Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

І. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын және өндірістік шығындар теориясы



Мазмұны

Кіріспе...............................................................................................................3

Ι. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын және өндірістік шығындар теориясы.

1.1. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын...............................5-8

1.2. Кәсіпорындағы өндірістік шығындар теориясы және мәні..............9-12

ΙΙ. Өндіріс шығындарын азайту резервтері («Оралоблгаз» мұнай өнеркәсіп саласында)

2.1.Өндіріс шығындарын азайтудың негізгі бағыттары........................13-14

2.2. Батыс Қазақстан облысының ''Оралоблгаз'' ААҚ

даму тарихы және қаржылық жағдайы............................................. 15-21

2.3. Батыс Қазақстан облысының ''Оралоблгаз'' ААҚ-ның

өндірістік шығындарын азайту резервтері......................................21-27

Қорытынды...................................................................................................28-29

Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................30

Қосышалар

Кіріспе

Қоғаммен кәсіпорынды басқару заңдары мен тәсілдері адамзатқа ежелден белгілі болған. Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 16 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр. [5]

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егерде ол нарық талабын аса сауаттылықпен және комплненттілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз ете алса. Біздің міндет Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекеттіңк қызмет пен басқарылу құрымының, осы заманғы тиімді жүйесін жасау; басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкімет құру; ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатындай мемлекет қалыптастыру. [7]

Әлемдік шаруашылықтың жаһандық жүйесі - өзінің ережелері бойынша жұмыс істейтін қалыптасқан әрі орнықты тетік. Біз де осы ережелерге сай жұмыс істеуіміз керек. Әлемдік рынокта бізді күтіп тұрған ешкім жоқ, бірақ біз онда қажеттігімізді танытып, іргемізді бекітіп алуымыз қажет.

Біз алдымызға қойып отырған биік мақсаттарға жету барлық биліктің органдары мен институттары, іскер ғылыми және сарапша топтар тарапынан қосымша көп жігер – қайрат жұмылдыруды, көп ретте іске жаңаша қарауды, мүлде тосвн тұрғвдан келуді талап етеді. Сол үшінде Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту жолы таңдап алынды. Бұл – біздің бұдан былайғы дамуымыздың бірден – бір дұрыс арнасы. [8]

Тақырыптың міндеті:

· Ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;

· өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

· экономикалық процестерді мемлекет тарапынан тексеру;

· шығынның белгілі бір мөлшерін тиімді ету;

· өнімнің өзіндік құнын арзандату;

· мемлекеттік стандарттар және тағы басқа.

Тақырыптың өзектілігі: қазіргі нарық жағдайында еңбекті ұйымдастыру және еңбекті жетілдіру, ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеуге әкеліп соғады. Қазіргі кезеңде нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда нәтижелігі. өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік стандарттардың орындалуы елеулі орын алады.

Зерттеу объектісі: шығындарды жүйелі түрде төмендету – кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды. Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету шаруашылықты жүргізудің әртүрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр

І. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын және өндірістік шығындар теориясы.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1867 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...