Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сұңқарлар, жапалақтар, тауықтәрізділер отрядтарының сипаттамалары, олардың систематикасы, биологиясы және экологиясы



СИСТЕМАТИКАСЫ:

Класс:Aves-Құстар

Кластармағы:Neornithes-Нағыз құстар

Отрядүсті:Neognathae-Кәдімгі құстар

Отряд:Falconiformes-Сұңқартәрізділер

Отряд:Galliformes-Тауықтәрізділер

Отряд:Strigiformes-Жапалақтәрізділер

Сұңқартәрізділер (Falconiformes) – құстардың бір отряды. Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында тараған. Қазақстанда 2 тұқымдасы (сұңқар, қыран), 14 туысы, 38 түрі бар, 29 түрі ұялайды. Ең кішкене сұңқартәрізділердің (ергежейлі сұңқар) салмағы 50 г, ең ірісі (калифорния құмайы) 12 кг болады. Калифорния құмайының жайған қанаты 3 м-ге дейін жетеді. Шәулісі ұябасарынан ірілеу болады. Бұлардың арасындағы жыныстық айырмашылық кейбір Жыртқыш құстарда (күйкентай, құладын) айқын көрінеді. Сұңқартәрізділердің қыстап қалатын және қайтып кететін түрлері бар. Олар жерден тез көтеріліп, мәнерлеп, көпшілік түрлері қалықтап ұшады. Негізінен моногамды (басыбайлы жұп құрады) құстар, ұясын қатарынан бірнеше жыл пайдаланады. Ұясын ағаш басына, жартас қуысына, құрақ арасына салады. Ірі түрлері (қыран, құмай) 1 – 3-тен, ұсақтары (бөктергі, тұйғын) 4 – 7-ден жұмыртқа салады. Оны шәулісі мен ұябасары кезектесіп басады, балапандарын да бірігіп асырайды. Қорегін іздеуі, жемінің құрамы Жыртқыш құстардың әр түрінде әр түрлі болады. Көпшілігі етпен қоректенеді. Негізінен зиянды кемірушілермен, кейбір түрлері өлексемен қоректеніп, қоршаған ортаны тазартып, пайда келтіреді. Жыртқыш құстардың біраз түрі (ителгі, лашын, бүркіт, жылан жегіш қыран, ақ сұңқар, аққұйрықты субүркіт, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Жапалақтәрізділер (лат. Strigiformes) — түнде тіршілік етуге бейімделген жыртқыш құстар отряды. Бұлар полярлық шеңберде тараған, тек солтүстік аймақта ұялайтын құстар.Жапалақ тәрізділердің төменгі эоцен дәуірінен бері тіршілік етіп келе жатқаны белгілі. 28 туысқа бірігетін 123 түрінің Қазақстанда 9 туысы, 12 түрі кездеседі, олардың 10-ы ұя салады. Кейбір түрлері тұрғылықты (мысалы: үкі, байғыз, кәдімгі жапалақ, орман байғызы, кезқұйрық жапалақ), қыстап қалатындары да бар (мысалы: ақ жапалақ, құлақты жапалақ), ал басқа бір түрлері жыл құсы (саз жапалағы, маубас жапалақ, қаршыға реңді жапалақ, қылаң жапалақ). Наурыз — мамыр айларында ұшып келіп, қыркүйек — қарашада жылы жаққа ұшып кетеді. Дене тұрқы 12 см-ден (кішкене байғыз) 84 см-ге дейін (сақалды жапалақ), мекиені қораздарынан ірі болады. Жапалақ тәрізділердің қауырсыны — сарғыш қоңыр, жұмсақ. Басы үлкен, тұмсығы имек, тырнағы өткір болады. Құс ойнағынан басқа уақытта шақырмайды, тек түнде ұшады. ұясын ағаш діңіне, құз-жартасқа, жерге салады. Мамыр — маусымда ірілері 1 — 2-ден, ал майда құстары 10 — 12-ден жұмыртқа салып, оны мекиені 4 аптадай басады. Балапандары 30 күнде қанаттанады. Олар денесін ақ түк басқан, соқыр болып туады. Жапалақ тәрізділер жәндіктермен, кемірушілермен қоректенеді. Бұлардың жылдан-жылға санының азаюына байланысты 4 түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының және 1 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Тауықтәрізділер (лат. Galliformes) – құстардың бір отряды.

