Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары



Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес (жалпы бөлім): «Кәсіпкерлік – азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады». Кәсіпкерлік – табыс алу мақсатында жаңалықты, тәуекелді, ойлап табуды қолданатын шаруашылық әрекет. Кең мағынада – бұл алдын-алушылық, бастамашылық, экономика саласындағы белсенділік. Тар мағынада – бұл меншік иесінің немесе шаруашылық субъектісінің экономикалық әрекеті.

Кәсіпкерлік – нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты және өндіріс факторы. Шаруашылық әрекет ретіндегі кәсіпкерліктен кәсіпкерлік қабілет түсінігін ажырату қажет. Соңғысы игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында өндіріс факторларының барлығын біріктіретін адами капиталдың ерекше түрі. Адам ресурсының бұл әр түрлілігінің ерекшелігі өндіріс процесі барысында коммерциялық негізде өндіріліп жатқан өнімнің, технологиялардың жаңа түрлерін жасай алуына, тәуекелдің белгілі бір деңгейінде және зиян шегу мүмкіндігі шегінде бизнесті ұйымдастырудың нысандарының жаңа түрлерін шығаруға байланысты. Кәсіпкерлік қызмет өзінің масштабы бойынша және нәтижелері бойынша жоғары білікті еңбек шығындарына теңестіріледі.

Кәсіпкерлік қарастырады:

· Шаруашылық субъектілерінің экономикалық және құқықтық дербестігін;

· Шаруашылық иелерінің шаруашылық қызмет түрін таңдаудағы және экономикалық қатынастардағы агенттерді таңдаудағы еркіндікті;

· Меншіктің түрлі нысандарының болуын тануды, соның ішінде жеке меншікті;

Ол келесі белгілермен сипатталады:

· Шаруашылық қызметті және оның әдістерін таңдаудағы еркіндік, тек жеке дербестік емес, сонымен қатар новаторлық;

· Қабылданған шешімдерге, оның салдарына және осыған байланысты тәуекелге жауапкершілік;

· Экономикалық және моральдық табыстарға жетуге бағытталу.

Кәсіпкерлік ерекше функцияны – экономиканың қалыптасуын және дамуын қамтамасыз етуді, оның тұрақты жаңаруын, иннновациялық ортаның құрылуын атқарады.

Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары әр түрлі. Барлығынан бұрын, меншік сипатына байланысты мемлекеттік және жеке кәсіпкерлікті бөліп көрсетуге болады.

Мемлекеттік кәсіпкерлікте өндірісті ұйымдастырушы және құрылтайшы ретінде мемлекет немесе муниципалитет болады. Әдетте, мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет экономиканың жеке капиталды тартпайтын сфераларын қамтиды. Бұған себеп әр түрлі болуы мүмкін: алғашқы капитал салымдарының шектен тыс көптігі. Мемлекет бұл шығындарды қоғамның қажеттіліктерін неғұрлым толық және тиімді қамтамасыз ету мақсатында және ғылыми-техникалық прогрестің неғұрлым тиімді түрлерін іздеуде алға жылжуын қамтамасыз ету үшін толтырады.

Мемлекеттік кәсіпкерліктің тиімділігі жеке кәсіпкерліктен төмен (авансталған капиталға жатқызылған алынған табыстар шамасы бойынша салыстырғанда). Бұл бәсекелестіктің жеткілікті деңгейде жойқын болмауымен түсіндіріледі: шығындарын жаба отырып, мемлекет оған көмектеседі. Мемлекеттік кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлікке қарағанда аз мөлшерде өзінің шаруашылық әрекетінде, баға қалыптастыруда еркін және өзінің өнімін өзіндік құны бойынша өндіруге жиі мәжбүр болады.

Сондықтан экономикада мемлекеттік сектордың түсіндірулерсіз көбеюі экономикалық өсім қарқынының төмендеу қаупімен қолайсыздыққа ұшыратады. Бұл жағдайды тарих әр түрлі елдерде талай дәлелдеген. (Англияда, Индияда, Бирмада, Египетте және т.б.). Осымен қатар, мемлекеттік және жеке сектордың арасындағы қолайлы тепе-теңдікті біржолата анықтау мүмкін емес.

Жеке кәсіпкерліктің нысандары әр түрлі:

· Капитал иесі бір адам болып табылатын жеке фирмалар;

· Бірнеше адамның капиталын біріктіретін пайға негізделген серіктестік;

· Әркімнің пайы бағалы қағаздар арқылы бекітілетін акционерлік қоғамдар (корпорациялар).

Бұларды кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысанына жатқызады. Ұйымдық-құқықтық нысанының тағы да бір ерекше түрі кооперативтер болып табылады. Олар көптеген дамыған елдерде фирма ретінде қолданылмай, қызметі тек табыс алуға ғана емес, сонымен бірге олар өздерінің шаруашылық қызметінде кооператив мүшелеріне көмектесуге бағытталған қоғам, бірлестік болып есептеледі. (мысалы, кредиттік, өнім өткізу, тұрғын үй, тұтынушылық кооперативтері). Негізінен, мұндай кооперативтер уақытша ғана болады және өздерінің қызметін атқарып болғаннан кейін жұмысы тоқтайды немесе кәсіпкерліктің басқа түрлеріне айналады (серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік).

Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың әрқайсысы кәсіпкерлік қызмет нысанын таңдауда есепке алуға қажетті өзіндік артықшылықтар мен кемшіліктерге ие. Қазіргі экономикада жетекші рөлге қызметі негізінен ұлттық нарықтарға да әлемдік нарықтарға да есептелген акционерлік қоғамдар ие. Акционерлік компаниялар жаппай өндіріспен немесе сауда саласында, қаржы және басқа сфераларда қызмет көрсетумен, яғни неғұрлым нақты деңгейде қоғамдастырылған өндірістік күштердің осы салаларымен және қоғам өмірінің осы сфераларымен байланысты.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 3078 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...