғындардың Халықтық банктегі салымының, сақтандыру қоғамдары қорының белгіленген бөлігін алып отырады. Осы сомалар мемлекеттің ішкі қарызын құрайды.

Мемлекеттің ішкі қарызынан басқа сыртқы қарызы да болады. Мемлекет қайтару мақсатымен сыртқы заемдар мүмкіндіктерін пайдаланады.

Сонымен, мемлекеттік қарыз – бұл өткен жылдардағы жалпы жиналған бюджет тапшылығының сомасы.

Мемлекеттік бюджеттен төлемдер:

- Ассигнованиялар - кәсіпорындар мен мекемелерге міндеттерін атқаруға берілген ақша қаражаттары,

- Субсидиялар – мемлекеттің ақшалай көмегінің бір түрі,

- Субвенция – мемлекеттің белгілі бір мақсаттың орындалуына бағытталған ақша қаражаты,

- Дотация – зиянды шығындарды жабуға арналған төлемдер.

Салықтар – жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу – табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі.

Салық сипаты тұрғысынан:

- Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар мен тұрғындар табысынан алынады. Осы салықтың түрлеріне – пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақыдан т.б. алынатын салықтар жатады.

- Жанама салықтар. Бұл салықтарды мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.

Салық өсімі (салық салу бірлігіне деген мөлшер, %) арқылы салықтар бөлінеді:

- Прогрессивтік салық. Мұның мағынасы – табыстың өсуіне қарай салық өсімінің мөлшері өседі

- Пропорциональды салық. Табыс өзгерсе де салық өсімінің мөлшері тұрақты болып қалады.(қосымша құн салығы - 15%)

- Регрессивтік салық, яғни табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі төмендейді.

Бюджет деңгейіне байланысты салықтар бөлінеді:

- Жалпы мемлекеттік салықтар. Олар мемлееттік бюджетті реттеудің қайнар көзі болып саналады. Жалпы - мемлекеттік салыққа жататындар: заңды және жеке тұлғалардың айлығынан (табысынан) алынатын салық; қосымша құн салығы; акциздер; құнды қағаздар операциясынан салық; арнайы төлемдер мен жер байлығын пайдаланғандағы салығы.

- Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табысының негізгі көзі болып табылады. Жергілікті салық пен алымға жататындар: заңды және жеке тұлғалар мүлкінің салығы; көлік, құрал-жабдық салығы; кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тіркеудегі алым; қызметтің кейбір түрімен айналысуға құқылы адамдардан алым; аукцион сатылымынан алым.

Салық қызметтері:

- Фискальды (тіркелген) немесе жұмылдыру қызметі. Осы қызметте мемлекет бюджеттік шығындарды қаржыландыру үшін салық жинайды.

- Бөлу қызметі, мемлекет қаржыны қайта бөлуді; әртүрлі топтардың арасында территория, облыс, аудандар бойынша жүргізеді.

- Реттеуші қызметі, мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропорцияны реттейді.

- Ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады.

- Бақылап-есептеу қызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады.

Салықтың элементтері:

1. Салық субьектісі – салықты кім төлейді?

2. Салық обьектісі – салықтың есебі неге жүргізіледі?

3. Салықтың көзі – салық неден төленеді?

4. Салық ставкасы – салық мөлшері.

5. Салық жеңілдіктері.

Салық жүйесінің принциптері:

1. Салық барлық игіліктерге пропорциональды түрде қоғам мүддесіне сай болуы.

2. Салық табыс мөлшері мен әл - ауқаттылық деңгейіне тәуелді болуы.

3. Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салық төлеу мерзімі, төлем тәсілі, сомасы - барлығы анық, ашық болуы.

4. Белгілі бір мерзімде салықтың түрлері мен мөлшерлемесі тұрақты болуы.

5. Табысты жасырғаны үшін салық төлеуші әкімшілік және қаржылық жауапкершілік міндеттемесін білуі қажет.

Американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында табыс салығы өсімінің жоғары болуы мен салық түсімінің арасындағы байланысты анықтаған. Оның ой-пікірі салық өсімінің жоғары болуы адамның экономикалық белсенділігін бәсеңдетіп, оларды салық төлеуден қашуға итермелейді. Графиктегі мұндай көрініс «Лаффер қисығы» деп аталады.

График 11. Лаффер кисығы.  
Егерде салық өсімі О -ден 100% -ке көтерілсе, онда салық болмайды. Салық түсімі максималды деңгейге 50% (М-нүктесінде) көтеріліп, онан соң 0-ге дейін төмендейді. Салық түсімі LN шартты нүктесінде тепе-тең, бірақ L –нүктесіндегі өсімнің төмен дейгейін құптауға болады, ал N-нүктесіндегі түсім жайсыз жағдайдың көрінісі.

Нарықтық экономикаға көшу кезінде әлеуметтік қорғау жүйесіндегі басты мәселе - әлеуметтік кепілдікті бекіту. Қазақстан республикасында әлеуметтік кепілдікке мыналар жатады:

Минимальды жалақы, зейнетақы, стипендия, жәрдемақы, оның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздық үшін ақы және ақысыз білім алу мен медициналық қызмет көрсету, еңбек жағдайымен байланыстырылған жеңілдіктер, тұрғындар табысын индексациялау, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау құқығы, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға құқылығы, меншік құқығы және одан табыс табу.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттары:

1. Олардың ақшалай табыстарын индексациялау. Оның мәні: инфляция келтірген зиянның орнын толтыруға қызмет етеді, индексацияның түрлері ақшалай табыс индексациясы, қаржының индексациялау мен өмір сүру минимумын индексациялау. Индексациялау механизмін мемлекеттік статистикалық органдар тауар мен қызмет көрсетуде бағаның өзгеруін бақылап отырады. Осы бақылау тұтыну бағасы индексін есептеуге мүмкіндік береді.

2. Кедейленген топтарды сүйемелдеу. Кедейлік деңгей әлеуметтік тәжірибеде өмір сүру минимумы арқылы өлшенеді. Өмір сүру минимумы деп адамның өмір сүруін және оның жұмыс күшін калпына келтіруді сүйемелдеуге қажетті ақшалай қаржы деңгейін айтады. Мұны есептеу тәсілі ең төменгі тұтыну бюджетіне негізделеді.

Жұмыс күшін ұдайы өндіруді қамтамасыз ететін тауар мен қызмет жасаудың сандық құрамына кеткен шығындарды минималды тұтыну бюджеті деп атайды. Минималды бюджет мөлшерінің құны тұтыну баға индексінің өсуін ескере отырып, жылына 1 рет немесе тоқсан сайын қаралып отырады. Ал, тұтыну баға индексін анықтау үшін «тұтыну қоржынын» белгілеп алу керек. Ол әдетте, ең қажетті тауарлардан тұрады. Тұтыну қоржыны – тұтыну игілігі мен қызметінің жиынтығы және адамдарды қоғамда белгіленген ең төменгі түтыну деңгейінде қамтамасыз ету деген мағына.

3. «Атаулы» әлеуметтік қорғау (яғни барлық категориядағы тұрғындарды қорғаудан нақты адамды қорғауға көшу). Олардың табыстары ең төменгі жалақыны орташа жан басына шаққандағыдан төмен болады.

Осы келтірілген негізгі бағыттар мен қатар, мемлекет кедейлік деңгейін төмендету үшін мынадай шаралар жүргізеді: еңбек биржасы арқылы мамандарды даярлау және қайта дайындайды, тұрғындардың жеке топтары үшін әлеуметтік қорғау механизмін жасау және табыспен аз қамтамасыз етілген тұрғындар тобын қолдау бағдарламасын қаржыландырады.

