Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру



4. ТМККК медициналық қызметтеріне арналған тарифтер ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету бойынша қызметпен байланысты мынадай:
1) қызметкерлерге қосымша ақшалай төлемдерді қоса, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салыққа және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге, әлеуметтік салыққа, міндетті зейнетақылық жарналарға, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналарға, әлеуметтік аударымдарға;
3) ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсету үшін диагностикалау мен емдеу хаттамаларына және дәрілік формулярына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды және шығыс материалдарын сатып алуға;
4) «Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын натуралды нормада азық-түлікпен және ең төменгі нормада жұмсақ мүлікпен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысына (бұдан әрі – ҚР Үкіметінің № 128 қаулысы) сәйкес айқындалған шығындардың нормасы бойынша пациенттер үшін тамақ өнімдерін сатып алуға;
5) ҚР Үкіметінің № 128 қаулысына сәйкес есептелген қажеттілік бойынша жұмсақ мүккәмал мен кимі-кешек сатып алуға;
6) кадрлардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға;
7) коммуналдық қызметтерге: жылуға, электр қуатына, ыстық және суық суға ақы төлеуге;
8) басқа қызметтерге: ғаламторды қоса, байланыс қызметтеріне, іссапарлық шығыстарға, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жайды жалға алуға, кеңсе, шаруашылық және жанар-жағармай тауарларын сатып алуға, басқа тауарлар мен қызметтерге, банк қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығындарды қамтиды.
5. ТМККК медициналық қызметтеріне арналған тарифтер мыналарды қамтымайды:
қалыптасқан үнемдеуден берілетін қаражаттың есебінен, байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы денсаулық сақтау субъектілеріне, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ның еншілес ұйымдарына және дауыс беру акцияларының (жарғы капиталына қатысу үлесімен) жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестерге тарифке қосылған, құны бес миллион теңгеден аспайтын жабдықты сатып алуға арналған күрделі шығыстардан басқа күрделі шығыстар. Бұл ретте осы шығыстардың сомасы ТМККК көрсетуге арналған шарт сомасынан 1 %-дан аспауға тиіс;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 «Денсаулық сақтау ұйымдарын бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидалары» қаулысына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өтелетін «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының ТМККК көрсететін еншілес ұйымдарының амортизациялық шығыстарынан басқа, амортизациялық шығыстар;
рентабельділік пен пайда.




Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 368 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...