Қазба қалдықтары төменгі эоцен қабатынан белгілі. Жер шарында кең тараған, Антарктика мен кейбір Мұхит аралдарынан басқа жерлердің барлығында кездеседі. Қазіргі кезде 280-нен астам түрі бар, олар морфологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай 2 отряд тармағына: тауықтар (Gallі) және гоациндерге (Opіsthocomі) бөлінеді. Тауықтардың 6 тұқымдасы бар (қоқыс тауықтар/тауықтары, кракстар, құрлар, цесарлар, қырғауылдар және күркетауық). Қазақстанда тауықтәрізділердің 13 түрі мекендейді. Тауықтәрізділердің тұрқы 12 см-ден (ергежейлі бөдене) 235 см-ге дейін (айдарлы аргус), салмағы 45 г-нан (ергежейлі бөдене) 11,5 кг-ға (жабайы күркетауық, асыранды күркетауық – 22,5 кг) дейін жетеді. Қораздары мекиеніне қарағанда ірі. Кейбіреулерінде етті сырға, қасы, айдары болады. Тұмсығы қысқа, дөңес. Үстіңгі тұмсығының ұшы имек. Аяқтары күшті, кішкентай артқы саусағы бар, қораздарында тепкі (басқы) жақсы жетілген, топырақ қопсытуға бейім. Қанаттары қысқа, жалпақ, әдетте жерден тез көтерілуге ғана жарайды, ұзақ ұша алмайды. Қауырсыны тығыз, мамығы аз, көпшілік түрі отырықшы құс-тар. Полигамиялы, жылына 1 рет көбейеді, жерге ұялайды, (гоацин мен гокко ағашында), 3 – 26 жұмыртқа салады, мекиені 14 – 30 күн жұмыртқа басып, балапанына қамқорлық жасайды. Балапандары жұмыртқадан шыға сала мекиеніне еріп кетеді. тауықтәрізділердің қорегі – өсімдіктердің вегетативті бөлімдері, жемістері мен тұқымдары, кейде жәндіктер, құрттар. Көпшілік түрінің кәсіптік маңызы бар, әуесқойлық мақсатта ауланады. Банкив әтеші, цесарлар, күркетауықтар ертеден қолға үйретілген, көптеген түрі үй құстарының арғы тегі болып саналады. Тауыс және қырғауыл кейде қолда өсіріледі. Тауықтәрізділердің 26 түрі мен 11 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына”, алтай ұлары Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

28. Ұзынқанаттылар, торғайтәрізділер және тоқылдақтәрізділер отрядының сипаттамасы.

Систематика:

Тип Chordata - Хордалылар

Тип тармаєы Vertebrata - Омыртќалылар

Класс Aves – ќўстар

Отряд – Piciformes - тоқылдақтәрізділер

Отряд – Apodiformes - Ұзынқанаттылар

Отряд – Passeriformes - торғайтәрізділер

Ұзынқанаттылар отряды 3 тұқымдас пен 378 түрді біріктіретін 2 отрядтармағына жіктеледі. Тұмсықтары алуан түрлі, ұзынды-қысқалы. Аяғы кішкентай, әлсіздеу. Жерде жүрмейді. Құймышақ безі жалаңаш. Ұшуы шапшаң қарқынды. Күндіз белсенді. Моногамдар. Өте күрделі құрылысты ұя жасайды. Ұяда 1-6 жұмыртқа болады. Балапандары әлсіз мамықтанған немесе қызылшақа көзі ашылмаған. Нағыз ұзынқанаттар тұқымдасы (Apodidae) тропикада көп, қоңыржайда да кездеседі. Тауда, жазықта, орманда тіршілік етеді. Салмағы: 20-110 гр. Қауырсындануы тығыз. Басы үлкен, жалпақ. Тұмсығы қысқа, езуі үлкен. Кіші аяғында 4 саусағы да алға қараған. Тырнақтары өткір, иілген. Құйрықтары қысқа айыр. Тілі қысқа, жемсауы жоқ. Насекомдармен қоректенеді. Сілекей безі күшті дамыған.

