Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Батыс Қазақстан облысының ''Оралоблгаз'' ААҚ-ның өндірістік шығындарын азайту резервтері



2006 жылы қүрделі жөндеу жоспарына сәйкес 37,8 млн. теңге көп шығындау жоспарланған, ал 2004 жылы – 28, 1 млн. теңге. 2006 жылы 9-шы айында «Жөндеу қоры» статьясы бойынша 14,4 млн. теңге шығындалды. ААҚ «Уральскоблгаз» мамандарымен келтірілген, шығындар анализі 6,875 млн. теңгеге артық шығындалуды көрсетті.Жалпы қорытындылар: Кірістер құрылымының көрсетілмеуіне және компанияны 2006 жылы 9-шы айының шығындары туралы мәлімет толық берілмеуіне байланысты, жұмыс тобының компанияның қаржылық - экономикалық жағдайы туралы нақты шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндігі жоқ және жағдайды келесідей түсінумен шектеледі.

Кесте 4

Ақша құралдарының шығыс статьялары 1 кв. 2 кв. 3 кв. Қорытынды
Газ және тасымалдау үшін төлемдер         69,3%
Басқа да қызметтер және ТМЦ         6,2%
ФОТ         7,2%
Басқада шығындар         8,5%
Несиені төлеу         8,7%
Барлығы         100,0%

Ақша ағымдарын басқарумен олардын құрылымы, (шығындар)

Бекітілген тарифті смета және газды халыққа сату бағасының құрылымы қажетті бизнес – процестердің құрылымын толық деңгейде көрсетпейді, өйткаені онда нақты бар түсініктер көрсетілмеген: «газды технологиялық жою», «газды өндіруді ұйымдастыру», «айналым қорларын толтыру шығындары» - жеткізушілерге алдын – ала төлеу келісімінің шарттарының және тұтынушылардың төлемеген төлемдерінің бар болуы.

Тұтынуды нормалауды негізге ала отырып, монополияға қарсы орган халыққа сатылатын газдың жылдық көлеміне тариф бекіту жағдайын, даулы жағдай деп есептейміз. Тарифті бекіту үшін газ көлемін анықтау керектігі туралы ААҚ «Уральскоблгаз» президенті Муташев С.Х ауызша түрде айтқан болатын.

Нормативті тұтынуды есептейтін тәуелсіз жүйесінің болмауы тек монополияға қарсы органдармен ғана емес, сонымен қатар акйионерлерменде қарым – қатынасының шиеленісуіне әкеледі.

Тарифтік жеткіліксіз қаржыландырудың себептерінің бірі болып компанияның негізгі қорларды жөндеу шығындарының есеп сызбаның болмауы табылады.Бұл жағдайда басқа біреудің меншігіндегі жүйелерді әрдайым марапаттап отыру қажет.

Қолданылып отырған тарифтік монополияға қарсы реттеу жүйесі газды өндіріс кәсіпорындарына сатудан түскен табысты есептемейді. Сонымен қатар өндіріс кәсіпорындары үшін баға белгілеуде көрнекілік жоқ, өйткені бұл мақсаттағы газдар әртүрлі жеткізушілермен бағытталады және тасымалдаудың бақыланбайтын орташа бағасы компания менеджментіне есептелмеген табыс алуына мүмкіндік береді.

Сауда операцияларындағы қолма–қол айналым кестесін кеңінен қолдану ағымдағы ақпараттың толықтығын қамтамасыз етпейді және акционерлердің экономикалық мүддесін бұзудың жолы болуы мүмкін.

Газды өндіру әдістерінің жеткіліксіздігі пайдаланылған газ үшін төлемді жинаудың қажетті деңгейін қамтамасыз етпейді.Бұл халықтың жылу беру мезгілінде 71 млн. теңге көп көлемде дебиторлық бережағының бар болуымен түсіндіріледі.Сонымен қатар қыркүйектегі тұтыну көлемі 4391 мың теңге, бұл ақшалай түрде 19 млн. теңге.

