Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Омыртқалылардын тері жабындысы ( эпидермис ж/е дерма) қурылысынын ерекшеліктерін корсетініз



Барлық омыртқалылардың тері жамылғысы 2 қабаттан тұрады. Олар эпидермис және дерма қабаты. Эпидермис қабаты: Дөңгелекауыздылардың эпидермисі көп қабатты, эпидермис клеткалары мен оте коп сілемейлі және түйіршікті бездерден тұрады. Шеміршектібалықтардың э пидермисінің ерекшелігі сол оның коптеген(19қабатка дейін) эпители клеткаларының арасында жалгыз жарым сілемейлі немесе түйіршікті бездері болуы немесе мүлдем болмауы. Сүйекті балықтардың эпидермисі коптеген алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Көптеген сійекті балықтардың эпителиалді жабыны (25 қабатка дейін) дөңгелек ауыздылардағыдай өте көп сілемейлі бездерден тұрады.Тунецтің эпителиінде мукоциттер жок. Қосмекенділердің эпителиалді жабыны ихтиойтты типті,бірақ эпидермис қабатының саны аз (2-5 дейін сирек 10 га дейін) Амфибия дернәсілінің эпидермисі өте көп бір клеткалы сілемсейлі бездерге бай, метоморфоздан кейін олар жойылады және көп клеткалы бездермкен алмасады. сонгылары терінің дәнекер бөліміне еніп жаткан эпидермистің негізгі қабатының клеткалары есебінен дамиды мұндай без жай қапшық тәрізді. Оның қабырғасы 1 қабаты 2 жақты: бездің ішкі құрылысы секрет бөлетін сілемейлі және безді клеткалардане тұрады. Бездің сырты шығу тегі жағынан нейроэктодермальд бұлшықет қабығымен қапталған. Рептилиялар мүйізді қабыршақтың дамуы барысында эпидермистің жергілікті осуі 12 16 қабатты клеткалардан тұратын эпитилиялді төмпешіктің п.б алып келеді, бұл жерге мезодермальды бұлшық ет ашылады.10-14 жуық қабаттары бар бұл төмпешік мүйізді қабыршақтың құрамына кңреді, ал астыңғы 2-3 қабаты мүйізденбейді. Үстіңгі қалған тірі клеткалар қабаты бөлгіш қабат деп аталады, ал астыңғысы мүйізденуші қабаттың келесі ұрпағын құрайды. Қорыта айтқанда бөлгіш қабат мүйізді қабыршақтардың 2 генерациясының аралығында орналасады. бөлгіш қабат кілеткаларының өлуі мүйізді қабыршақтың үстіңгі бетінің түсуіне алып келеді. Осыдан кейін жас қабыршақ үстіңгі бетке шығады. Құстардың э пидермис қабатының саны рептилияларга қарағанда біршама аз, мүйізді қабаты да өте жұқа. Құстардың эпидермисінің туындылары қауырсын, тұмсықтың мүйізді қабыршығы, айақтарындағы мүйізді қабыршықтары. Сүтқоректілердің эпидермисі үстінен мүйіздене беретін көп қабатты. Әдетте эпидермисте 5 қабатты көруге болады. Эпидермистің қалың қабатындағы базальды кілеткалар призма тәрізді, жұқа қабаты –олар жалпақ және шоқтанып орналасады. Тікенді қабаттың клеткалары куб тәрізді, сыртқа қарай қозғалуына байланысты олар жалпақтанып,полиганальды пішінге ие болады.Базальды және тікенді қабаттардың клеткалары митозды бөлінуге белсенді.Түйіршекті қабат терінің барлық учаскесінде болмайды.Эпидермистің жұқа қабатында ол болиауы мүмкін, ал қалың эпидермисте құрамында кератогиалинді туындылары бар полигоалды пішінді клеткалардың 4-5 қабатынан тұрады.Жылтыр қабат тек қалың эпидермисте байқалады.Кератогиалин дәндері бір-бірімен қосылады және элейдин құрайды.Сүтқоректілердің терісіне тән нәрсе түктің болуы.Түктің қауырсыннан ерекшелігі, түк мезодермасы компонентсіз таза эпителиальды құрылысты,олдерменың эпидермиске индукциялық әсерінен дамиды.Сүтқоректілердің түктері бірдей емес және олар сезгіз түктер(вибристер),қылшықтар және түбіттер категорияларына бөлінеді.Вибристер немесе сезгіш түктердің өзектері ұзын әрі жуан.Вибристер баста(мұрт,қас),құрсақта,төсте,табандары мен мойнының астыңғы жағында жиі орналасады.Қылшық тіктер тері жамылғысының үстіңгі қабатын құраса,төменгі қабатында жұқа түбіт орналасады.Пішіні ұршық тәрізді,қалың.Түбіт жылу сақтауда маңызды роль атқаратын, қалың түк асты қабатын құрайды.Эпидермистің мүйізді қабатына түктен басқа тұяқ,тырнақ,тайтұяқ сияқты кератинді құрылымды саусақтарының ұшына киілетін өнімдер де жатады.Бұлардың түп негізі-тұяқ.

