Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ланцетник басcүйексіздердің өкілі. Қазақша атауы -қандауырша. Латынша атауы - Branchiostoma lanceolatum



Тип:Жартылайхордалылар - Hemiсhordata

1.Класс: enteropneusta-Ішектыныстылар

2.Класс: Pterobronchia-Қанаттылар

Жартылайхордалылар (Hemichordata)- Жартылай хордалылардың барлық өкілдері теңіздерде тіршілік етеді,кейбіреулері колония түзейді.Қазбадан табылған формалардың арасында граптолиттердің еркін жүзетін колонияларда болған.Қазіргі уақытта ж.х-дың 100-ге жуық түрі белгілі.Ж.х екі жақты симметриялы,3 сигменттен тұратын целомды жануарлар.Денесі 3 бөлімге бөлінеді.Тұмсық(кейбіреулерінде бас қалқаншасы деп аталады) жаға және дене немесе тұлға бөлімі.Әрбір бөлімінде өзінің целомдық қуыстары бар,олар тұмсықта тақ,ал жаға мен тұлғасында жұп санды болады.Алдыңғы және ортаңғы целомдары Целомодуктылар арқылы сыртқа ашылса артқы целомы тұйықталған.Ж.х-ң айрықша бір белгісі алдыңғы шегінде қос метамерлі орналасқан желбезек тесіктерінің болуы,солар арқылы ішегі сыртқы ортамен байланысады.Келесі бір айрықша белгі- нотохорданың,яғни шектің тұйық өсіндісінің болуы.Қан айналу жүйесі арқа және құрсақ қан тамырларынан тұрады.Арқа тамыры денесінің тұмсық бөлімінде кеңейіп орталық лакунаға айналады.Бұған перикардия жалғасады.2 класқа бөлінеді:ішектыныстылар және желбезек қанаттылар.

3.Ланцетник құрылысы. Бассүйексіздердің систематикасы және биологиялық ерекшеліктері.

Систематика:

Хордалылар типі - Chordata

Бас сүйексіздер тип тарм.– Acrania

Класс: Басхордалылар – Cephalohordata

Өкілі: Ланцетник - Branchiostoma lanceolatum

Ланцетник басcүйексіздердің өкілі. Қазақша атауы -қандауырша. Латынша атауы - Branchiostoma lanceolatum.

Сыртқы түрі. Ланцетник - ұзындығы 5-8 см болатын, екі бүйірінен қысыңқы, сопақ, балық пішіндес, мөлдір келген жәндік.Құйрығының артқы бөлімі найзаның ұшына немесе ланцетникке ұқсас болғандықтан осылай аталған. Арқа қанаты құйрық қанатына келіп түйісіп, одан әрі тұтасқан түрінде желбезек қуысына шейін созылады. Денесінің құрсақ жақ бүйірінде орналасқан екі метаплевральдық қатпар болады. Олар артқа қарай атериалдық тесікке дейін созылады. Денесінің алдыңғы, бауыр жағында 10-12 жұп қармалағышпен қоршалған, ас жолы басталатын ауыз алды тесігі болады.

Тері қапшығы. Ланцетниктің тері қапшығы екі қабаттан: сыртқы - эпидермис, ішкі - кутис деп атайды. Жоғары дәрежеде дамыған жануарлардың эпидермисінен айырмашылығы ланцетниктің эпидермисі бір қабаттан тұрады да, оның сыртын жұқа кутис қаптап тұрады. Эпидермистің көпшілік клеткалары цилиндр пішінді, бокал тәрізді безді клеткалары, бірқатар клеткалары сезімтал түкті болып келеді.

Ет системасы. Денесіне біркелкі орналаспаған. Арқа бөлімінде көп. Ет системасы ұзына бойы бөлінген екі - миомерлер деп аталатын бунақтарға бөлінген. Миомерлер бірінен-бірі миосептадейтін дәнекер тканьдермен бөлініп тұрады. Оң жағындағы миомерлері мен сол жағындағы миомерлері тұспа-тұс орналаспайды. Мұның өзі суда жүзгенде көлденең бағытта денесінің оңай иілуіне жағдай туғызады.

Хордасы негізінен қаңқа қызметін атқарады. Оның сыртын қабық қаптап тұрады. Хорданың негізгі денесі талшықты дискалардан тұрады. Олардың арасында іші сұйық затпен толған вакуольдері бар. Қалың дәнекер ткані хорданы және оның үстіңгі жағына орналасқан нерв түтігін қаптап тұрады. Ауыз алды бөлімінде орналасқан қармалағыш түктерінің түбінде тіректік қоймалжың заттары болады.

