Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Нақты тәжірибеде жалақының әр түрлі формалары кездеседі




Жалақыны екі незгізгі формаға бөлуге болады:

- мерзімдік жалақы - еңбектердің нақты атқарған жұмыс уақытының шамасына байланысты төленеді;

- кесімдік жалақы - еңбеккердің қажетті сапада өндірген өнімінің мөлшеріне байланысты төленеді.

Осы көрсетілген жалақының формалары өз кезегінде бірнеше жүйеден құралады.

Жалақының формалары


МерзімдіКесімді

           
     
 
 


Жай мерзімді Мерзімді сыйлықты Тікелей кесімді     Аккордты
           
      Кесімді прогрессивті Кесімді сыйлықты  
               

Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың теңсіз бөліну деңгейің графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.

График 6.2. Лоренц қисығы.
  % табыс   100 С         20 В D А 20 40 60 80 100 % отбасы АС-түзу сызықта абсолюттік теңдік көрсетілген, яғни 20% отбасы 20 % табыс алады. АВС—табыстың нақты бөлінуі. Табыстарды бөлудегі теңсіздіктің нақты деңгейі “Джинни коэффициентімен” есептеледі. Коэффициент өскен сайын табысты бөлу теңсіздігі де өседі. АВС ауданы Кдж = ———————— АДС ауданы

Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады:

- өндіргіш капитал - өндіріс құрал – жабдықтары.

- ақшалай капитал – ақша.

Капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі, Капиталдың өсімі – пайыз деп аталады. Несие пайызы – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие пайызы капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады.

Капиталға деген сұраныс инвестицияның пайдалылығына, экономиканың дамуына, мемлекеттің сұранысына, салым мерзіміне, салым салу саласына, тәуекелге және басқа да факторларға тәуелді.

Несие пайызы номиналды және нақтылы мөлшерілеме болып бөлінеді. Номинальды мөлшерлеме – бұл инфляцияның өсімін есепке алмай, ағымдағы нарықтық пайыздың мөлшерлемесі. Нақтылы мөлшерлеме - номинальды мөлшерлеме мен алдағы болатын инфляцияның өсімі арасындағы айырмашылық. Мысалы:

жылдық номинальды мөлшерлеме – 15%,

алдағы уақытта инфляцияның өсімі – 7 % (жылына)

нақтылы мөлшерлеме (15-7) = 8%

Жер - ауыл шаруашылығының басты өндіріс құралы ғана емес, ол бүкіл адам баласының “ кіндік кескен ауылы ” және “ асырайтын анасы ”.

Жер - қоғамдық өндірістің негізі болғанымен оның салаларында әртүрлі қызмет атқарады. Мысалы, өндеуші өнеркәсіп үшін ол - кәсіпорын орналасатын алаң, ал ауыл шаруашылығы үшін жер әрі еңбек құралы, әрі еңбек заты болып саналады. Еңбек заты дегеніміз – жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп, онда өнім өсіріледі. Ал, еңбек құралы болатын себебі - тұқымды сепкен күннен бастап өнімді өсіру қызметін Жер-ана атқарады.

Жердің өндіріс құрал-жабдығы ретінде ерекшеліктері бар, олар, біріншіден, жердің кеңістік жағынан шектеулілігі, екіншіден, жер адам іс-әрекетінің өнімі емес, табиғаттың жемісі, сондықтан, оның құны жоқ, бірақ табыс әкеледі, сатып алынады және сатылады, яғни бағасы бар. Осы айтылған ерекшеліктерге байланысты жерге деген жердің ұсынысы икемсіз.

Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді:

1. Жердің құнарлылығы;

2. Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.

Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем.

Жер рентасының екі түрі бар: дифференциальды және абсолютті.

Абсолюттік рента – бұл жер иелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан, нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді.

Сондықтан, нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді.

Дифференциальды рентаның қайнар көзі құнарлығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме пайдасы болып табылады.

Дифференциалды рента екі түрде болады:

1. Жердің табиғи құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың жал төлемі ретінде жер иелеріне көшуін дифференциальды І рента деп атайды.

2. Жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалды ІІ рента деп атайды.

Жердің экономикалық құнарлылығын арттыру дегеніміз - жерді интенсивті игер келуі, яғни жаңа өндіріс құрал-жабдығын, сапалы тұқымдар, тыңайтқыштар т.б. қолдану арқылы.

Жерге жеке меншік болғандықтан, ол да тауар ретінде сатылуы мүмкін. Тәжірибеде жердің бағасы екі жағдайға: жер рентасына және банктің пайыз шамасына байланысты қалыптасады.

Жердің бағасы рентаға тура қатынаста да, несие пайызына кері қатынаста болады.

R

ЖБ = ———— х 100%

S

Мұнда: R – рента, S – несие пайызы ЖБ – жер бағасы.

Сонымен, жалақы, пайыз және рента – бұл өндіріс факторларын пайдаланғаны үшін алынатын табыстар.

Бірақ та, жалақы, пайыз және рента қайсыбір шаруашылық субъектілеріне (өндіріс факторларын ұсынушыларға) табыс әкеледі де, ал басқа субъектілерге (өндіріс факторларын сұрайтындарға) - шығындар болып табылады.





Дата публикования: 2014-11-03; Прочитано: 599 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...