Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Батыс Қазақстан облысының ''Оралоблгаз'' ААҚ даму тарихы және қаржылық жағдайы



Батыс Қазақстан облысының газ шаруашылығына 42 жыл ы «Оралоблгаз» ААҚ мекемесі Қазақ ССР Совет Министірлігі 25.05.1960 жылы № 942 және Қазақ ССР шаруашылық министірінің № 145 04.07.1960 жылы бұйрығы бойынша қалыптасты. Бұл кәсіпорынның басты мақсаты халқы газбен, газ қондырылғыларымен қамтамасыз ету, сонымен бірге облыстың кәсіпорындары мен халқының табиғи газды қолдану желісін кеңейту.

Қазіргі кезде табиғи газды реттеу желісін 1855,8 км пайдалануда, оларға 89409 облыс орталығындағы жанұялар, Ақсай қаласында және 11 облыстық аудандардың жетуі қосылған. Бұл желістердің отанын 175 котельный пайдаланып отыр, сонымен бірге Орал үшін жылу және электір энергиясын өндіретін Орал ТЭЦ, Акционерлік қоғамның негізгі міндеттері:

- тұрғын және комуналды-тұрмыс объектілерінің газ жүйесін пайдалануға беру;

- жөндеу және үйдің ішіндегі сенімсіз желістерді және приборларды ауыстыру;

- газ құралдарын және счетчиктерін орнату;

- газ қондырғыларын монтаждау;

- жұмыс қысымы 5,5 мпа дейінгі газ проводтарын жөндеу және пайдалану;

- газ шаруашылығына қызмет көрсету, жөндеу және қызметшілерді дайындау және дайындықтан өткізу;

- бастан аяқ құрылысқа жұмыс жобаларын құру;

- құрылыс-монтажды жұмыстар;

- құрылыс материалдарының бөлек түрлерін өндіру;

«Оралоблгаз» ААҚ оқу бөлімшесі қәсіп орынға жүмысшы мамандарды дайындайды, сонымен бірге қәсіпорындар, коммуналдық және тұрмыс объектілері, құрылыс ұйымдары үшін газдандыру жүйелерін жөндеу және пайдалану мамандарын дайындайды.Қазіргі кезде мамандарды оқыту және білімін арттыру 25 мамандық бойынша жүргізіледі:

- АГСМ қозғалу жүргізушісі

- ГБА жұмысшылары

- Газсығу регламентінің қызметіне бақылау

- Крандарды жүктердің қозғалуы бойынша жауапкершілік

- Краншы

- Түтінді тазалау бойынша ұста

- ЭХЗ қызметі бойынша ұста

- Қауіпті жүкті жеткізу жүргізушісі

- Газоэлектросварщик

- Қаіупсіз техника жауаптысы

- Газбалонды машина жүргізушісі

- АЗС жауапты тұлғасы

- Оператор АС

- Су операторы

- газкескіш

- ЭГС агроном

Акционерлік қоғам бойынша персоналға кететін шығындарға келесілерді жатқызуға болады. Персоналмен еңбек ақы бойынша есеп айырысу, әлеуметтік қамсыздандыру қоры, қайырылымдылық мақсаттарға арналған шығындар, жолға, сапарға төлеу шығындары, жұмыскерлерге және оның отбасының мүшелеріне материялдық көмек, сыйақы, әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар, қызметкерлерді оқыту, білімді жоғарлатуға кететін шығындар.

Кәсіпорынның жұмысшыларының сапасының құрамын проценттік, сандық көрсеткішпен көрсеттім. «Оралоблгаз» ААҚ жұмысшыларының қаншасы жоғары білімді, орта және орташа деп көрсеттім. Жалпы «Оралоблгаз» жұмысшылар саны 424 болса, соның жоғары білімдісі 105, орта маманы бойынша 162, орташасы 157 адамды құрйды. Басшылардың саны 31 болса, соның жоғары білімдісі 28, ал орта маманы бойынша 3 жұмыскер. Ал мамандардың жалпы саны 82, соның ішінде жоғары білімдісі 40, орта маманы 32, ал орташасы 10 жұмыскер.

Өткізу желісінің құрылымы Орал қаласының тұрғындары қызмет көрсететін абоненттік бөлімге, заңды тұлғаларға қызмет көрсетумен айналысатын тәртіпті–келісімді бөлімге (ТКБ) және аудандық эксплуатациялық учаскелерге жазылған өткізу қызметкерлерге бөлінген.

