Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Индикативтік жоспар



Индикативті жоспарлау – бұл нарық экономикасының қызметіне ықпал етудің негізгі әдістері, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізу құралы. Ол мемлекет шараларының ықпалынсыз қиын тиетін, экономикалық өмірдің көптеген мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. Индикативті жоспарлау парпметрлердің (индикаторлардың) жүйесін қалыптастыру үдерісін көрсетеді. Бұл серпін, құрылым, экономиканың тиімділігі, қаржы жағдайы, ақша айналымы, тауарлар рыногы және бағала қағаздар, баға қозғалысы, жұмыспен қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейі және т.б. тәрізді көрсеткіштер болуы мүмкін.

Индикативтік жоспарлау нарық экономикасының жағдайы мен мемлекеттік реттеу әдістерінің бүкіл әлемде кең тарауы үшін ең қолайлы болып табылады.

Индикативтік жоспарлау – экономикны дамытудың стратегиялық құралы
Директивтік жоспарлаудан бас тартып, нарықтық қатынастарға өту халық шаруашылығының бүкіл механизмінің әрекеттерін үйлестірудің жаңа нысандарын талап етеді. Мұнда мемлекеттік экономиканы басқарудағы шаралар, жеке бизнеспен, қожалық етуші субъектілермен өзара қарым-қатынас демократиялық принциптер негізінде индикативтік, ұсыным түріндегі жоспарлау арқылы құрылады.

Индикативтік жоспарлау үрдісінде мемлекет бүкіл халықтың, ұлттың және елдің барлық аймақтарының сұранысын ескере отырып, экономикалық даму туралы әр түрлі бағдарламалар, жоспарлар жасайды. Онда шаруашылықтың ресурстармен толық қамтылған негізгі бағыттары мен көрсеткіштері нақтылы анықталады және солар арқылы барлық кәсіпкерлердің мүдделерін ескере отырып, олардың қоғамның стратегиялық даму жоспарларын орындауға ынталылығын арттыру көзделеді.

Индикативтік жоспарды қалыптастыру кері байланыс принципімен жүзеге асады:

- үкімет экономикалық саясаттың бас стратегиясы мен негізгі бағыттарын жасайды, макроэкономикалық көрсеткіштер түрінде индикаторлар құрамын нақтылайды, олар келешекте субъектілердің шаруашылық әрекеттерін дамытуда есепке алынады; өз кезегінде шаруашылық субъектілерінің талап-тілектері мен көрсеткіштері республиканың (облыс, аудан) әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарын жасауда ескеріледі.

Индикативтік жоспарлар жүйесіне стратегиялық (ұзақ мерзімді), тактикалық (орта мерзімді) және ағымдық (бір жылға дейінгі) жоспарлар кіреді.

Қазақстан Республикасында индикативтік жоспар алғаш рет экономиканы тұрақтандыру, дағдарысқа қарсы жедел шаралар қолдану мен әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету Бағдарламасына сәйкес жасалды (1994–1996 жж.). Бұған дейінгі қолданылып келген директивтік жоспарлаудан индикативтік жоспарлаудың басты ерекшелігі – оның нұсқау беруші, бағыттаушы сипатында.

Орта мерзімді (5 жылға дейінгі) индикативтік жоспарлар Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары тұжырымдамасына сәйкес жасалады. Онда мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі тактикалық мақсаттары мен бағыттары және оларға жетуде мемлекеттің ықпал ету жолдары көрсетіледі. Сонымен бірге мемлекеттің, кәсіпорындардың және халықтың жоспарланған мерзімге шамамен бөлінетін ресурс мүмкіндіктері анықталады.
Иңдикативтік жоспарлау — жалпы экономикалық дамуды алдын ала болжау яғни сол үшін тікелей бағыттарды анықтау деген сөз. Олар шаруашылық субъектілері үшін бұрынғы социализм кезіндегідей директивті (міндетті) емес. Онда мемлекет тарапынан шағын (азғантай) ғана міндетті тапсырмалар көрсетіледі және олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін экономикалық механизм белгіленеді. Бұл механизмге арнайы жасалтан заңдар жүйесі мен экономикалық реттеуші тетіктер (рычаги) жатады. Оның құрамына бюджет, қаржы-қаражат, салық, кеден, несие, баға мен табыс, сыртқы экономикалық саясат, орталықтандырылған мемлекеттік инвестициялар, мемлекеттік тапсырыс жүйесі және т. б. кіреді.

Индивигаттық жоспарлаудың негізгі мақсаттары:

-Ішкі және әлемдік (дүниежүзілік) нарық конъюнктурасы, инвестиция не басқа шаралардың қожалық етуші субъектілердің экономикалық тетігіне әсер етуі, бюджеттік ассигаованиенің мемлекет ұсынған бағттары туралы ақпарат жүйесін қалыптастыру;

-мемлекеттік (ұлттық) бағдарламалар негізін құрайтын көрсеткіштеріді нарық субъектілеріне ұсыну. Бұл көрсеткіштер субъектілерге өз шаруашылық әрекеттерін іске асырғанда қажет болуы мүмкін;

-тауар өндірушілерді жаңа техника мен технологияны дамыту, басқа да ғылыми-техникалық прогресс табыстарын пайдалану мәсслелеріне бейімдеу (бағдар беру) Индикативті жоспарлау келесідей сипатталады:
1) Индикативті жоспарлау нарықтың экономика субъектілері болып өз өнімдеріне, түсімдеріне өздері қожа еркі меншік иелері есептеледі деген ұғымға негізделінеді.
2) Жоспарлары құжаттар көрсеткіштері нұсқаушылық бағыт берушілік сипатта
3) Жоспарлық көрсеткіштерді қосымша келесім шарттармен толықтырусу мүмкіндігінің болуы.
Индикативті жоспарлау мақсаттары:
1) Ұлттық мемлекеттің экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету, дағдарысты құбылыстардың алдын алу, экономикалық қауыпсіздігін қамтамасыз ету.
2) Әлемдік және ішкі нарық коньюктураларын бюджеттік қаржыларды мемлекеттің пайдалану, бағыттары турасында шаруашылық субъектілеріне мәліметтер жүйесін қалыптастыру.
3) Нарық субъектілеріне оларды қызықтыратын және мемлекеттік ұлттық бағдарламалар негізін құрайтын көрсеткіштер жүйесін құру.
4) Тауар өндіруді жаңа техника технология және озық тәжірибелерді пайдалануға бағыттау.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 5250 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...