Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Параграф. Ауыл халқына медициналық көмек



35. № 97 бұйрыққа сәйкес айқындалатын медициналық көмек нысандарының тізбесі бойынша ТМККК қызметтерінің кешенін көрсететін аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілеріне (бұдан әрі – ауылдың субъектісі) қаржыландыру көлемін айқындау үшін тариф болып ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы тариф табылады.
36. Ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив МСАК көрсететін ауыл субъектілері үшін айына «БХТ» порталында тіркелген бір ауыл тұрғынына есептегенде айқындалады және оның құрамында ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті мен ЖБНЫК бар.
Ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив МСАК көрсетпейтін ауыл субъектілері үшін осы өңір немесе ауыл бойынша айына «БХТ» порталында тіркелген бір ауыл тұрғынына есептегенде айқындалады және оның құрамында ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті бар.
37. Ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті осы Әдістеменің 4-5-тармақтарына сәйкес МСАК, КДК, жедел медициналық көмек, стационарды алмастыратын және стационарлық медициналық көмек нысандарында көрсетілетін медициналық көмектің мынадай: дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік түрлері бойынша ауыл халқына ТМККК қызметтерінің кешенін қамтамасыз ету бойынша ауыл субъектісінің қызметімен байланысты шығындарды қамтиды.
Ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компонентінің мөлшері ДСБ бекітетін медициналық көмектің нысандары (МСАК, КДК, жедел медициналық көмек, стационарды алмастыратын көмек, стационарлық көмек) бойынша ауыл субъектілерінің құрылымына байланысты белгіленеді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ағымдағы қаржы жылы ішінде ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компонентінің мөлшерін, ТМККК шартының қолданылуы кезеңінде оның қолданылуы мен таралуын қайта қарайды.
38. Кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті осы Әдістеменің 11-13-тармақтарына сәйкес айқындалады және осы Әдістеменің 15-тармағына сәйкес есептеледі.
39. Айына ауыл субъектілері үшін ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативті есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

КЖШНауыл = КЖШНауыл кепіл. + Sжбнык, мұндағы

КЖШНауыл – айына «БХТ» порталында тіркелген бір бекітілген адамға шаққандағы ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив;
Sжбнык – айына «БХТ» порталында тіркелген, ауыл субъектісіне бекітілген бір адамға шаққандағы ЖБНЫК сомасы;
КЖШНауыл кепіл. – айына «БХТ» порталында тіркелген, ауыл субъектісіне бекітілген бір адамға шаққандағы ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

КЖШНауыл кепіл.= (КЖШНауыл баз.х ЖЖКауыл+ КЖШНауыл баз.х (Кобл.тығыз–1) + КЖШНауыл баз х (Кобл.жылу–1)+ КЖШНауыл баз. х(Кобл.ауыл-1)) х Кауыл субъектісі + V ауыл _ экол / Сауыл / m + V ауыл _жмк / С ауыл/ m, мұндағы

Сауыл – осы аудан немесе ауыл бойынша «БХТ» порталында тіркелген, МСАК көрсететін ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны немесе «БХТ» порталында тіркелген, МСАК көрсетпейтін ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны (бұдан әрі – ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны);
V ауыл _жмк – ауыл субъектісі үшін бекітілген ауыл халқына жедел медициналық көмек көрсетуге арналған қаражаттың жылдық көлемі.

ЖЖКауыл – ауыл субъектісі бойынша халықтың МСАК-ты тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

ЖЖКауыл = ауыл k/n х ЖЖКауыл (n))/ Сауыл, мұндағы

Сауыл – осы аудан немесе ауыл бойынша «БХТ» порталында тіркелген, МСАК көрсететін ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны немесе «БХТ» порталында тіркелген, МСАК көрсетпейтін ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны (бұдан әрі – ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны);
Сауыл k/n – «БХТ» порталында тіркелген, ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны, n нөмірлі жыныстық-жастық топқа түсетін халықтың k нөмірі;

ЖЖКауыл (n) – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес n нөмірлі жыныстық-жастық топ халқының медициналық қызметтер тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті.
Ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны мен халықтың жыныстық-жастық құрамы халықты еркін бекіту науқанының нәтижесі бойынша немесе айдың соңғы күніндегі ахуал бойынша «БХТ» порталының базасындағы халық жөніндегі деректердің негізінде айқындалады, олар алдағы қаржы жылы ауыл халқына ТМККК қызметтерінің кешенін көрсетуге арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде оны түзету үшін пайдаланылады.
КЖШН обл.ауыл баз. – барлық ауыл субъектілері үшін облыс аумағында бірыңғай болып табылатын, түзету коэффициенттерін есепке алмай айқындалған, айына «БХТ» порталында тіркелген бір бекітілген ауыл тұрғынына шаққандағы ауыл халқына арналған базалық кешенді жан басына шаққандағы норматив, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

КЖШНобл.ауыл баз.= (КЖШН ауыл_обл. – S жбнык ), мұндағы
ЖЖКобл.ауыл+(Кобл. тығыз.–1) +(Кобл. жылу–1) + (К ауыл обл. –1)

ЖЖКобл.ауыл – облыстың ауыл субъектілерінің деректері негізінде есептелген осы облыс деңгейінде халықтың медициналық қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті;
Кобл. тығыз. – осы Әдістеменің 13-тармағына ұқсас формула бойынша айқындалатын осы облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана бойынша халық тығыздығының коэффициенті;
Кобл. жылу – осы Әдістеменің 13-тармағына ұқсас формула бойынша айқындалатын облыс (республикалық маңызы бар қала мен астана) үшін жылу беру маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті;
Кауыл.обл. – облыстар үшін ауылдық елді мекенде жұмыс істегені үшін үстеме ақыны есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

Кауыл.обл. = 1+0,25 х (Сауыл/ Собл. х ЛАауыл), мұндағы

ЛАауыл – ауыл субъектілерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі лауазымдық айлық бойынша еңбекақы төлеуге арналған шығындардың үлесі.
Республикалық маңызы бар қала мен астана үшін ауылдық елді мекенде жұмыс істегені үшін үстеме ақыны есепке алу коэффициенті 1,0-ге тең.