Торғайтәрізділер отряды қазіргі құстардың 63%-ын құрайды. Ол 4 отр.тармна, 52-72 тұқымдасқа жататын 5100 түрді қамтиды. Тропикада түрлік құрамы саналуан. Жоғарғы эоценнен белгілі. Көпшілігі ағаш, бұталы жерде өмір сүреді. Салмағы: 3гр-1,6кг. Тұмсығы алуантүрлі: насекомқоректі, дәнқоректі, т.б Қанаттары ұзын әрі үшкір немесе қысқа әрі доғал. Жіліншігі, төрт саусағы ұзындау, өткір имек тырнақты. Үш саусағы алға, біреуі артқа қараған. Құйрығы да алуан түрлі. Жемсауы жоқ. Етті қарынның бұлшықеті күшті. Қорегі алуан түрлі, бірақ балапандарын насекомдармен асырайды. Аталықтары ірілеу. Әдетте моногамдар. Жұмыртқаны екі дарақ та шайқайды. Ұясын ағашқа, бұтаға, інге салады. Жұмырт саны: 1-16 дейін. Балапандары қызылшақа және көзі ашылмаған немесе шамалы мамық басқан.

Тоқылдақтәрізділер отряды 2 отр.тармғна, 6 тұқымдасқа жататын 379 құстың түрін біріктіреді. Олар Австралия, Жаңа Гвинея, Мадагаскардан басқа жерлерде кездеседі. Отряд қарапайым көкқарғатәрізділерден бөлінген. Отаны Оңт.Амер болуы мүмкін. Тұмсығы тік, қашаутәрізді. Тілінің ұзындығы әр түрлі. Жемсауы жоқ. Қанаттары доғал. Аяқтары төртсаусақты, қысқа, күшті, ағашқа өрмелеуге жақсы бейімделген. Саусақтары үшкір тырнақпен жабдықталған. Жыныстық диморфизм байқалмайды. Күндіз белсенді. Қорегі: насекомдар, сирек өсімдіктер. Қорегін әдетте ағаштан жинайды. Моногамдар. Ағаш қуысында ұялайды. Жұмырт.саны: 2-5, 2-10 дейін ауытқып тұрады. Жұмыртқаны екі дарақ та шайқайды. Балапандары шала, көзі ашылмаған және көп түрлерінде қызылшақа.

30.Жыртқыштар, киттәрізділер, ескекаяқты сүтқоректілер отрядының сипаттамасы, тұқымдасқа дейінгі систематикасы, өкілдері, экологиясы, биологиясы және практикалық маңызы.

