Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Экономикалық теориядағы негізгі теориялар және мектеп өкілдері, олардың айырмашылығы



Теориялар:

Меркантилизм мектебінің өкілдері:Томас Мэн(1571-1641), Антуан де Монкретьен(1575-1621),Уилльям Стаффорд(1554-1612), Жан Бастист Кольбер(1619-1683), Иван Посошков(1652-1726). Қоғамдық байлықтың көзі сыртқы саудада. Зерттеу мақсаты – айналыс аясы. Меркантилизм (франц. mercantіlіsme, итал. mercante – деген сөзден шыққан – саудагер‚ көпес) – капиталдың бастапқы қорлану дәуірінде дүниеге келген сауда-өнеркәсіп буржуазиясының экономикалық теориясы мен саясаты.

16 ғасырда пайда болып, 18 ғасырдың аяғына дейін дамыды. Меркантилизмді А.Смит (1723 – 90) өзінің “Халықтар байлығының табиғаты мен себептері” (1776) атты басты еңбегінде негіздеді. Меркантилизм Батыс Еуропа елдері – Англия, Франция, Испания, Португалия, Италияда дамыды.

Меркантилизмнің көрнекті өкілдері:

v Англияда – У.Стаффорд, Т.Мен, Дж. Стюарт;

v Италияда – А.Серра;

v Францияда – А. де Монкретьен, Ж.Б. Кольер.

Меркантилизм теориясының кейбір нышандарын орыс экономисі, І Петрдің замандасы И.Т. Посошковтың “Сараңдық пен байлық туралы” деген еңбегінен де кездестіруге болады.

Меркантилизм ілімін жақтаушылар – меркантилистер – қоғам байлығы мен әл-ауқатының көзі материалдық игіліктер өндірісі емес‚ тауар және ақша айналысы саласы деп есептеді. Олардың пікірінше қоғамның әл-ауқатына сыртқы сауданы реттеу‚ тауарлар әкелімінен әкетілімінің басым болуы және елде ақшалай капиталдың қорлануы жолымен қол жеткізуге болады. Осыдан келіп “меркантилдік” деген термин сауда‚ коммерц. деген мағынада қолданыла бастады. Сонымен бірге ол материалдық пайдакүнемдікпен‚ бас пайдасын күйттеушілікпен байланысты ұсақ есепшіл‚ саудагерлік дегенді де білдіреді.

Физиократизм: ФрансуаКенэ(1694-1774), Анн Тюрго(1727-1781). Өндіріс аясын зерттеу. Бірақ өндіріс аясы түсінігіне ауыл шаруашылығы жатқызылған. Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді.

«Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.

Классикалық саяси экономия: Уильям Петти(1623-1687), А.дам Смит(1723-1790), Давид Рикардо(1772-1823)6Джон Стюарт Милль(1806-1873), Жан Батист Сэй(1762-1832). Өндіріс аясын зерттеу. Халық шаруашылығының барлық саласын бірдей қамту. Еңбек – барлық тауар құндылықтарының негізі мен өлшемі. Экономиканы реттейтін заңдардың барлығы объективті болып келеді. Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.

Марксизм: Карл Маркс(1818-1883), Фридрих Энгельс(1820-1895). Қосымша құн теориясы. Қоғамның барлық экономикалық құбылыстары талдауының классикалық тәсілдемесі. Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалық неміс философиясы (Г. Гегель, Л. Фейербах), классикалық ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р.Оуэн және Сен-Симон).Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды. Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік формациялардан тұрады.

Маржинализм: Карл Менгер(1840-1921), У.Джевонс, Евгений Бем-Баверк (1851-1914). Фридрих Визер(1851-1926). Леон Вальрас (1834-1910). Вильфредо Парето (1848-1923). Август Фридрих фон Хайек(1899-1992). Людвиг фон Мизес(1891-1973). Экономикалық категорияларды зерттеу үшін шекті шаманы пайдалану. Микроэкономикалық әдіс. Маржинализм — экономикалық теория. М. шекті өнімділік, шекті шығын, шекті пайдалылық табыстылықтың кему заңдарын, сұраныс пен ұсыныс заңдарын басшылыққа алады.