Кесте 3

Абоненттік бөлімнің құрылымы

Бөлім бастығы
Бастықтың орынбасары
Техникалық қолдау бөлімшесі Төлемдерді бақылау Шағым қабылдайтын қызмет. Учаскелік бақылаулар.
2 инженер 6 оператор 2 заңгер, 3 есепші 22 бақылаушы

Барлығы 37 бірлік штат қарастырған.Өткізу қызметкерлер абоненттік кітапша бойынша жұмыс жасайды. Сонымен бірге абоненттер тарифтер мен мөлшерлерге сәйкес келетін төлемдердің толық сомасын көрсетеді.Бақылаушылар бақылауды айдың 20-нан бастап, келесі айдың 3-де аяқтайды. Жеке сектор бойынша бақылау жалпылама жоспарланады, көрсеткіштер 85-87% деңгейінде жүзеге асырылады. Оған себептер дәстүрлі:есеп құралдарына рұқсаттың шектеулілігі, бақылаушы жұмысының сапасыздығы, газ компаниясына хабарлаусыз абонентті ауыстыру.Көп қабатты үйлер бойынша, біріншіден ақы төлемейтіндермен жұмыстар жүргізілуде.

Абоненттерді тез айыру және қосу үшін бақылаушылардың ішінен 2 бригада құрылған. Абоненттік бөлім бастығынан алынған ауызша мәлімет бойынша қарыздарды төлеу мерзімінен асып кеткен абонент- дебиторлардың саны 360 шамасында.

Операторлар орталық офиста отырып,абонент бойынша мәліметтерді тексерулерді жүзеге асырады, ал қажетінде кассаға төлеу үшін квитанция жазып береді. 2006 жылдың күзінде «Оралоблгаз» АҚ абонент бөлімі жүргізген талдауына сүйенсек, ақша қорының негізгі жинағы (60-70 %–ға дейін) қоғамның жеке кассасына келіп түседі.Ол ең алдымен осы жылы өткізілген абоненттердің қайта тіркеуімен байланысты.

Режимді келісімді бөлім өнеркәсіп кәсіпорындарымен, сонымен қатар Орал қаласымен және Бөрлі аудандарымен коммуналды – тұрмыс жұмыстарын жүргізеді. АҚ «КазТрансГаз Дистрибьюшннің» эксплуатация бөлімінің басшысы Имамбеков режимді – келісімді бөлімнің басшысымен газды шығынның есебі туралы кеңесті жүргізді. Имамбековтың жинаған мәліметтері бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарындағы газ шығынының есебі жүйесіз және айлық қорытынды бойынша газ балансының мәлімдемесі нақты емес.

Аймақтарда газды реализациялаумен техникалық директорға бағынатын аудандық эксплуатациялық бөлімдер айналысады. Халықтан жиналған ақша қоры авария эксплуатациялық бөлім (АЭБ) кассаларында сақталады.

Облыс және аудандарды газбен жабдықтаудың техникалық инфрақұрылымы.Облыстың газбен жабдықталу жүйесінің жалпы көрсеткіші. «Оренбург – Новопсков» және «Союз» магистралды газ құбырлары Орал қаласын, Тасқала, Зеленов, Жәнібек және Казталов аудандарының кейбір бөліктерін, «Илек – Аксай» - Бөрлі ауданын және Ақсай қаласын, «Средняя Азия – Центр» - Жаңғала және Казталовка ауданының кейбір бөліктерін, «Ростощи – Калмыково» - Атырау қаласын табиғи газбен жабдықтайды. Кейбір шекараға жақын аудандар ААҚ «Югтрангаз», ААҚ «Волгоградтрнсгаз» және ААҚ «Саратовоблгаз» ресей газ құбырлары арқылы газбен жабдықталынып отыр. (Қосымша Ә)

Оренбург және Қарашығанақ ГӨЗ – ң ортасымен шикігаз конденсатын таситын және кері тауарлы құрғақ газды таситын 720 – 1020м. Диаметрлі газ құбыры орналасқан. Қазіргі кезде шетел инвесторларының есебінен Бөрлі ауданы газдандырған: Қарашығанақ кен орнының газы Ақсай қаласында, Қызылтал, Пугачева, Бөрлі ауылдарына беріледі. «Ақсай – Илек» газқұбыры КПО–ң иелігінде және ЖШС «БиДжи Қарашығанақ Дистрибьюшнмен» қызмет көрсетіледі. 240 – км- лі «Средняя Азия – Центр» магистралды газқұбыры облыстың оңтүстік – батыс бөлігімен өтеді және «Атырау» УМГ – мен қызмет көрсетіледі. Компрессорлық станция Қисық – Қамыс ауылында орналасқан. Берілген магистралдан облыс тұтынушыларын газбен жабдықтау ұйымдары үшін 10 тармақ бар. Облыстың солтүстік – батыс бөлігінен «Союз» және «Оренбург - Новопсков» магистралды газ құбыры өтеді. [10]

