Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын



Кәсіпорын – бұл өнім өндіру үшін құралған дербес шаруашылық жүргізетін субъект, өндірген өніміне иелік етеді, пайда табады, салық төлемінен қалған пайданы жаратады. Кәсіпорын өз міндетін атқару үшін мүлкі болуы керек.

Кәсіпорын мүліктерінің қайнар көзі:

· кәсіпорын құрылтайшыларының материалдық және ақшалай жарнамасы;

· өнім, қызметтерден түскен түсімнен пайда;

· құнды қағаздар және олардан түскен пайда;

· инвестиция және бюджеттен дотация;

· қайрымдылық жарнама;

· мекемелер мен тұрғындардың көмегі;

· мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін конкурс, аукцион арқылы сатып алу;

· мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін акционерлік қоғам арқылы сатып алу.

Кәсіпорын формалары:

1. дербес (отбасылық) жеке кәсіпорын;

2. мемлекеттік;

3. арендалық;

4. муниципалдық кәсіпорын жергілікті бюджет есебінен құрылған.

Кәсіпорынның функционалдық механизмі. Нарық жағдайында кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық ролі өзгереді:

· негізгі талап – пайда табу;

· көп өндірудің орнына, қойма толтыру емес, өткізу;

· өз бетімен жұмыс істеуді кеңейту;

· банкроттықты болдырмау және тағы басқа

Кесте 1.

Кәсіпорынның нарықтық моделі.

Осы жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындауына байланысты кәсіпорын пайда немесе зиян шегеді. Кәсіпорынның рентабельді жұміс істеуі, зиянмен істеуі немесе тек қана шығынды жабатын деңгейде істеуі ол тікелей ресурстарды пайдалануымен және нарықтың сұранысы, баға деңгейіне байланысты. [4]

Кәсіпорынның жұмыс істеу тиімділігі мынадай көрсеткіштермен айқындалады:

1. өндірілген өнімің еңбек сыйымдылығы = орташа жұмысшылар саны (еңбек сағаты) / жалпы немесе таза өнім мөлшері;

2. қор қайтарымы = жалпы немесе таза өнім / өндірістік қордың орташа жылдық құны;

3. қор сыйымдылығы = негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны / жалпы немесе таза өнім;

4. материал қайтарымы = жалпы немесе таза өнім көлемі /ағымдағы материалдық шығындар;

5. материал сыйымдылығы = ағымдағы материалдық шығындар /жалпы немесе таза өнім;

6. кәсіпорынның пайдасы = сатылған өнімнен түсім және өнімнің толық өзіндік құнының айырмасы;

7. кәсіпорынның рентабельділік нормасы = пайда / негізгі қор + айналым қоры х 100%.

Кәсіпорынның құрылымы:

· негізгі өндірістік бөлім;

· көмекші бөлім;

· қосалқы, қосымша өндіріс бөлімдері;

· басқару аппараты, бөлімдері.

Кәсіпорында атқарылатын жұмыстар:

· ғылыми зерттеу;

· жоспарлық құрастыру;

· өндіру;

· жөндеу, модернизациялау;

· бақылау, қамту, қызмет ету, сақтау, тасымалдау;

· пайдаға асыру, қайта өндіру, консервация, тазалау;

· қауіпсіздік профилактикасы, басқару.

Кәсіпорынды басқару функциясы:

1. есеп, статистика, талдау;

2. жоспарлау, шешім қабылдау, іске асыру;

3. мотивация, орындауды бақылау, реттеу.

Кәсіпорын – бұл өнім өндіру үшін құрылған дербес шаруашылық жүргізетін субъект, өндірген өніміне иелік етеді, пайда табады, салық төлегеннен кейін қалған пайданы керегіне жаратады.

Кәсіпорынның нарық жағдайында функционалдық механизмі: негізгі талап пайда табу; көп өндірудің орнына, қойма толтыру емес, тауарды жылдам өткізу; өз бетімен жұмыс істеуді кең өрістету; банкроттықты болдырмау т.б. Таңдап алынған технологияның тиімділігі өндірген өнім бағасымен және оның сапасына байланысты.

Кәсіпорын пайда табуды өрістету үшін төрт түрлі еркін қимыл жасай алады:

· бағаны тағайындау;

· тиімді шығын мөлшерін жасақтау;

· өнімдердің ассортименті мен номенклатурасын таңдау;

· өнім көлемін анықтау.

Кәсіпорынның пайда табу кепілдігі маркетинг бойынша тиімді жұмыс негізінде сату көлемін арттыру, сонымен қатар өнімнің сапасын жоғарлату және өнім бірлігіне шаққанда шығындарды азайту. Кәсіпорын өзінің басты артық қаржыларын басқа кәсіпорындардың немесе банктердің бағалы қағаздарына жұмсау арқылы инвестиция портфелін жасақтайды. Мұндағы мақсаты салған салымның табыстылығы және капиталдың өсуі. Бұл екі мақсатта қайшылықты болдырмау үшін салымдарды диверсификациялау керек, яғни көпшілік клмпаниялар арасына тарату. Ескеретін жағдай бағалы қағаздарға салым салу көп тәуекелділікті талап етеді. Қор нарығының конъюктурасын ұдайы бақылап отырмаса қолда бар қаржыдан айырылып қалу қаупі бар. Ол үшін трастлық компаниялардың қызметін пайдалану тиімді. Бағалы қағаздарға нағыз тиімді сапым – ол өнімдеріне сұраныс қанағаттанбайтын компаниялар бағалы қағаздарға салым.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 7500 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...