Ыстық сумен қамтамасыз етудің болмауы жағдайыеда тұтыну нормасының азғана ұлғаюы пәтерлердегі газды тұтынудың өсуіне әкеледі. Бұл көпқабатты үйлерде тұратын абонентердің газға шығынының төмен болуымен қатар, «суды ысыту» комуналды қызметінің жоғары бағасына байланысты. 1 ай ішінде ыстық су берілмесе тұтынушы 1 тұрғынға шаққанда 324 теңге үнемдейді, ал егер газдың счетчигі болса, онда өз қажеттігіне суды бөлек ысытқанда газды пайдаланғаны үшін 100 – 120 тенге жұмсар еді. Пәтерлердің тек 40 % ғана счетчик бар деп есептесек, ыстық судың болмауы жағдайына тұтыну номасын 13,5м адамнан 20 – 25м (адамға дейін өсіру ұсынылады).

Шығындарды есептеудің жеке тұтынушылар үшін де, сонымен қатар бүкіл газбен қамту жүйесінің де паркінің жеткіліксіз болуы, обьективті балансы қамтамасыз етпейді және дисбаланстын және ұрлау көздерін жоюға мүмкіндік бермейді. [ 3 ]

Компанияның әлсіз компьютерленуі және сәйкесінше, қолданылатын ақпараттық технологиялар жеткіліксіздігі қалыптасқан жағдайда төтеп беруге және басқару шешімдерінің тиімділігіне жауап бере алмайды.

Облыс аудандарын әртүрлі экономикалық жағдайында және газды жеткізу, тұтыну мүмкіншілігінің әртүрлі болуында жалпы тариф компания экономикасын басқарудың тиімді құралы бола алмайды өйткені бұл жағдайды бұндай тарифті саясат орны жедел толтырылмайды, әлде айтарлықтай шаруашылық ресурстары қажет болады. Сонымен қатар қолданылып отырған тарифті саясат елді мекендрмен бүкіл ауданның пайдаланатын энергия құрылымының есебін қамтамасыз етпейді. Бұл жағдайда өмір сүруді қамтамасыз ететін өзара байланысты сату мен тасымалдаудың тариф жүйесін қалыптастыру туралы сөз блып отыр: орталықтандырылған жылумен қамтудағы үзілістер халықтың тұтынуының тез өсуіне және ТЭЦ – н газ пайдалану шығынының төмендеуіне әкеледі, сонымен қатар ТЭЦ үшін тасымалдаудың өсуі жағдайында орталықтандырылған ыстықсумен қамту құны өседі, ал ол өз кезегінде КПД абоненттерінің газға деген қажеттілігін арттырады.

Өңдеудің қазіргі заманғы әдістерін өндірудің қиындықтарының бірі нарықтың газбен қамтуды ұйымдастырудың нарық түріне психологиялық әзір еместігі облыс пайдаланылған газға бережақтарды көп болған кезде де газсыз қалған жоқ, ал жергілікті газ компаниялары қатаң тәртіпке барған жоқ, төлемсіз тауар жоқ. Бұл жағдайда компанияға мемлекеттік органдармен және лауазымды адамдармен жақсы қарым – қатынас орнатуы қажет. Қажетті имидж бен өндіру статегиясын қалыптастыру үшін компания активті, кей жерде агрессивті PR – компаниясымен нығайтылуы қажет. Осы стртегияны қамтамасыз ету үшін қоғаммен байланыс бөлімі БҚО – н бөлшек сауда нарығына етуді ақпараттық қамтитын шаралар немесе бюджет жасауда.

Тарифтік сметада негізгі қорларды модернизация 3,0 млн. теңге, ал реновация 22,360 млн. теңге бөлінеді. Сонымен қатар нгізгі қорлардың амортизациясы 16,484 млн. теңге. 12,5 млн. теңге көлеміндегі пайданың қалған бөлігін осы айтылған мақсаттарға қолдануға болады. Газды жеке қажеттіліктерге пайдалануға 900,0 мың теңге қарастырылған.2006 жылдың 9 айы бойынша жеке қажеттіліктерге газдың шығысы 143 мың, куб.м. құрайды.

Баланстағы негізгі құралдардың амортизация тарифтік есептеу үшін меншік қатынастарын жою жұмыстарын жүгізу қажет: әлде жалға алу келісімін рәсімдеу керек, әлде пайдасыз мүлікті коммуналды меншікке беру керек. Бұл жағдайда қоғамның экономикалық мүддесін қамтамасыз ету әдістерінің бірі болып газ құбырлары иелерімен қызмет көрсету шартын жасау табылады, ал одан түскен табыс бүкіл шығындарды жабады.