Дерма қабаты: Омытқалылар дермасының мезенхимасынан балықтардың қабыршақтарымен дермальды сүйектер дамиды.Ежелгі балықтар мен амфибиялардағы бұл қатты туындылар денені толыұтай жауып жататын күшті тері сауытына айналған.Қазіргі заманғы балықтардың терісіндегі қорғаныш құрылымы – негізінен плакоидты,ганоидты, космоидты және сүйекті қабыршақтар.Шеміршекті балықтарға плакоидты қабыршақтар тән, ал сүйекті балықтарға цеклоидты, ктеноидты қабыршақтар тән.

36 Плакойдты қабыршақтың құрылысын көрсетіңіз, балықтардың қабыршақтарының типтері.

Балықтардың денесі түрлі құрылысты қабыршақтармен қапталған.Олар: плакойдты космойдты, ганоидты, сүйекті қабыршақтар. Шеміршекті балықтарда дерма қабатының туындысы плакойдты қабыршақ. Ол сыртқы эмаль, оның астында жатқан дентиннен тұрады. Дентиннің асты қуыс, оны пульпа деп атайды. Шеміршекті балықтардың жақтарындағы майда тістері-плакоидты қабыршақтың түрі өзгерген формасы болып табылады. Ал сүйекті балықтарда дерманың туындысы космоидты, ганоидты жәек сүйекті қабыршақтар. Сүйекті балықтарда плакоидты қабыршақ болмайды. Олардың плакоидты қабыршақтан ерекшелігі жануардың барлық тіршілігінде өседі және ешуақытта алмаспайды.