Компанияның қаржы – экономикалық жағдайы.ААҚ «Уральскоблгаз» көрсетілген бухгалтерші балансы бойынша 01.10.06 жылға валюта балансы 677,55 млн теңгені құрады.Активтың 56,9 % негізгі құралдарды құрады және 33,0% - ағымдағы дебиторлық бережақты. 385, 52 млн. теңгеге тең негізгі құралдар, бірінші орында, газ құбырларымен қалдық құнынан құралған және 80 – 85 % тең. Пассивтердің 60,8% ағымдағы міндеттемелер құрайды, соның ішінде, кредиторлық бережақ – 384,041 млн теңге, зайымдар – 13,436 млн теңге. Жабылмаған шығындар 48,303 млн теңге құрайды. Бұл мәліметтер компанияның айналым құралдарының жеткіліксіз деңгейімен жұмыс істегенінін көрсетеді. Осыған байланысты жалпы дебиторлық бережақ тек 57, 9% жабады, ал ТМЦ–ы есептегенде – 67,6 %-ы. Жалпылама алғанда ағымдағы міндеттемелердың барлық дебиторлық бережақтан артуы (20 млн. теңге). (Қосымша Б)

«Дайын өнімді сатудан түскен табыс» жолында 15, 713 млн теңге көрсетілінген, бірақ бұл периодта тек «Жайықтеплоэнерго» ААҚ – ға 14,7 млн. текше метр газ тасымалданған (9,2 млн. теңге), тұрғындарға 35 – 36 млн. тенге кем емес газ сатылған және өндірістік кәсіпорындарға 6,0 млн. текше метр газ (30 – 35 млн. теңге) берілген. Осылай сатылған өнімнің жалпы көлемі тек 3 – квартылда 70 – 80 млн. теңге құрайды. Берілген салықтық декларацияда алдынғы периодтағы табыс 52,1 млн. теңге көлемінде көрсетілген. Ал «Центргазсервис» ЖШС 2003 жыл шілде – қыркүйек айларында берілген табиғи газдың өзіндік құны жеткізушілермен есептесу мәліметтерінде 68,4 млн. теңге көлемінде көрсетілген. 223,4 млн. теңге құрайтын, тұтынушылардың кредиторлық бережақ құрылымында көрсетілінгендер АҚ «Металлист» бережағы (68,975 млн. теңге), қала және облыс тұрғындарының бережағы МПКХ «Приуральный» (14,8 млн. теңге), ККП «Зеленовский» (14,1 млн. теңге), АҚ «Речфлот» (6,4 млн. теңге) және Дарьинск орта мектебі (6 млн. теңге).

Кредиторлық бережақта негізгісі болып КПО б.в. алдындағы бережақ табылады – 359,5 млн. теңге. Кредиторлар тізіміне ЖШС«Центргазсервис» кіреді – 21,1 млн. теңге. Жеткізушілермен есептесу мәліметтерінде ААҚ«Уральскоблгаз», ЖШС «Би Джи Карачаганак Дистрибюшн» (15,1 млн. теңге) және ЖШС «Тенгизшевройл» (6,3 млн. теңге) алдында бережақтары бар. КПО б.в. алдындағы бережағын облыс бюджетінен женілдікті несие алу жолымен жабу көзделген.

ААҚ «Ораллблгаз» қаражатты пайдалану 2004, 2005, 2006 жыл аралығын қарастырдым. Қаражатты ең көп мөлшерде сыйлық беруге жұмсалған. Соның ішінде 2004 жылы 4053,4 мың теңге болса, 2005,2006 жылдары 4964,5 мың теңгеге дейін көп мөлшерде жұмсалған, ал ең аз жұмсалатыны ол авгандар, ҰОСҚ-ға, соның ішінде 2001 жылы 68,3 мың теңге болса, 2005 жылы 77,5 мың теңге, 2006 жылы 121,1 мың теңге дейін өскен. Кәсіпорын қорынан қаражаттарды пайдалануда барлық кеткен қаражат 2004 жылы 8139,1 мың теңге, 2005 жылы 9557,6 мың теңге, 2006 жылы 9515,4 мың теңге жұмсалған. Көмек беруге 2004 жылы 948,9 мың теңге жұмсалса, 2005 жылы 859,9 мың теңгеге азайып, ал 2006 жылы 953 мың теңгеге дейін өскен. Жұмысшыларға жолдамалар алуға 2004 жылы 93,8 мың теңгеге шығындалса, 2005 жылы 112,2 мың теңгеге алып, ал 2006 жылы 127,4 мың теңгеге дейін көп мөлшерде қаражат бөлінген. Материалдық көмек көрсетуге 2004 жылы 724,3 мың теңге, 2005 жылы 855 мың теңге, ал 2006 жылы 1058 мың теңгеге дейін қаражат бөлінген.

«Оралоблгаз» ААҚ ақша қаражаттары түсуінің өзгеруі 2004 жылы барлығы 591153 теңге, 2005 жылы 697002 теңге, 2006 жылы 1120271 теңгеге өсті. Газды өткізуге 2004 жылы 575161 теңге, 2005 жылы 672692 теңге, 2006 жылы 920954 теңгеге өсті. Ал 2004 жылы 362313 теңге түскен,соның 90%-і табиғи газды өткізу мен тасымалдаудан түскен.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1135 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...