1870 — 80 ж. тарихи экон. ілімде “ маржиналистік төңкеріс ” дәуірі деп аталады. Шекті, маржиналдық тәсілді Австрия мектебінің негізін қалаушылар: К.Менгер (1840 — 1921), Ф.Визер (1851 — 1926), О.Бәм-Баверк (1851 — 1919) игіліктердің пайдалылығын зерттеуде тұңғыш рет қолданды. Жаңа класс. теорияны жасаушылар шекті талдауды тауар, көрсетілетін қызмет бағасының құралуын, бәсекелі рыноктегі өндіріс факторларын зерделеу үшін пайдаланды. Мұндағы өзекті мәселе — кемел бәсеке экономикасының тепе-теңдігін сақтау идеясы. Экономиканы сипаттауға микроэкон. көзқарас осы теорияның айрықша белгісі болып табылады. М. теориясында құндылықтың субъективтік сияқты ұғымдарғa негізделеді, шекті пайдалылықтың, өнімділіктің теориясы, шекті пайдалылық теориясы, жарасымды экономикалық теория, т.б. тұжырымдалады.

Жаңа классикалық теория: Альфред Маршалл(1842-1924), Артур Пигу(1877-1959). Жаңа классикалық теория. Неоклассикалық теория ]– классикалық саяси экономияның идеяларын қазіргі қолдампаздық тұжырымдамалар шеңберінде көрсететін экономикалық ой-пікір бағыты.

Бұл теорияны неоклассикалық мектеп деп те атайды. Алғаш рет 19 ғасырдың аяғында екінші толқындағы маржинализм өкілдеріне қатысты пайда болды. Неоклассикалық теория еркін бәсекелі нарық жүйесіне мемлекет барынша аз араласуы қажет деп есептейтін экономикалық либерализм идеяларын қолдайды. Оның өкілдері нарықтық жүйені өзін-өзі реттейтін және адамзатқа белгілі жүйелердің ішінде экономикалық тұрғыдан ең тиімді жүйе деп қарайды. Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.

Кейнсиандық: Джон Мейнард Кейнс (1883-1946). Реттелмелі экономикалық теория – мемлекеттің араласуы. Макроэкономикалық тәсілдеме. Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.

МОНЕТАРИЗМ. Экономикалық ой-пікірдің бұл ағымы жаңа көзқараспен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өмірге келді. Монетаризмнің негізін қалаушы, американ экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Милтон Фридмен (1912-2006) болып табылады. Бұл бағытта макроэкономикалық саясаттың ортасында ақша мәселесі орын алады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты бағыты ретінде ақша-несие саясатын жүргізудің негізі қарастырылады. Мемлекеттің бұл жердегі міндеті болып инфляциямен және басқа да мәселелермен күресу үшін банктік несие пайызын және ақша массасын бақылап отыруы табылады. Фридменнің монетаризм саласындағы жеткен жетістіктері Кейнстік талдауды сынға алумен байланысты, оның ойынша, шаруашылық өмірдегі күрделі өзгерістер ең алдымен, ақша массасымен және ақша импульстерімен тығыз байланысты болып табылады.

Оңтайлы күтімдер теориясы. Бұл басқаша, жаңа классикалық макроэкономикалық теория деген атпен белгілі болып 1970-жылдары қалыптасты. Бұлар макроэкономика саласына микроэкономикалық талдаудың құралдарын қолдануды ұсынды. Жаңа классиктер оңтайлы күтімдер гипотезасын алға тартты, оның авторы болып американ экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Лукас (1937 жылы туылған) саналады. Осы гипотезаға сәйкес, болашақ баға күтулері барлық экономикалық субъектілер үшін мінез-құлық танытудың ең маңызды себептері болып табылады. Осыған байланысты, үнемі өзгеріп отыратын экономикалық жағдайларға байланысты және қолдағы бар нақты ақпараттарға сүйене отырып олар алдағы болашақ уақытқа қарап шешімдер қабылдап отырулары тиіс.