Жергілікті бөлу желілеріне газды тасымалдау шығындарын нақты талдау негізгі артық шығындалу жөндеу қоры мәлімдемесінде көрініс табады. Одан кейін «Басқада шығындар», «Газды жоғалту» және «Жалақы» мәлімдемелері туралы тарифті сметаның барлық мәлімдемелері бойынша барлық артық шығындалуы 27 млн. теңге құрайды. [ 10 ]

Кесте 5

Шығын статьясы Өлшем бірлік Мың.тенге Қабылданған АРЕМ
       
  Өндіріс шығыны Мың.теңге 148668,30
Материалдар Мың.теңге 13160,0
Жеке қажеттіліктерге газ Мың.теңге 900,0
Электрэнергиясы Мың.теңге 1639,0
ГСМ Мың.теңге 8456,0
Негізгі қорлардың тозуы Мың.теңге 16484,10
Күрделі және ағымдағы жөндеу Мың.теңге 22360,0
Еңбекке төленетін шығын Мың.теңге 75553,80
Жалақы Мың.теңге 63545,60
Әлеуметтік несие Мың.теңге 12008,20
Россияға газды транзиттеу Мың.теңге 9515,40
  Барлық шығын Мың.теңге 60523,80
Жалпы административтік шығын Мың.теңге 47944,30
Административтік қызметкер жалақысын төлеу Мың.теңге 17948,30
әлеуметтік салық Мың.теңге 3392,0
Салық Мың.теңге 26604,0
Коммуналдық қызмет Мың.теңге 8474,5
Ақпараттық Мың.теңге 2945,5
Аудиторлық Мың.теңге 300,0
Байланыс қызметі Мың.теңге 100,0
Банк қызметі Мың.теңге 3371,80
Барлық табыс Мың.теңге 224100,0

Өнімнің өзіндік құнын арзандату - еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.

Сонымен ААҚ «Оралоблгаз» өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге байланысты, бұл процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәжірибие жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбектің шығынын үнемдеу. ААҚ «Оралоблгаз» қазіргі кезеңде нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда недәуір салмақты нәтиже беруде. Бұл өндірісті материалдық – техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және т.б. көптеген жүйелер. Өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми – техникалық прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар бойынша елеулі орын алады. [10]

Орытынды

Қазіргі қоғамның әміршіл - әкімшіл жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтатын болсақ, жалпы мемлекеттік меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жаупкершіліксіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру –нарықтық экономиканың өзіне тән ерешелігі. Қоғаммен кәсіпорынды басқару заңдары мен тәсілдері адамзатқа ежелден белгілі болған. Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 16 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр. [5]

Қорытындылай келе айтпақ болған ойым мынадай шешімдрге тәуелді:

Ø Кәсіпорын – бұл өнім өндіру үшін құралған дербес шаруашылық жүргізетін субъект, өндірген өніміне иелік етеді, пайда табады, салық төлемінен қалған пайданы жаратады. Кәсіпорын өз міндетін атқару үшін мүлкі болуы керек.

Ø Шығындар деген нәтижесінде өнім өндіріп, өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланатын ақшалай көрінісі.

Ø Өндіріс шығыны – бұл кәсіпорынның өндіруге және өнімді сатуға кеткен барлық шығындардың сомасы, яғни өнімді өндіруге кеткен еңбек шығындарының (нақты еңбек, өткендегі еңбек) жиынтығы.

Ø Өндірістік шығындарды жүйелі түрде төмендету – кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.

Ø Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету – шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр.

Ø Осы жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындауына байланысты кәсіпорын пайда немесе зиян шегеді. Кәсіпорынның рентабельді жұміс істеуі, зиянмен істеуі немесе тек қана шығынды жабатын деңгейде істеуі ол тікелей ресурстарды пайдалануымен және нарықтың сұранысы, баға деңгейіне байланысты.

Ø Кәсіпорынның пайда табу кепілдігі маркетинг бойынша тиімді жұмыс негізінде сату көлемін арттыру, сонымен қатар өнімнің сапасын жоғарлату және өнім бірлігіне шаққанда шығындарды азайту болып табылады.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашады. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. [ 8 ]

Менің ойымша, нарық жағдайында, кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай күйінің орнықтылығының негізі ─ оның қаржы тұрақтылығы болып табылады.Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сауданың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1057 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...