Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Таќырып. ¤ндіріс факторларыныњ нарыѓы жєне факторлыќ табыстардыњ ќалыптасуы



Лекция жоспары (1 кр. саѓ)

1. Ењбекаќы ењбектіњ баѓасы ретінде.

2. Капитал иесініњ табысы ретінде пайыз.

3. Жер рентасы – жер иесініњ факторлыќ табысы.

4. Пайда кєсіпкердіњ факторлыќ табысы ретінде.

Экономикада бөлу процесі өте маңызды рөл атқарады, ол өндірілген өнімдегі әрбір адамның үлесін, қоғам мүшелерінің табысы, әл-ауқат, тұрмыс дәрежесін сипаттайды. Бұл тақырыпта меншікке сәйкес өндіріс факторлары – еңбек, капитал, жер, сондай-ақ табыс нысаны – жалақы, пайда мен пайыз, жер рентасының мәні қаралады.. Бөлу баға арқылы жүзеге асады. Сондықтан, табыстар құрылуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны түсіну қажет.

Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.

Еңбек нарығына тән:

-. жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);

-.әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлер санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);

- еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі;

- жұмыс күші жалақының мөлшерімен бағалануы.

Қазіргі экономикалық теорияда жалақыны кең және тар мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада, жалақы - әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің жалпы еңбек ақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына еңбек ақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық ақылар кіреді. Тар мағынада, жалақы – пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы.

Жалақы номиналды және нақты түрінде ажыратылады.

Номиналды жалақы - ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбеккердің өз еңбегі үшін алған ақша сомасы.

Нақты жалақы - еңбеккердің алған ақша сомасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді. Нақты жалақы екі факторға тәуелді:

1. Номинальды жалақыға.

2. Еңбеккердің тұтыну және әл-ауқат тұрмыс дәрежесін сипаттайтын тауарлар бағасының деңгейіне.

Еңбектің бағасы ретінде жалақының жалпы дәрежесі графикте сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысуы арқылы көрініс табады. Еңбекке деген сұраныс қисығы тауарға деген сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс күшінің ұсыныс қисығы – тауар ұсынысының қисығымен ұқсас болады.

Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейін көтеруге және жалақыны өсіруге әкеледі, ал сұраныстың азаюы - жұмыспен қамту жағдайын, жалақыны төмендетуге әкеледі.

Жұмыс күші ұсынысының өсуі жалақының төмендеуіне, жұмыспен қамту жағдайын өсіруге әкеледі. Жұмыс күші ұсынысының азаюы жалақының өсуіне, жұмыспен қамту жағдайының төмендеуіне әкеледі.

График 6.1. Еңбек нарығы.  
Р   S     Е Ре P0 D     Qе Q Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысуы жалақының теңдік деңгейіне (Ре) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі. Егерде жалақы Ре-ден төмен болса сұраныс ұсыныстан артады, яғни еңбеккерлердің саны кем болады, ал, егерде жалақы Ре-ден жоғары болса, ұсыныс сұраныстан артады, яғни жұмыс күші саны артық болады. Р – жалақының мөлшері; Q – жұмыс орнының саны    

П.Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

- халықтың жалпы санымен;

- жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;

- белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);

- халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес. Осы көрсетілген факторлармен қатар, керісінше әсерін тигізетін теорияда екі фактор бар. Бұл алмастыру эффектісі - жұмыс орнын қамту тиімділігі мен табыс эффектісі (тиімділігі).

Алмастыру эффектісінің пайда болу себебі жалақының өсуімен байланысты. Жалақы өскен кезде әрбір атқарған сағатқа көп ақы төленеді. Яғни ысырап болған бос уақыт пайда болады. Осы пайда болған бос уақыт шығынды ұлғайтады, сондықтан, еңбеккер бос уақытты қызметке жұмсаудың қажеттілігін түсініп, ол бос уақытын қосымша жұмыспен алмастыруға тырысады. Бұл жұмыс күші ұсынысының өсуіне әкеледі.

Табыс эффектісінің әсері алмастыру тиімділігіне қарсы бағытта қызмет атқарады. Жалақының өсуіне еңбеккер өзінің бос уақытын өсіру мүмкіндігі ретінде қарайды, яғни жалақы өскен кезде еңбекті қысқарту көрінеді. Бос уақытының өсуі еңбек ұсынысының төмендеуіне әкеледі.





Дата публикования: 2014-11-03; Прочитано: 499 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...