Нерв жүйесі. Ланцетниктерде орталық нерв системасы деп аталатын бүкіл дене бойына хордамен созылып жатқан нерв түтігі болады. Нерв түтігінің бас жақ бөлімінің ішкі қуысы кең, ал арқа бөліміндегі қуыс тар болады. Бұл қуысты - невроцель дейді. Ланцетник ұрығының даму кезінде невроцель сыртқы ортамен - невропор тесігі арқылы қатысады. Ересектерінде невропор болмайды. Оның орнына иіс оязы қалады. Бүкіл нерв түтігі бойымен, невроцельдің жиегіне, жарық сезгіш - Гессе көзшілері орналасады. Ол екі клеткадан: жарық сезгіш және пигментті тұрады. Миының барлығы дерлік жарық сезеді. Әрбір ет сегментіне екі жұп нерв келеді. Біреуі құрсақ (таза қозғалыс қызметі), екіншісі арқа нерві (аралас қозғалтқыш-сезгіш қызметі).

Сезім мүшелері: Өте қарапайым. Олар Гессе көзшелері арқылы жарықтарды, иіс оязы арқылы судың химиялық қасиеттерін ажырата алады. Эпидермисінде бытырап жатқан сезгіш клеткалары болады.

Бассүйексіздердің ерекшеліктері (Acranіa) – төменгі сатыдағы желілілер (хордалылар) типінің бір тармағына жататын ұсақ жануарлар. Бассүйексіздер Жерорта теңізінде, Атлант мұхитының Еуропа және Африка жағалауында, сондай-ақ Атлант, Тынық, Үнді мұхиттарының экваторлық терең жерлерінде тіршілік етеді. Дене тұрқы 1,5 – 8 см-дей. Арқа қанаты тұтас әрі жұқа болып тікелей құйрық қанатымен байланысқан. Оларда желілі жануарларға тән белгілер (арқа желісі, жүйке түтігі, желбезек саңылаулары, т.б.) өмір бойы сақталады. Терісінің сырты басқа желілілерде болмайтын жұқа кутикула қабатымен, желбезек саңылауларының сырты терілі қатпармен қапталған. Ішкі қаңқаның қызметін денесінде ұзына бойы орналасқан серпімді желі атқарады. Кейбір мүшелер жүйесі (бұлшық еттері, жыныс бездері, зәр шығару) бір-біріне ұқсас жеке бөліктерден, сезім мүшесі қарапайым жарық сезгіш клеткалар тобынан (гессе көзшелерінен) тұрады. Қан айналымы тұйық, бірақ жүрегі болмайды. Оның қызметін құрсақтағы қолқа қан тамыры атқарады. Дара жынысты, сырттай ұрықтанады. Дернәсілдері денесіндегі кірпікшелері арқылы 3 айдай еркін жүзіп тіршілік етеді. 2 – 3 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Ересектері теңіздердің жағалауға жақын таяз әрі құмды жерлерінде 10 – 30 м тереңдікте құйрық бөлігі құмға батып, бір орында тіршілік етеді. Оларды жергілікті тұрғындар тағам ретінде пайдаланады.

4.Дөңгелек ауыздылар, олардың ұйымдасуының негізгі сипаттары, систематикасы және шығу тегі.

СИСТЕМАТИКАСЫ

Бөлім: Agnatha-Жақсыздар

Класс: Cyclostomata-Дөңгелек ауыздылар

Кластармағы: Petromyzones-Миногалар

Кластармағы: Myxini-Миксиналар

Қазіргі кездегі дөңгелек ауыздылар- омыртқалы жануарлардың ең көне класы.Класс өкілдерінің денесі жыланбалық сияқты ұзарған, ол бас, тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлінген.Басының алдыңғы ұшының астында ауызалды воронка, оның түбінде ауыз орналасқан.Нағыз тістері болмайды, олардаң орнында ауызалды воронкасының ішкі бетінде мүйізді тісшелер және тіс тақтайшалары орналасқан, бұлардың мөлшері, пішіні және орналасуы түрдің систематикалық белгісі болып табылады.Тілдің ұшында күрделі мүйізді тілше тақтайшасы, немесе 1-2 ірі мүйізді тісшесі болады.Мұрын тесігі біреу.Дөңгелекауыздылардың жұп жүзбе қанаттары болмайды.Құйрық қанаты алғашқы тең қалақты, яғни протоцеркальды типті.Жақтары жоқ.Бассүйегінің висцеральды бөлімі- шеміршекті.Тірек қаңқасы-өмір бойы сақталатын хорда.Тыныс алу мүшелері-энтодермадан пайда болған 5-16 жұп желбезек қапшықтары.Теңіздерде, өзендерде мекендейді.Денесін жылан тәрізді ирелеңдетіп қозғалтады.Көпшілік түрлері –паразиттер және жыртқыштар.

Теңіздер мен тұщысу биоценоздарында дөңгелекауыздылар маңызды орын алмайды.Олар паразит ретінде бағалы балықтарға зиян келтіреді.Тілтістердің бір бөлігі кәсіптік маңызы бар омыртқалылар, еті үшін ауланады.Балық шаруашылығына миногалар да, миксиналар да зиян келтіреді





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1778 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...