Балық қабыршақтарының түрлері: А-циклоидты, Б-ктеноидты

37. Жорғалаушылар, құстар және сүтқоектілер тері жабындысы құрылысының ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Сүтқоректілердің тері жабыны басқа омыртқалыларға ұқсас екі қабаттан тұрады: Сыртқы эпидермис және ішкі дерма немесе нағыз тері қабатынана тұрады. Сүтқоректілердің эпидермисі үстінен мүйіздене беретін көп қабатты. Әдетте эпидермисте 5 қабатты көруге болады. Эпидермистің қалың қабатындағы базальды кілеткалар призма тәрізді, жұқа қабаты –олар жалпақ және шоқтанып орналасады. Тікенді қабаттың клеткалары куб тәрізді, сыртқа қарай қозғалуына байланысты олар жалпақтанып,полиганальды пішінге ие болады.Базальды және тікенді қабаттардың клеткалары митозды бөлінуге белсенді.Түйіршекті қабат терінің барлық учаскесінде болмайды.Эпидермистің жұқа қабатында ол болиауы мүмкін, ал қалың эпидермисте құрамында кератогиалинді туындылары бар полигоалды пішінді клеткалардың 4-5 қабатынан тұрады.Жылтыр қабат тек қалың эпидермисте байқалады.Кератогиалин дәндері бір-бірімен қосылады және элейдин құрайды.Сүтқоректілердің терісіне тән нәрсе түктің болуы.Түктің қауырсыннан ерекшелігі, түк мезодермасы компонентсіз таза эпителиальды құрылысты,олдерменың эпидермиске индукциялық әсерінен дамиды.Сүтқоректілердің түктері бірдей емес және олар сезгіз түктер(вибристер),қылшықтар және түбіттер категорияларына бөлінеді.Вибристер немесе сезгіш түктердің өзектері ұзын әрі жуан.Вибристер баста(мұрт,қас),құрсақта,төсте,табандары мен мойнының астыңғы жағында жиі орналасады.Қылшық тіктер тері жамылғысының үстіңгі қабатын құраса,төменгі қабатында жұқа түбіт орналасады.Пішіні ұршық тәрізді,қалың.Түбіт жылу сақтауда маңызды роль атқаратын, қалың түк асты қабатын құрайды.Эпидермистің мүйізді қабатына түктен басқа тұяқ,тырнақ,тайтұяқ сияқты кератинді құрылымды саусақтарының ұшына киілетін өнімдер де жатады.Бұлардың түп негізі-тұяқ.Сүтқоректілердің эпидермисінен май, тер, сүт, иіс шығаратын бездері болады. Тері безі түтік пішінді астыңғы бөлімі қошқар мүйізденіп бітеді, терінің құрамы су, еріген мочевина әртүрлі тұздар. тер 2 түрлі қызмет атқарады 1-ші температураны бір қалыпты ұстау, 2-ші денеден ыдырау өнімдерін шығару. Май безі сүт-дің бәрінде бар, түк қапшығына ашылып, түктерді эпидермистің сыртқы қабатын майлап механикалық,химиялық қолаайсыз әсерлерден сақтайды.Иіс бездері тері немесе май бездерінің өзгерісі кейбіреулерінде екеуінің қосындсы. Бұл бездер дененің әр жерінде орналасады. Мысалы: Тұяқ арсында, құйрық түбінде, қолтық немесе шапта т.б жерлерледе орналасады. Қызметі: қорғаныш, територияны белгілеу, көбею кезіңде жыныстық күйітті қоздыру. Сүт бездер і –тері безінің өзгерген түрі.Бұл барлық сүт-де болады, саны-2-24 ке дейін. Құстардың тері жабыны сүтқоректілер терісі сияқты үш қабаттан, яғни эпидермистен, негізгі тері қабаты-дермадан және теріасты қабаты шелден тұрады.Сүтқоректі жануарлардан құстардың негізгі айырмашылығы құстар терісінде тері және май бездерінің болмауы.Бірақ ең соңғы құйымшақ омыртқасының жоғарғы жағында май бөлетін құйымшақ безі болады.Олтері қауырсындарын майлап тұрады. Бұл без, әсіресе суда жүзетін құстарда жақсы жетілген.

Қауырсын. Құстың сыртынан қауырсын жауып жатады.Құс қауырсыны сояудан және мамықтан тұрады. Сояу –scapus өз кезегінде қалам мен сабақтан құралған.Қалам–calamus қауырсын сояуының теріге еніп тұратын бөлігі. Ал, сабақ-rachis-мамықты ұстап тұратын қалған бөлігі.Мамық–vexillum-сабақтан қарама-қарсы бағыттарда тарамдалған күрделі тарамнан құралады. Сабақтан ең әуелі қарама-қарсы жаққа бұтақтар- rami - бұтақтардан сәулелер - ralii- сәулелерден қармақшалы ілгектер-hamulus radioli-тарамдалады. Қармақшалы ілгектер бір-бірімен ілінебайланысып,мамық түзеді.Қауырсындар терінің сыртқы жамылғысын түзеді.Денедегі орналасу орны мен атқаратын қызметіне байланысты қауырсындар бірнеше түрге бөлінеді.Оларға жамылғы немесе жабынды мамық,қағу және бағыттау қауырсндар жатады.Жамылғы қауырсындар–pennae-теріні сыртынан қаптап, құс денесіне белгілі пішін береді.Айта кету керек,жамылғы қауырсындары терінің барлық бетінде болмайды.Олар терінің белгілі аймақтарынан ғана,өздерінің өсіп шығу бағыттарына сәйкес денені сыртынан жауып жатады.Сондықтан,олар құстар денесінің арнаулы бөліктерінде ғана дамиды.Мамық қауырсындар plumae*ұсақ,жұмсақ болып келеді.Олар жамылғы қауырсындардың астында орын тебеді.Бұл қауырсындардың сәулелерінде қармақшалы ілгектер болмайды.Бұл құстардың дене қызуын бірқалыпты деңгейде ұстап тұрады.Ауа ағымына төзімді ұзын да,жалпақ қағу қауырсындары–remige құс қанатының негізгі бөлігін құрайды.Олар ұшу кезінде бірбірінен ажырап жайылып,көлемін кеңейтеді де құстардың ұшуын қамтамасыз етеді.Құстың ұшып-қонуына оның құйрығында орналасқанбағыттаушы қауырсындардың маңызы зор.Құс денесінде оның тұлғасымен қанаттың тоқпан жілігі аумағы аралығында ұшуға үлкен көмек көрсететін ерекше терілі қатпар ұшужарғағы болады.Жарғақтың негізін ұшу кезінде созылыпжиырылуды қамтамасыз ететін серпімді жарғақ пен бұлшықеттер түзеді.Құстың артқы аяқтарының жіліншік және саусақ аумақтары қабыршықтармен қапталған,саусақтарының ұштарына тырнақтары болады.Суда жүзетін құстар саусақтарының аралығында,ескек қызметін атқаратын тері жарғақтары болады.Сонымен қатар,құстардың тек өздеріне тән тері туындылары да балады.Оларға:мүйізді тұмсық(тұмсықүсті және тұмсықасты),айдар,сырғалық,сақалдық тағы басқа тері туындыларын жатқызуға болады.Бұлар құстардың жынысына байланысты әр түрлі дәрежеде жетіледі.