Пєн бойынша емтихан с±раќтарыныњ ‰лгілері:

1. Экономикалыќ теория пєні мен єдістері

2. Экономикалыќ теория ќызметі

3. Экономикалыќ теорияныњ ‰ш негізгі с±раѓы

4. Экономиканы зерттеу дењгейлері

5. Экономикалыќ саясат жєне оныњ маќсаттары

6. Экономикалыќ ресурстардыњ т‰рлері

7. ¤ндіріс факторлары

8. ¤ндіріс м‰мкіншіліктерініњ ќисыѓы

9. Экономикалыќ теорияныњ пайда болу жєне ќалыптасу кезењдері

10. ¦дайы µндіріс жєне оныњ кезењдері (µндіру, бµлу, айырбастау, т±тыну)

11. ¦дайы µндіріс типтері(жай, ±лѓаймалы)

12. Дєст‰рлі экономикалыќ ж‰йе

13. Єкімшіл-єміршіл экономикалыќ ж‰йе

14. Нарыќтыќ экономикалыќ ж‰йе

15. Аралас экономикалыќ ж‰йе

16. Меншік аныќтамасы. Меншік субъектілері мен объектілері

17. Меншіктіњ экономикалыќ маѓынасы

18. «Меншік ќ±ќыѓыныњ шоѓыры» Оноре тізімі

19. ЌР меншік ќатынастары (иелену, пайдалану, билеу)

20. Мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру

21. Ќазаќстан Республикасындаѓы мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру кезењдері

22. Жекешелнедіру єдістері

23. ЌР меншік формалары

24. Натуралды шаруашылыќ жєне оѓан тєн сипаттар

25. Тауарлы шаруашылыќ жєне оѓан тєн сипаттар

26. Тауар жєне оныњ ќасиеттері

27. Аќша: аныќтамасы, ќызметі

28. Аќция, облигация жєне т.б. баѓалы ќаѓаздар

29. Нарыќ: аныќтамасы жєне пайда болу жаѓдайлары

30. Нарыќтыќ механизм элементтері: с±раныс, ±сыныс, баѓа, бєсеке

31. Нарыќтыњ жіктелуі

32. Нарыќтыњ ќызметі

33. С±раныс аныќтамасы, зањы, ќисыѓы

34. С±раныстыњ баѓалыќ емес факторлары

35. ¦сыныс аныќтамасы. Зањы жєне ќисыѓы

36. ¦сыныстыњ баѓалыќ емес факторлары

37. Нарыќтыќ тењдік: тапшылыќ жєне артыќшылыќ

38. Талѓаусыздыќ ќисыѓы жєне бюджет сызыѓы

39. С±раныстыњ баѓа бойынша икемділігі

40. С±раныстыњ табыс бойынша икемділігі

41. Ќиылысќан икемділік

42. ¦сыныс икемділігі

43. Бірін-бірі толыќтыратын жєне бірін-бірі алмастыратын тауарлар

44. Бєсеке: аныќтамасы жєне т‰рлері

45. Таза бєсеке нарыѓы

46. Монополия: т‰рлері мен формалары

47. Монополистік бєсеке

48. Олигополия нарыѓыныњ сипаттары

49. Нарыќтыќ ќ±рылымныњ басќа т‰рлері (монопсония, дуополия, екі жаќты монополия, олигопсония)

50. Кєсіпкерліктіњ мєні, оѓан тєн сипаттар

51. Кєсіпкерліктіњ ±йымдыќ-ќ±ќыќтыќ формалары

52. Бизнес-жоспар ќ±рылымы

53. Капиталдыњ шењберайналымы

54. Негізгі жєне айналым капиталы

55. Шыѓындар: мєні мен т‰рлері

56. Фирманыњ жалпы, орташа жєне шекті пайдасы. Кµлем эффектісі жєне фирманыњ тењдігі