КЖШНауыл_обл. – алдағы қаржы жылына нақты облыстың ауыл субъектілері бойынша айына бір тұрғынға шаққандағы ауыл халқына арналған орташа кешенді жан басына шаққандағы норматив, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

КЖШНобл. ауыл = (Vауыл - Vауыл экол- Vауыл КДК)/Сауыл/m, мұндағы

Vэкол_ауыл – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңы мен СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын, ауыл субъектілеріне экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстеме ақы төлеуге көзделген жылдық қаражаттың көлемі;
VКДК_ауыл – бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі айқындаған, № 97 бұйрыққа сәйкес тізбе бойынша ауыл суъектілері үшін шығыстары ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативке қосылмаған, осы ауыл субъектілеріне бекітілген халыққа ТМККК шеңберінде консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетуге арналған қаражаттың жылдық көлемі;
Сауыл – халықты еркін бекіту науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың күніндегі ахуал бойынша «БХТ» порталына тіркелген, барлық ауыл субъектілеріне бекітілген халықтың саны;
m – ауыл субъектісін қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлардың саны;
Vауыл – ауыл субъектісіне бекітілген ауыл халқына ТМККК қызметтерінің кешенін көрсетуге арналған облыс бойынша қаражаттың жылдық көлемі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

Vауыл = Vауыл стац + Vауыл АЕК, мұндағы

Vауыл стац – облыс бойынша ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек нысандарындағы мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған қаражаттың жылдық көлемі;
Vауыл АЕК – облыс бойынша ауыл халқына МСАК және КДК нысандарындағы ТМККК-ның амбулаториялық-емханалық қызметтері кешенін көрсетуге арналған қаражаттың жылдық көлемі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

V_ауыл АЕК = (Собл. х КЖШНобл.АЕК кепіл х m - V_обл экол - VАЕК_ауыл үстеме ақы)/Собл. х Сауыл.+ VАЕК_ауыл үстеме ақы + Сауыл х Sжбнык_қр х m + VАЕКэкол_ауыл , мұндағы

Собл. – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың күнінде Статистика агенттігінің деректері бойынша «БХТ» порталында тіркелген халық санының деректеріне сәйкес түзетілуі тиіс облыс халқының саны;
КЖШНобл.АЕК кепіл – түзету коэффициенттерін есепке ала отырып облыс бойынша АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті, ол осы Әдістеменің 14-тармағына сәйкес айқындалады;
Vобл экол – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңы мен ССЯП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстеме ақы төлеуге облыс бойынша көзделген қаражаттың жылдық көлемі;
Собл ауыл – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың күнінде Статистика агенттігінің деректері бойынша «БХТ» порталында тіркелген халық санының деректеріне сәйкес түзетілуі тиіс облыстағы ауыл халқының саны;
VАЕКэкол_ауыл - Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңы мен ССЯП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстеме ақы төлеуге ауыл субъектілері үшін облыс бойынша көзделген қаражаттың жылдық көлемі;
VАЕК_ауыл үстеме ақы – облыс бойынша ауылдық елді мекенде жұмыс істегені үшін үстеме ақының сомасы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

VАЕК_ауыл үстеме ақы = Сауыл х (КЖШНбаз.АЕК х (обл. ауыл–1)) х m

КЖШНбаз.АЕК – Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай болып табылатын және уәкілетті орган айқындаған, АЕК базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативі;
Ауыл субъектісінің ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті (КЖШНауыл кепіл.) облыс бойынша ауыл халқына арналған базалық кешенді жан басындағы нормативтен (КЖШНауыл.баз.) төмен болмауы тиіс.
40. Ауыл субъектісі үшін ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша ауыл халқына ТМККК қызметтерінің кешенін көрсетуге арналған қаржыландыру көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

Vауыл қаржы = Сауыл х КЖШНауыл х m, мұндағы

Vауыл қаржы – алдағы қаржы жылына немесе есепті кезеңге арналған МСАК көрсететін ауыл субъектісін қаржыландыру көлемі;
Кауыл субъектісі – халық санының аз болуы, төмен тығыздығы бар аумақтың жоғары созылыңқылығы және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі айқындаған басқа да аумақтық ерекшеліктері жағдайында тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ауыл субъектісі үшін белгіленетін түзету коэффициенті. Түзету коэффициентінің мөлшерін есептеу мен оны бекітуді бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жүзеге асырады.
Ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша ауыл субъектісін қаржыландыру көлемі көрсетілген қызметтердің көлеміне байланысты емес.
Ауыл субъектісіне бір тұрғынға есептегендегі ЖБНЫК сомасы алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін айқындау кезінде республика бойынша белгіленген жоспарлы деңгей бойынша, ал есепті кезеңдегі қаржыландыру көлемін айқындау кезінде ИКК-ның алынған нақты нәтижесі негізінде айқындалады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 445 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...