Жорғалаушылардың тері жабындысы.. Рептилиялар мүйізді қабыршақтың дамуы барысында эпидермистің жергілікті осуі 12 16 қабатты клеткалардан тұратын эпитилиялді төмпешіктің п.б алып келеді, бұл жерге мезодермальды бұлшық ет ашылады.10-14 жуық қабаттары бар бұл төмпешік мүйізді қабыршақтың құрамына кңреді, ал астыңғы 2-3 қабаты мүйізденбейді. Үстіңгі қалған тірі клеткалар қабаты бөлгіш қабат деп аталады, ал астыңғысы мүйізденуші қабаттың келесі ұрпағын құрайды. Қорыта айтқанда бөлгіш қабат мүйізді қабыршақтардың 2 генерациясының аралығында орналасады. бөлгіш қабат кілеткаларының өлуі мүйізді қабыршақтың үстіңгі бетінің түсуіне алып келеді. Осыдан кейін жас қабыршақ үстіңгі бетке шығады. Амфибиялардан ерекше.Қазіргі бауырымен жорғалаушылардың жамылғыларында тері бездері өте аз.Әдеттегідей екі бөлімнен – эпидермис және дерма қабатынан тұрады. Эпидермисі көпқабатты, тығыз әрі мүйізденген. Эпидермисінің мүйізді қабатының пішіні алуан түрлі болып келетін қабыршақтар, тікенекті, тұяқтар тәрізді болып келеді. Кейде мүйізді туындыларының астында терілі сүйектену түзіледі. Терінің дәнекер ұлпасы бірнеше қабаттан тұрады. Сыртқы борпылдақ қабат мүйізді қабыршақтың емізікшесінен, ішкісі тығыз коллаген талшығынан қалыптасады.

38. Балықтар мен қосмекенділердің дене қаңқасының бөлімдерін көрсетіңіз.

