Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Газдың жылу сыйымдылығы



Дененің температурасын 1К-ге арттыру үшін оған келтірілген жылу мөлшеріне тең шаманы дененің жылу сыйымдылығы деп атайды.

Меншікті жылу сыйымдылық – бұл 1кг заттың жылу сыйымдылығы.

Мольдік жылу сыйымдылық – бұл 1 моль заттың жылу сыйымдылығы.

Газды тұрақты көлемде немесе тұрақты қысымда қыздыруға болады. Соған сәйкес газдың екі жылу сыйымдылығы болады: и .

Бұл өрнекті Майер формуласы деп атайды.

Жылу сыйымдылықтардың қатынасы адиабата көрсеткіші деп аталады:

Адиабаталық процесте

Менделеев-Клапейрон теңдеуін дифференциалдаcaқ

Соңғы екі теңдеуден мынаны аламыз:

екенін ескеріп және айнымалыларды жекелесек,

Интегралдағаннан кейін

немесе

1 және 2 күйлер өз қалауымызша алынғандықтан,

Бұл өрнекті Пуассон теңдеуі деп атайды.

Термодинамиканың екінші бастамасы. Нақты газдар

1. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Карно циклы. Карно теоремалары.

2. Энтропия және оның қасиеттері.

3. Термодинамиканың екінші бастамасы және екінші текті мәңгі двигательді жасаудың мүмкін еместігі.

Егер жүйенің күйін анықтайтын макроскопиялық параметлер (қысым, температура) тұрақты болып қалса, жүйе термодинамикалық тепе-теңдік күйде болады. Тепе-теңдік күйдегі жүйеде жылу өткізгіштік, диффузия, химиялық реакциялар, фазалық ауысулар жүре алмайды.

Егер жүйе термодинамикалық тепе-теңдіктен шығып кетсе, онда сыртқы күштер оған әсер етпегенде, жүйе өз-өзінен тепе-теңдік күйге қайтып оралады.

Бірақ тепе-теңдік орнағаннан кейін, жүйе өздігінен алғашқы тепе-теңдіксіз күйге қайтып орала алмайды. Яғни, молекулалық жүйелердің механикалық жүйелермен салыстырғанда ерекшелігі бар – ол термодинамикалық процестің кайтымсыздығы.

Егер термодинамикалық процесс алдымен түзу бағытта, сонан соң кері бағытта өтіп жүйе бастапқы күйіне қайтып оралғанда, не қоршаған ортада, не жүйенің өзінде ешқандай өзгеріс болмаса, ондай процесс қайтымды деп аталады.

Бұл шартқа бағынбайтын процесті қайтымсыз деп атайды.

Қайтымды процестер – нақты процестердің идеалдық түрі. Оларды қарастырудың екі себебі бар: 1) табиғаттағы немесе техникадағы процестерді шын мәнінде қайтымды деп есептеуге болады; 2) қайтымды процестер ең үнемді болып табылады





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 4829 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...