Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Негізгі ережелер



Quot;Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 321 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 14 шілдеде № 9580 тіркелді

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 23-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5946 тіркелген, 2010 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті (Қ.Қ. Ермекбаев):
1) заңнамамен белгілеген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 сәуірден бастап туындайтын қатынастарға қолданылатын Әдістеменің 20-тармағын қоспағанда, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 16 маусымдағы
№ 321 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 26 қарашадағы
№ 801 бұйрығымен бекітілген

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесі

Негізгі ережелер

1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) көрсететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау субъектілері үшін бірыңғай болып табылады және ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге мынадай медициналық көмек нысандары бойынша тарифтерді қалыптастыру және шығындарды жоспарлау механизмін айқындайды:
1) амбулаториялық-емханалық көмек (бұдан әрі – АЕК):
- медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК);
- консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК);
2) стационарлық көмек;
3) стационарды алмастыратын көмек;
4) жедел медициналық көмек;
5) санитариялық авиация.
2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) АЕК көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативі) – құрамында АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті және кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті бар, «Бекітілген халық тіркелімі» порталында (бұдан әрі – «БХТ» порталы) тіркелген, МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісіне бекітілген бір адамға шаққанда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған қызметтер тізбесі бойынша ТМККК амбулаториялық-емханалық қызметтері кешенінің құны;
2) АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті – түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, уәкілетті орган айқындайтын қызметтер тізбесі бойынша МСАК пен КДК нысандарындағы ТМККК амбулаториялық-емханалық қызметтері кешенінің есеп айырысу құны;
3) кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті (бұдан әрі – ЖБНЫК) – уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен индикаторлар негізінде қызметтің қол жеткізілген түпкілікті нәтижелері үшін МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы құрамдаушысы;
4) АЕК базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативі – түзету коэффициенттерін есепке алмай, уәкілетті орган айқындайтын қызметтер тізбесі бойынша МСАК пен КДК нысандарындағы ТМККК амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;
5) онкологиялық науқасқа арналған кешенді тариф – онкологиялық тіркелімде тіркелген бір онкологиялық науқасқа есептегендегі ТМККК медициналық қызметтері кешенінің құны;
6) ауыл халқына ТМККК қызметтерін көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив) – құрамында ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті мен ЖБНЫК бар, «БХТ» порталында, аудандық маңызы бар немесе ауылдың денсаулық сақтау субъектісіне тіркелген бір ауыл тұрғынына есептегендегі уәкілетті орган айқындайтын медициналық көмек нысандарының тізбесі бойынша ТМККК қызметтері кешенінің құны;
7) ауыл халқына арналған кешенді жан басына нормативтің кепілдік берілген компоненті – түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, уәкілетті орган айқындайтын медициналық көмек нысандарының тізбесі бойынша ауыл халқына көрсетілетін ТМККК қызметтері кешенінің есеп айырысу құны;
8) базалық ставка – ТМККК қызметінің бір есеп айырысу бірлігі; 9) базалық ставканың құны – ТМККК қызметінің бір бірлігінің есеп айырысу құны;
10) емделіп шығу жағдайы – пациентке стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын шарттарда емдеуге жатқызылған сәттен бастап жазылып шыққанға дейін көрсетілген медициналық қызметтер кешені;
11) МСАК көрсетуге арналған жан басына шаққандағы норматив – МСАК нысанындағы ТМККК-ні қамтамасыз ету үшін бір адамға есептегендегі шығындардың нормасы;
12) жыныстық-жастық түзету коэффициенті – халықтың әр түрлі жыныстық-жастық санаттарының медициналық көмекті тұтыну деңгейіндегі айырмашылықтарды есепке алатын коэффициент;
13) клиникалық-шығынды топтар (бұдан әрі – КШТ) – емдеу шығындары бойынша ұқсас клиникалық біртекті аурулардың топтары;
14) шығын сыйымдылығы коэффициенті – ТМККК қызметі мен КШТ-ның базалық ставка құнына шығындылық дәрежесін айқындайтын коэффициент;
15) ТМККК қызметінің тарифі (бұдан әрі – тариф) – ТМККК қызметтері бірлігінің немесе кешенінің құны;
16) тарификатор – уәкілетті орган бекіткен құны көрсетілген медициналық қызметтердің бірыңғай тізбесі;
17) коммуналдық және басқа шығыстар (бұдан әрі – КБШ) – жылуға, электр қуатына, ыстық және суық суға, банк қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, кеңсе тауарларын сатып алуға, іссапар шығыстарына, ағымдағы жөндеуге, жайды жалға алуға, шаруашылық тауарларды, жұмсақ мүккәмал және басқа тауарлар мен қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар;
18) медициналық-экономикалық тариф – диагностикалау және емдеу хаттамаларының негізінде қалыптастырылатын бір емделіп шығу жағдайы үшін орташа құн;
19) төсек-күн – науқастың стационар шарттарында өткізген күні;
20) түзету коэффициенттері – уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тарифті түзету мақсатында бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қолданатын коэффициенттер;
21) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі не облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары.
3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі тарифтерді бекітеді.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 241 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...