Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Параграф. Онкологиялық науқастарға көрсетілетін медициналық көмек



30. Ақы төлеу бір емделіп шығу жағдайы үшін тариф бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсеткені үшін жүзеге асырылатын республикалық денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілеріне (бұдан әрі – онкологиялық науқастарға медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектісі) ТМККК шеңберінде онкологиялық науқастарға көрсеткен медициналық қызметтер үшін ақы төлеу бір онкологиялық науқасқа шаққандағы кешенді тариф бойынша жүзеге асырылады.
31. Онкологиялық науқастарға медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектісіне онкогематологиялық науқастарды (лимфомамен ауыратын науқастардан басқа) қоспағанда, айына «ОНЭТ» АЖ-да тіркелген бір онкологиялық науқасқа шаққандағы кешенді тарифті есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

Ктонко = (Vонко қаржы жыл / Сонко орт. тізім. жыл) / m, мұндағы:

Vонко қаржы жыл – алдағы қаржы жылына арналған онкологиялық науқастарға медициналық қызметтер көрсетуге берілетін қаржыландыру көлемі;
Сонко орт. тізім. жыл – онкогематологиялық науқастарды (лимфомамен ауыратын науқастардан басқа) қоспағанда, онкологиялық науқастардың жылдық ортатізімдік саны, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

Сонко орт. тізім. жыл = (Сонко бас. + Сонко бас. х Қөсім/100)/2, мұндағы

Сонко бас – онкогематологиялық науқастарды (лимфомамен ауыратын науқастардан басқа) қоспағанда, қаржы жылының басында «ОНЭТ» АЖ-да тіркелген онкологиялық науқастардың саны;
Қөсім – соңғы үш жылдағы онкологиялық науқастардың орташа өсім қарқыны, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

Қөсім = (Сонко соң.(n1) / Сонко бас.(n1) х 100+ Сонко соң. (n2) / Сонко бас.(n2) х 100+ Сонко соң (n3) / Сонко бас.(n3) х 100)/3, мұндағы

Сонко бас. – онкогематологиялық науқастарды (лимфомамен ауыратын науқастардан басқа) қоспағанда, соңғы үш жыл кезеңіндегі (n1,2,3) жыл басында «ОНЭТ» АЖ-да тіркелген онкологиялық науқастардың саны;
Сонко соң. – онкогематологиялық науқастарды (лимфомамен ауыратын науқастардан басқа) қоспағанда, соңғы үш жыл кезеңіндегі (n1,2,3) жыл соңында «ОНЭТ» АЖ-да тіркелген онкологиялық науқастардың саны;
m – онкологиялық науқастарға медициналық қызметтер көрсетуге арналған қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлардың саны.
32. Онкологиялық науқастарға медициналық қызметтер көрсететін, ақы төлеу есепті кезеңдегі бір онкологиялық науқасқа шаққандағы кешенді тариф бойынша жүзеге асырылатын денсаулық сақтау субъектілері үшін қаржыландыру көлемін есептеу мынадай формула бойынша айқындалады:

V онко қаржы = Сонко орт.тізім х Ктонко, мұндағы:

Сонко орт.тізім – онкогематологиялық науқастарды (лимфомамен ауыратын науқастардан басқа) қоспағанда, онкологиялық науқастардың есепті кезеңдегі ортатізімдік саны есепті кезеңнің әрбір күнтізбелік күнінде «ОНЭТ» АЖ-да тіркелген онкологиялық науқастардың санын қосу және осы есепті кезең айындағы күнтізбелік күндер санына алынған соманы бөлу арқылы есептеледі.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 436 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...