Жыртқыштар (Carnivora) – сүтқоректілердің бір отряды. Австралия (тек жерсіндірілген түрлері ғана бар) мен Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында кең таралған. 12 тұқымдасы, 235-ке жуық түрі анықталған. Қазақстанда 5 тұқымдасы (ит, аю, жанат, сусар, мысық), 14 түрі бар. Салмағы 250 г-нан (аққұлақ) 250 кг-ға (аю) дейін барады. Әр аяғында 4 – 5 башайы болады. Құйрығының ұзындығы дене тұрқының жартысындай, кейде одан қысқарақ. Жүні ұзын әрі қалың, әр түсті болады. Жыртқыштардың азу тістері жақсы дамыған. Аталығы мен аналығының жыныстық диморфизм айырмашылығы аз, не мүлдем байқалмайды. Иіс және Eсту мүшелері жақсы жетілген. Қорегін таңертең, көбінесе іңірде немесе түнде аулайды. Жылына 1, кейбір түрлері 2 – 3 рет, кейде 2 жылда 1 рет балалайды. Күшіктері нәзік, қызылшақа болып туады. Жыртқыштардың арасында кәсіптік маңызы бар, терісі пайдалы (Бұлғын, Кәмшат, Ақкіс, Қара Күзен, т.б.) не зиянды кемірушілерді жеп пайдасын тигізетін, сондай-ақ Ауыл шаруашылығына, Аңшылыққа зиян келтіретін, ауру тарататын түрлері де бар. Жыртқыштардың кейбір түрлері (Қызыл қасқыр, Тянь-шань қоңыр аюы, Барыс, Қабылан, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Киттәрізділер (лат. Cetacea) – суда тіршілік ететін сүтқоректілер отряды. Ғалымдар киттердің арғы тегі құрлықта тіршілік еткен ежелгі тұяқтылар не қарапайым жыртқыштар (креодонттар), тіпті, бор кезеңінің жәндікқоректілері де болуы мүмкін деген болжам айтады. Бұлардың қазба қалдықтары төменгі эоцен дәуірінен сақталған. Қазақстанда Маңғыстау түбегінен төменгі сармат қабатынан табылған. Қазіргі кезде киттердің 2 отряд тармағына (тісті киттер және мұртты киттер) жататын 38 туысы, 80-нен астам түрі мұхиттарда, теңіздерде, кейбір түрлері (дельфиндер) өзендерде таралған. Денесінің ұзындығы 1,1 – 33 м-ге дейін, салмағы 30 кг-нан 150 т-ға дейін жетеді. Дене пішіні жұмыр қос қалақты терілі, құйрық жүзбеқанаты көлбеу бағытта орналасқан. Көпшілік түрінің басы жалпақ, мойны айқын байқалмайды. Алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Артқы аяқтары жойылған, тек жамбас сүйектерінің (кей түрінде ортан жіліктің) қалдықтары сақталған. Киттердің терісі түксіз жалаңаш, тері астында май қабаты жақсы жетілген (қалыңдығы 18 – 50 см). Бұл дене температурасын реттеуге қатысады. Терісінде май, тері бездері болмайды, сүт бездері жақсы жетілген. Тыныс алу мүшесі – танау тесігі (1 не 2) төбесіне қарай орналасқан. Ол тек тыныс алу-шығару кезінде ғана ашылады. Киттердің қанының құрамында гемоглобиннің, бұлшық еттерінде ерекше белокты зат – миоглобиннің болуы су астында 30 – 40 мин (кейде одан да ұзақ) тыныс алмай тіршілік етуіне септігін тигізеді. Барлық киттердің ауыз қуысы өте үлкен. Бұлар тісі ең көп жануарларға жатады, мысалы, тісті киттің тісінің саны 272 болса, Амазонка дельфинінің бір ғана үстіңгі сойдақ тісі алға қарай 3 м-дей созылыңқы болады. Киттердің миы күрделі құрылысты әрі жақсы дамыған. Олардың сезу мүшесінің қызметін қылшықты мұртшалары атқарады. Көзі су астында, су үстінде де жақсы көреді. Киттердің есту мүшесі жақсы дамыған, құлақ қалқаны болмайды. Қорегін тұтастай жұтады. Сілекей бездері болмайды. Қарны күрделі құрылымды (3 – 14 бөлімнен тұрады). Киттердің көпшілігі – моногамды. Олар 2 – 6 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Екі жылда бір рет балалайды. Буаздық мерзімі 10 – 12 ай. Аналығының жыныс саңылауының екі бүйірінде 2 емшегі болады. Арнайы бұлшық еттердің жиырылып-жазылуынан сүт баласының аузына шашырайды. Киттер баласын 4 айдан (майда дельфиндер) 1 жылға дейін (кашалоттар) емізеді. Киттің сүті өте құнарлы: сиыр сүтімен салыстырғанда май 10 есе, белок 3 есе көп. Баласы тәулігіне 450 л-ге дейін сүт емеді, 4 см-ден астам өсіп, 90 кг-дай салмақ қосады. Табиғатта 30 – 50 жылдай тіршілік етеді. Көпшілік түрі топталып, үйірленіп жүреді, теңіз жануарларымен қоректенеді. Киттердің саны жылдан-жылға азаюда, әсіресе, ірі киттердің біраз популяциясының жойылып кету қаупі бар. Сондықтан кит аулау кәсібін реттеу мақсатында Халықаралық комиссия (оған дүние жүзінің 20 мемлекеті мүше) ұйымдастырылған (1946). Киттердің санын сақтау үшін қорғауға алынып, олардың 18 түрі мен 1 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Ескекаяқтылар (лат. Pіnnіpedіa) — су сүтқоректілер отрядына жатады. Денесі ұршық тәрізді сүйір, бес саусақты аяқтары ескекке айналған, құйрығы қысқа. Суда өмір сүруге бейімделген, бірақ киттерден айырмашылығы мол, өйткені олар құрғақта немесе мұзда ғана шағылысады, балаларын тауып, сүтпен қоректендіреді, дем алады, түлейді.Бұлардың қазба қалдықтары миоцен дәуірінен белгілі. Ескекаяқтылар Атлант мұхиты, Тынық мұхит, Солтүстік Мұзды мұхит жағалауларында, Балтық теңізі., Қара теңіз., Каспий теңізінде, Байкал және Ладога көлдерінде кездеседі. Дене пішіні ұршық тәрізді, бесбашпайлы аяқ-қолдары жарғақаяққа (ескекаяққа) айналған. Дене тұрқы 1,2 – 6 м-дей, салмағы 40 – 3600 кг-ға дейін жетеді. Басы үлкен, мойны қысқа және тұлғасымен бірігіп кеткен. Жүзген кезде танау тесіктері терілі қатпар арқылы жабылады. Алдыңғы, артқы аяқтары ескекке ұқсас болғандықтан, отрядтың аты осыдан шыққан. Тері астындағы қалың май қабаты (10 см-ге дейін) дене температурасын реттеу қызметін атқарады әрі қоректік зат қоры болып табылады. Тері сыртындағы жамылғы түгі – ересектерінде біркелкі қалың қылшықты, ал күшіктерінде – үлпілдек мамықты болады. Көру, есту, иіс сезу, тыныс алу мүшелері жақсы жетілген. Қорегі – балықтар, моллюскілер, шаянтәрізділер. Аталықтары аналықтарынан ірі келеді. Көбею кезінде бір орынға топталып жиналады. Көпшілік түрлері жеке жұп құрады. Аналықтары 3 – 4 жаста, аталықтары 5 – 6 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Буаздық мерзімі 11 – 12 ай. Жылына бір рет көбіне бір ғана күшік туады. Анасын 1 – 2 жылдай емеді. Ескекаяқтылар cуда тіршілік етуге бейімделген, құрлыққа, не мұз үстіне тек шағылысу кезінде, күшіктегенде, түлегенде, тыныққан кезде ғана шығады. Ескекаяқтылар қазіргі кезде 3 тұқымдасқа бөлінеді:

морждар (лат. Оdobenus rosmarus) – сойдақ тістілер – оның өзі аттас 1 ғана түрі бар. Дене тұрқы 410 см-дей, салм. 2000 кг-дай. Құлақ қалқаны, құйрығы жоқ. Жоғары сойдақ тістері өте ұзын әрі жуан (ұзындығы 60 – 80 см-дей). Артқы ескек аяғы бауырына қарай бүгіліп, құрлықта қозғалуына көмектеседі. Морждардың саны жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықар. табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген, оларды жергілікті халыққа ғана аулауға рұқсат етілген. -құлақты итбалық (лат. Оtarііdae) – оның 14 түрі бар. Бұлардың сыртқы құлақ қалқаны айқын байқалады, тұқымдастың аты осыған байланысты аталған. Тағы бір ерекшелігі – аталықтарының мойнындағы түгі (шашы) жал сияқты ұзын болады. Бұлардың 3 түрі Халықар. табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген;

-кәдімгі итбалықтар;

31.Ланцетниктің ұрықтық дамуының бөлшектену ерекшелігін, бластуланың қалыптасуын және гаструляция процесін көрсетіңіз.

Ланцетниктің дамуы хордалыларға ж/е төменгі сатдағы омыртқалыларға тән;даму 36 сағат шамасында аяқталады.Алғашқы сатылары тез жүреді.Зигота толық ж/е біркелкіге жақын бөлінеді.Бөлінуінің соңында шар тектес анимальді ж/е вегетативті полюстары бар бір қабатты бластула пайда болады.Ұрықтанғаннан кейінгі 5-8 сағатта инвагинация жолымен гаструляция процесі басталады,оның нәтижесінде 2 қабатты гаструла пайда болады.Бұдан кейін ортаңғы ұрық жапырақшасы (мезодерма)пайда болады ж/е жүйке түтігі,хорда ж/е целлом қапшықтары жіктеледі,соңғысы алдынан кейін қарай түзіледі.Целлом қапшықтары өсе келе сомит(эписомит)ж/е бүйір пластинкасына(гипосомит)бөлінеді.Эписомиттің қабырғасы жіктеліп хорда мен жүйке түтігінің дәнекертканьді қабатын (дерматом)қалыптастырады.Бүйір пластинкасын жапырақшалары (париетальді ж/е висцеральді)құрсақ жапырақшаларын ж/е ішектің висцеральді етін береді.Висцеральді ж/е париетальді жапырақшаларының арасындағы қуыс екінші дене қуысы целломға айналады.

Хордалы жануарлардың эмбриональді дамуы:А-ұзынынан кесіндісі,I-бластула,II-IV-гаструляция,V-VI-мезодерма,хорда ж/е жүйке жүйесінің п.б.1-анимальді ж/е 2-вегетативті полюстар 3-гастральді қуыс,4-гастропор,5-жйке өзегі,6-жүйке ішек өзегі,7-невропор,8-мезодерма қатпаршақтары,9-целломдв қапшықтар,10-хорда,11-болашақ ауыз,12-болашақ артқы тесік.Б-көлденең кесіндісі:1-эктодерма,2-эндодерма,3-мезодерма,4-ішек қуысы,5-жүйке пластинкасы,6-жүйке түтігі,7-невроцель,8-хорда,9-целлом.