Қосмекенділердің қаңқасы – краниальды (бас сүйектің қаңқасы) және посткраниальды (омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтарының және жамбас белдеуі менартқы аяқтарының қаңқасы) деп бқлінеі. Бассүйектің қаңқасы мен ми сауытынан (нейрокраниум) және оның висцеральды (спланхнокраниум) бөлімінен тұрады. Ми сауыты шүйде, бүйір, қақпақ және астыңғы бөлімдерге бөлінеді. Вицеральды қаңқада жақ доғалары және тіл асты доғасы болады, ересектерінде желбезек доғалары (құрлықта тіршілік ететіндерде) болмайды. Омыртқа жотасы 4 бөлімнен: 1ғана омыртқадан тұратын мойын бөлімінен, 7-300 омыртқадан тұратын кеуде бөлімінен, 1 ғана омыртқадан тұратын сегізкөз бөлімінен және құйрықсыздарда бәрнеше омыртқалардың бірігуінен уростиль деп аталатын бір сүйектен құрылған құйрық бөлімінен тұрады, ал құйрықтыларда омыртқа саны әртүрлә болып келеді. Омыртқалары амфицельді (қос ойысты), процельді (алды ойыс, арты дөңес), опистоцельді (алды дөңес, арты ойыс) типті. Иық белдеуі жауырын, бұғана, коракоид және төс сүйектен түзілген. Алдыңғы аяқтары қолдың қары (тоқпан жілік), білектен (кәрі жілік), қол басынан тұрады. Соңғысы білзіктен, алақаннан және саусақтардан құралған. Жамбас белдеуі -3 сүйектен (мықын, шат және шонданай сүйектердің бірігуінен пайда болған) тұрады. Артқы аяқ сан (ортан жілік), балтыр немесе сирақ (асық жілік) және табаналды бөлімдерінен бөлінген. Соңғысы өкше, табан және башпайлар деп бөлінеді. Балықтардың қаңқасы краниальды және посткраниальды болып бөлінеді. Краниальді қаңқа нейрокраниуммен және спланхнокраниумнен тұрады. Нейрокраниум не ми сауыты миды тұтастай қоршап жатады. Ол иіс сезу капсуласы, көз шарасы және есту капсуласы деп аталатын бөлімдерге жіктелген. Ми сауытының типі платибазальды, яғни мидың алдыңғы бөлімдері көз шарасының алдына қарай орналасқа, түбі жалпақ. Көп тешген басқа омыртқалыларда ми сауытының типі тропибазальды, яғни түбі жіңішке, ми көз шарасының артына қарай орналасқан. Спланхнокраниумнемесе бас сүйектің висцеральды бөлімнен 3 доғадан жақ доғасы, тіл асты доғасы және желбезек доғасына тұрады. Жақ доғасы үстіңгі жақтан және сүтіңгі жақтан түзілген. Үстіңгі жақ бір ғана шеміршек таңдай шарасы шеміршектен, ал астыңғы жақбір ғана шеміршектен Меккель шеміршегінен тұрады. Тіл асты доғасы 3 элементтен үстіңгі жұп гиомандибуляре, жұп гиоид және соңғысын байланыстыратын тақ копуладан тұрады. Спланхнокраниум элементтері ми сауытымен 3 түрлі жолмен байланысады. Олар: амфистилия, гиостилия және аутостилия.

39.Жорғалаушылар мен құстардың дене қаңқасының бөлімдерін көрсет.

Жорғалаушылардың қаңқасы қосмекенділерге ұқсас; краниальды және посткраниальды қаңқадан тұрады.Бірақ омыртқа жртасы мойын,кеуде,бел,сегізкөз және құйрық бөлімдеріне бөлінген.Омыртқаларының жалпы саны түрлерге байланысты 50-80-ге жетеді.Соның ішінде мойын бөлімінде 7-10,кеуде-бел бөлімінде 16-25,сегізкөзде2,құйрық бөлімінде15-40 омыртқа болады.Бірінші мойын омыртқа немесе атлант не атлас,ал екінші мойын омыртқа эпистрофей деп аталады және өздеріне тән құрылысымен ерекшеленеді.Омыртқалар амфицельді,процельді және опистоцельді. Қабырғалары бар,көкірек қуысы пайда болған.Иық белдеуімен алдыңғы аяқтарының және жамбас белдеуі мен артқы аяқтарының қаңқасы қосмекенділердікендей,бірақ сүйектенген.Ерекшелігі;алақан,сүйектері кәрі жілікпен майда сүйектер арқылы байланысқан,мұндай байланысты интеркарпальды байланыс,ал сирақ не асықты жілік табанмен майда сүйектер не интертарзальды байланысқан. Құстардың қаңқасы - ұшуға бейімделгендіктен құстардың қаңқасында елеулі өзгерістер болды.Сүйектері жеңіл,іші қуыс,онда ауа болды, көпсүйектері бір-бірімен тұтасып кеткен.Омыртқа жотасы 5 бөлімнен(мойын,арқа,бел,сегізкөз,құйрық) тұрады.Тек мойын бөліміндегі және құйрықтың шамалы омыртқалары бір-бірімен қозғалмалы байланысқан,ал қалған бөлімдері және жамбас сүйектері өзара бірігіп,күрделі сегізкөз деп аталатын сүйекті құрайды.Бұл тек құстарға ғана тән нәрсе.Құйрық бөліміде бірігіп кеткен,ең соңғысы – пигостиль,ол жерде құймышақ безі орналасқан.Төсінде қыр сүйегіболады,ол ұшатын құстарда жақсы дамыған.Төс сүйегінің құрылыс ерекшелігіне қарай құстар қырлы төстілер,жайдақ төстілер депте бөлінеді.Қырлы төстілер(ұшатын құстар депте аталады) жақсы ұшады.Ал жайдақ төстілер не жүгіретін құстар ұша алмайды,тек жақсы жүгіреді,бұларға түйеқұстар жатады,ал пингвиндердің төс сүйегінің қыры шамалы ғана жетілген,бірақ бұл құстар өте жақсы жүзеді.
40) Сүтқоректілердің дене қаңқасының бөлімдерін көрсетіп беріңіз.