57. Ењбек нарыѓыныњ ерекшеліктері

58. Ењбекаќы: мєні, т‰рлері жєне формалары

59. Капитал нарыѓы. Пайыз капитал иесініњ факторлыќ табысы ретінде

60. Жер нарыѓыныњ ќызмет ету ерекшеліктері

61. Рента жєне оныњ т‰рлері. Жер баѓасы

62. Лоренц ќисыѓы

63. Пайда т‰сінігі. Бухгалтерлік жєне экономикалыќ пайда

64. Макроэкономикалыќ саясаттыњ маќсаттары мен ќ±ралдары

65. ¦лттыќ шоттар ж‰йесі жєне макроэкономикалыќ кµрсеткіштер

66. Жалпы ±лттыќ µнім жєне оны µлшеудіњ єдістері

67. Ж¦¤ дефляторы жєне оныњ т±тынушылыќ баѓалар индексінен айырмашылыѓы

68. Жиынтыќ с±раныс, аныќтамасы, ќисыѓы.

69. Жиынтыќ с±раныстыњ баѓалыќ жєне баѓалыќ емес факторлары

70. Жиынтыќ ±сыныс: аныќтамасы, ќисыѓы

71. Жиынтыќ ±сыныстыњ баѓалыќ емес факторлары

72. Ж±мыссыздыќ: аныќтамасы жєне т‰рлері

73. Инфляция: мєні мен т‰рлері

74. Ж±мыссыздыќтыњ табиѓи дењгейі. А. Оукен зањы

75. Ж±мыссыздыќ дењгейін есептеу

76. Филлипс ќисыѓы

77. Инфляция дењгейін есептеу

78. Мемлекеттіњ инфляцияѓа ќарсы саясаты

79. Экономикалыќ µсу типтері

80. Экономикалыќ µсу факторлары. Экономикалыќ µсуді µлшеу

81. Даѓдарыс сипаты

82. Депрессия сипаты

83. Тірілу сипаты

84. ¤рлеу сипаты

85. Экономикалыќ циклдердіњ типтері (Китчин, Жугляр, Кузнец, Кондратьев, Форрест, Тоффлер)

86. Даѓдарысќа ќарсы саясат

87. Аќша ж‰йесініњ мєні мен элементтері

88. Аќша агрегаттары

89. Несие: мєні жєне формалары. Несие беру шарттары

90. Несие т‰рлері.

91. ЌР банк ж‰йесініњ ќ±рылымы

92. ¦лттыќ банк, оныњ ќызметтері

93. Коммерциялыќ банктердіњ ќызметі. Операциялардыњ т‰рлері (активті жєне пассивті)

94. Елдіњ аќша-несие саясатыныњ ќ±ралдары

95. Ќаржы: мєні мен ќызметі

96. Ќаржылыќ ќатынастардыњ ќ±рылымы

97. Мемлекеттік бюджет, оныњ ќ±рылымы мен жаѓдайы

98. Мемлекеттік ќарыз: ішкі жєне сыртќы

99. Салыќ: мєні мен т‰рлері

100. Салыќ элементтері

101. Салыќ салу принциптері

102. Лаффер ќисыѓы

103. Салыќ ќызметі

104. Фискалдыќ саясат

105. Мемлекеттіњ єлеуметтік саясаты

106. Халыќаралыќ сауда. Наќты жєне салыстырмалы артыќшылыќтар теориясы

107. Протекционизм мен фритредерлік

108. Валюта жєне валюталыќ баѓам

109. Халыќаралыќ валюталыќ ж‰йелер

110. Мемлекеттіњ сауда жєне тµлем балансы

111. Еркін экономикалыќ аймаќ

112. Экономикалыќ интеграция

113. Капиталдыњ халыќаралыќ аѓымы

114. Ењбек ресурстарыныњ халыќаралыќ аѓамы

115. Жаћандыќ єлеуметтік-экономикалыќ мєселелер





Дата публикования: 2014-11-03; Прочитано: 497 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.026 с)...