33.Эктодерма, энтодерма және мезодерма туындыларын ата

Эктодерма (грек. ektos – тыс, сыртқы және тері) – гаструлалану кезінде түзілетін сыртқы ұрықтық қабат. Эктодерма бластомерлері екі қабат болып жарылған ұрықтың сыртқы клеткалық қабатынан қалыптасады. Ұрық денесінің ұзына бойына Эктодерма клеткалары бөлініп көбейіп, жүйке тақташасына, кейін жүйке түтігіне айналады. Жүйке түтігінде Эктодерма клеткалары қыр тәрізді болып орналасады. Жүйке түтігі мен жүйке қырын құрайтын Эктодерманы нейроэктодерма деп атайды. Нейроэктодермадан: эпидермис (терінің сыртқы қабаты), ми мен жұлын, олардың жүйкелері, сезім мүшелерінің құрылымдары; жүйке қырынан: жұлын мидың жүйке түйіндері (ганглийлері), вегетативті жүйке жүйесінің (симпатик. және парасимпатик.) ганглийлері мен жүйкелері, бүйрек үсті безі бозғылт затының хромаффинді клеткалары дамиды. Эктодермалық астар – мүйізденген көп қабатты жалпақ эпителий

Эктодерма туындылары: Жануарлар жабындары. Адамда және өзге сүт-қоректілерде терінің үстіңгі кабаты Тері туындылары: май және тер (сүт) бездері, шаш және тырнақ, жануарларда мүйіз және тұяқ Сезім мүшелері, жүйке жүйесі (ми және жұлын, т.б.)

Ұрық жапырақшасының ең ішкі қабаты – энтодерма. Оның туындылары Барлық асқорыту мүшелері:қарын, ішек, өңеш, т. б. Барлық бездер (тері безінен өзгесі), асқорыту бездері де: бауыр,ұйқыбез, калқанша без,гипофиз бөлігі, бүйрекүсті безі және т. б. Тынысалу жүйесі:өкпе, кеңірдек, ауатамыр және т. б.

Көп клеткалы жануарлардың (губка мен ішекқуыстылардан басқа) Ұрық жапырақшасының ортаңғы қабаты Мезодерма. Туындылары: Өзге жүйе мүшелері:бұлшықет, сүйектер, байламдар, сіңірлер Қантарату жүйесі: жүрек, тамырлар, қан Несеп-жыныс жүйесі: бүйрек, несепағарлар, қуық және жыныс мүшелері. Гаструла сатысында ол эктодерма мен энтодерманың арасында орналасады. Бұл клеткалардан дене паренхимасы (төмендегі сатыдағы құрттарда) және ұрықтың мезодермасы (жоғары сатыдағы омыртқасыздарда) пайда болады. Тікентерілілерде, бассүйексіздерде, дөңгелекауыздыларда, балықтармен, қосмекенділерде мезодерма алғашқы ішектің ішкі қабатынан жетіледі. Бауырымен жорғалаушыларда, құстарда, сүтқоректілерде мезодерма бластула сатысында ұрықтың эктодерма қабатынан жетіледі. Жалпақ құрттар мен немертиндерде мезодермадан дәнекер тін, буылтық құрттар мен буынаяқтыларда екінші дене қуысы — целом және жұп сомит дамиды. Сомиттің арқа бөлігін эписомит, бүйір бөлігін гипосомит деп атайды. Эписомиттен склеротом, дерматом, миотом бөлімдері жетіледі. Склеротомнан омыртқа жотасы, дәнекер тін, дерматомнан тері дәнекер тіні, миотомнан дененің қаңқа бұлшық еті пайда болады. Гипосомиттен целом қабырғасынан басталатын бірыңғай салалы бұлшық еттер, нефриттен зәр шығару органдары, ішкі органдар жетілетін спланхнотом бөлімдері дамиды. Ең үлкен бөлімі — спланхнотом, ол ішкі висцеральді, сыртқы париетальді қабаттан құралған.. Бұл қуыста ішкі органдар орналасады. Спланхтом эпитемитінен жыныс бездері жетіледі.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2527 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...