Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Несиенің түрлері




           
     


Несиелік жүйенің негізгі элементтері:

І Орталық (эмиссиялық банк)

ІІ. Банктік жүйе:

- коммерциялық банктер

- жинақ банктері,

- инвестициялық банктер,

- ипотекалық банктер,

- басқа да мамандандырылған банктер.

ІІІ. Сақтандыру ұйымдары:

- сақтандыру компаниялары,

- зейнетақы қорлары.

ІҮ. Мамандандырылған банктік емес несие қаржылық институттар:

- инвестициялық компаниялар,

- қаржылық компаниялар,

- қайырымдылық қорлары және т.б.

Банк – (итальян сөзі - орындық) – уақытша басы бос ақшаларды жинақтап, оларды пайыз алу арқылы қарызға (несие) беретін негізгі экономикалық институт.

Банктердің функциялары:

1. Есеп айырысу мен несие беруде делдалдық қызмет атқару.

2. Ақшалай табыстар мен жинақтардың бір бөлігін капиталға айналдыру.

3. Айналымға несие құралдарын шығару (вексель, чек, банкнот)

Функциялар және операция жүргізу сипаты бойынша банктер бөлінеді:

- орталық эмиссиялық,

- инвестициялық, коммерциялық, депозиттік.

- жинақ,

- арнайы бағыттағы банктер.

Ақша массасы көлемінің банктің жаңа ақшаларымен ұлғаюы банктік

мультипликатор (м) арқылы есептеледі:

(1) m= ------- x 100%, мұндағы r – міндетті резервтік норма (%) немесе

r

М

(2) m= ------,

R

мұндағы М – депозиттердің өсуі,

R – міндетті резервтердің өсуі.

Міндетті резервтер – бұл әрбір коммерциялық банктер салымдарының бір бөлігін міндетті түрде сақтау қоры ретінде мемлекеттік Ұлттық банкте ұстауы қажет.

Қазақстан республикасы Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады:

- І дәрежеде – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі.

- ІІ дәрежеде – мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік банктер. 2001 жылдың басында Қазақстанда екінші дәрежедегі банктердің саны 47-ге жетті.

Қазақстан республикасы Ұлттық банктің қызметтері

мен міндеттері:

- мемлекеттер және коммерциялық банктермен белгілі бір келісім әрекет жүргізетін заңды тұлға;

- Қазақстан республикасының ақша несие жүйесін басқару;

- Қазақстан республикасы Ұлттық валютасының сыртқы және ішкі тұрақтылығын сақтау;

- Банктік есеп-шот және валюталық қарым-қатынастар жасау;

- Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- Ақша мен мемлекеттік құнды қағаздардың эмиссиясын жүргізу;

- Қазақстан республикасының Үкімет кепілдігі бойынша ішкі және сыртқы қарыздарды өтеу;

- Коммерциялық банктермен несиелік жүйенің басқа мекемелерінің іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

- Ұлттық банктің Қазақстан республикасы мүддесін әлемдік нарықта көрсетуі.

Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:

- Салымдар жинап, несие беру;

- Есеп айырысу операциялары және есеп шот жүргізу;

- Валюта және бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу;

- Несие беруде делдалдық қызмет атқару;

- Ломбардтық және сейфтік операциялар жүргізу және т.б.

Екінші дәрежедегі ең ірі банктер:

«Казкоммерцбанк», «Банк Тұран - Әлем», «Халықтық банк», «Нұрбанк» және т.б.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:

- өндіріс көлемін өсіру;

- толық жұмысбастылық;

- инфляцияны төмендету.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:

1. Ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банктің ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығарады. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.

2. Резервтік норманы өзгерту - ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резерв нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резерв көлеміне тікелей әсер ете алады.

3. Есептік ставканы өзгерту - коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе – несие көлемі өседі) Осы жоғарыда келтірілген 3 құралдарды қолдану – мемлекеттің «арзан ақша саясаты» және «қымбат ақша саясаты» деп аталады. Қазақстанда осы келтірілген құралдармен қатар, ақша айналысын реттеу үшін басқа да тәсілдер қолданылады.

4. Күрделі несиелік қаржының өсімін шектеу. Ұлттық банк коммерциялық банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін пайыздық норма арқылы шектеп отырады.

5. Ерікті келісімдер бойынша Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.

10-кесте.





Дата публикования: 2014-11-03; Прочитано: 406 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...