Сүтқоректілердің дене қаңқасы – басқа төртаяқтылардың қаңқасына ұқсас, бірақ ерекшеліктері де бар. Олардың бастылары: 1-бас қаңқасының сүйектері ересектерінде бір-бірімен тұтасып кеткен және ми сауыты ауыз омыртқамен (атлант,атлас) 2 ілмешек арқылы байланысқан; 2-астыңғы жақ тіс сүйегінен және тәжі өсіндісінен тұрады (басқа омыртқалыларда болатын буын және шаршы сүйектер есту сүйектеріне айналған); 3-омыртқа жотасының мойын бөлімін құрайтын омыртқалар саны – 7 (сирендерде, ламантиндерде – 6, жалқау аңдарда – 8-10); 4 – иық белдеуі көпшілігінде 1 сүйек – жауырын сүйегінен тұрады. Омыртқа жотасы 5 бөлімнен түзілген. Олар: 1-мойын, 2-кеуде немесе арқа, 3-бел, 4-сегізкөз және 5-құйрық. Басқа омыртқалылардан ерекшелігі омыртқа денесінің беттері тегіс, яғни платицельді. Сүтқоректілердің мойнының ұзын-қысқа болуы оның санына емес, омыртқа денесінің үлкенді-кішілігіне байланысты (мысалы, жираф пен көртышқан – омыртқа саны бірдей). Кеуде бөлімінде 12-24 омыртқа болады, қабырғалар бар, олардың 7 жұбы төс сүйекпен байланысады, яғни нағыз қабырғалар, ал 5 жұбы байланыспайды, жалған немесе сүбе қабырғалар д.а. Бел бөлімінде 2-9 омыртқа, сегізкөзде бір-бірімен тұтасып кеткен 4-10 омыртқа, олардың 2-уі ғана нағыз сегізкөз, ал жыртқыштарда 3-і нағыз омыртқалары болып саналады. Құйрық бөлімінде 3-тен (гибонда) 49-ға (ящерлер) дейін жетеді. Төс сүйегі – жарқанаттар мен көртышқандарда бір сүйектен және оның қыры болса, басқаларда 6 сүйек тақтайшасынан тұрады.

Бассүйектің (краниальды) қаңқасы – ми сауытынан (нейрокраниум) және оның висцеральды (спланхокраниум) бөлімінен тұрады. Висцеральды бөлімі – үстіңгі, астыңғы жақтардан және тіласты сүйектерінен тұрады.

Алдыңғы аяқтардың және олардың иық белдеуінің, артқы аяқтардың және жамбас белдеуінің құрылысы төртаяқтыларға ұқсас. Құстардан ерекшелігі: сүтқоректілердің жамбасы жабық типті, басқа омыртқалылардан аздаған ерекшелігі сол: 1-сүтқоректілерде алақан, білезік, өкше, табан сүйектері бірігіп кеткен, 2-табан сүйектерінің екі бүйірінде тілерсек сүйегі, 3-асық жілік пен ортан жіліктің түйіскен жерінде дөңгеленген тобық сүйегі орналасады. Саусақтарының саны да түрліше – 1,2,3,4,5 болып келеді.

41.Сүйекті балықтардың бассүйегінің шүйде, төбе, астыңғы және бүйір бөлімдеріндегі сүйектерді атап беріңіз. Хондральды және жабынды сүйектердің туындыларын белгілеп беріңіз.

Көксеркенің бас қаңқасының бүйірінен көрінісі:

1 – көзмаңы сүйектері,2 – жас сүйегі,3 – таңдай сүйегі,4 – шаршы сүйек,5 – қанат сүйектері,

6 – байланыстырушы сүйек,7 – жақалды сүйек,8 – жоғарғыжақ сүйегі,9 – тіс сүйегі,10 – бұрыш сүйегі,11–аспа,12 – симплектикум,13 – гиоид,14 – гиоидтың копуласы,15 – қақпақ сүйегі,

16 – қақапақалды сүйегі,17 – қақапақасты сүйегі,18 – қақпақаралық сүйек.

42.Сүйекті балықтардың бас қаңқасының висцеральды бөліміндегі сүйектерді атап беріңіз.

Висцеральді бөлігі шеміршекті балықтардікіне ұқсас: жақ,тіласты ж/е желбезек доғаларынан тұрады.Үстіңгі жақ бқлімінде алғашқы жақпен қатар екінші жақ сүйектері п.б.Олар қорегін ұстауға,ауыз қуысында ұстап тұруға көмектеседі.Тіласты доғасы ұқсас,яғни жұп гиомандибуляре,жұп гиоид және тақ копуладан түзілген.Желбезек доғалары 4,5 желбезектен құралған.Шеміршекті балықтардан өзгешелігі желбезектерінің сыртынан сүйекті қақпақ жапқан.Ол 4 сүйектен-қақпақ,қақпақалды,қақпақарты ж/е қақпақаралық суйектерден тұрады.

45. Қосмекенділер мен жорғалаушылардың аяқ-қолдарының қаңқасын, иық және жамбас белдеулерінің құрылыс ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Қомекенділердің (Амфибия) Иық белдеуі. Доға тәрізді, оның жоғарғы ұшы жануардың құрсақ бөліміне қарай иілген. Доғаның әрбір жотасы (оң, сол) мына сүйектерден құралады. Жоғарғы (арқа жақ) бөлімі жауырыннан және оның етек жағы жалпақ жауырын үсті шеміршектен тұрады. Төменгі (құрсақ) бөлімі коракоидтан және оның алдыңғы жағында жатқан прокоракоидтан құралады. Оның үстінде шеміршекті бұғана орналасады. Осы үш сүйекті біріктіретін буын оязы п.б. амфибилерде дамыған қабырғаларының болмауына байланысты, көкірек қуысы болмайды. Иық белдеуі бұлшық еттердің арасында боса жатады. Жамбас белдеуі. Үш жұп сүйектен пайда болған. Олардың ұштары түйісіп, жамбас шұңқырын құрайды. Ұзын мықын сүйегі өзінің проксималдық ұшымен сегізкөз омыртқасының көлденең өсіндісіне бекінеді. Шеміршекті шап сүйегінің арт жағында шонданай сүйегі орналасқан. Аяқ сүйегі бес саусақты. Үш бөлімге бөлінген: 1. Алдыңғы аяқтарында тоқпан жілік, артқы аяқтарында ортан жілік 2. Алдыңғы аяғы кәрі жілік (шыбық, шынтақ бөлімдері), артқы аяғы асықты жілік (асықты жілік, асықты жілік шыбығы) 3. Алдыңғы аяғы қол басы сүйектеріне, артқы аяқтарында табан сүйектерінен тұрады. Жорғалаушылардың Иық белдеуі: Амфибилердегідей үш сүйектен қалыптасады. Иық белдеуінің құрсақ жағында тоқпан жіліктің басы еніп тұратын шұңқыры бар коракоид болады. Иық белдеуінің арқа жағы – жауырыннан және жауырын үсті шеміршегінен тұрады. Коракоид төспен байланысады, алдыңғы жағында бұғана жатады. Крест тәрізді төстің сүріншегі бұғана мен коракоидтың арасын жалғастырып тұрады. Жамбас белдеуі. Мықын сүйектен және шонданай сүйектен және шап сүйектен тұрады. Аяқтарының құрылысы, бес саусақты организмдердің аяқтарының құрылысына ұқсас.

Бақаның иық белдеуі жəне алдыңғы аяғы:

1 – жауырын, 2 – жауырын үсті шеміршек, 3 – корокоид,

4 – прокорокоид, 5 – бұғана, 6 – тіс, 7 – тісалды,

8 - корокоидүсті шеміршек, 9- тістің шеміршекті бөлігі,

10– тісалды шеміршегі 11 – тоқпан жілік, 12 – қол білегі,





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 3528 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...