Ұсыныс экономикасы теориясы. 1970-1980-жылдары танымал болған бұл бағыттың негізін салған болып американ экономисі Артур Лаффер (1941 жылы туылған) табылады. Бұл теория 1970-жылдары орын алған энергетикалық дағдарыстан кейнстік талдау әдістері негізінде нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің айтарлықтай әлсіреуіне байланысты орын алды. Неоклассикалық батыстық бағыт экономиканы сауықтырудың жаңа әдістерін іздестірумен болды. Лаффердің және оның жақтастарының көзқарастары тұрғысынан, экономикалық дамудың факторы деп сұранысты емес, ұсынысты қолдау және кәсіпкерлердің инвестициялық қызметін ынталандыру керек дейді. Негізгі қағидасы болып мемлекеттің экономикаға араласуын барынша төмендете отырып жеке кәсіпкерлікке көмек беру табылады. Мемлекеттік қаржылар басты құрал ретінде қарастырылады, яғни салық мөлшерлемелерін төмендету жолымен кәсіпкерлікті дамытуға маңызды түрде көңіл бөлінеді. Лаффердің теориясы және оның тәжірибелік қорытындылары сол кездегі АҚШ Президенті Рональд Рейганның «Рейганомика» атты мемлекеттік саясатында көрініс тапты.

Институционализм: Торстейн Веблен(1857-1929), Уэсли Митчелл(1874-1948), Джон Гэлбрейт(1908жылы туылған). Экономикалық дамудың сипаттамасы, нарық бөлігі болатын экономикалыұ институттардың жүйесі болып табылады. Институционализм, институттық экономикалық теория (латынша іnstіtutо іс-қимыл салты, әдет-ғұрып, сондай-ақ іnstіtutum орнату, құру) экономика ғылымындағы қоғамның және экономиканың дамуын әлеуметтік психология тұрғысынан түсіндіретін бағыт. Институционализм эконономикалық ой-пікірдің жетекші бағыттарының бірі, бұл бағыт экономиканы барлық негізгі құрылымдары тұрақты әлеуметтік өзгерістерге ұшыраған әркелкі жүйе ретінде қарайды. Бұл теория бойынша экономика дамудың сипаты мен бағытын нарық өздігінен айқындамайды, қайта үстемдік құрып отырған экономика институттардың бүкіл жүйесі айқындайды. Әлеуметтік бағдарламалар, индикативтік жоспарлау және мемлекет тарапынан араласудың басқа да нысандары қоғамдық дамудың қажетті нышандары ретінде қаралады. Институционализмнің көптеген идеялары дамыған бірқатар жетекші елдердің эконномика саясатына негіз ретінде алынған. Иституционализм экономикалық құбылыстарды қоғамдық психология, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жалпы жұрт таныған дағдылар, сондай-ақ ойлау тәсілі және адамдар тобы немесе тұтас халық үшін басым сипат алып отырған мінез-құлық сияқты институттар ықпалының нәтижесін түсіндірді. Онда әлеуметтік құбылыстар отбасы, мемлекет, кәсіподақтар, тағы басқа институттарға жатқызылады. Иституционализмді жақтаушылар мінез-құлық, әдет-ғұрып, салт-дәстүр тарихын зерделеуге баса көңіл бөлді. Кейінгі жылдары олар экономика үдерістерді технократиямен, технология детерминизммен байланыстыра бастады. Неоинституционализм өкілдері трансакция шығын теориясын, меншік құқығының экономика теориясын, қоғамдық таңдау теориясын, тағы басқа талдап жасады. Барлық бағыттағы иституционализмге тән ортақ сипат: экономиканы бағалауға адамгершілік-психология тұрғыдан қарау; қазіргі заманғы экономика жүйені бүкіл қоғамның мүдделері үшін әлеумет бақылау және мемлекет реттеу тұғысынан реформалауды талап ету; жалпы ұлттың әлеумет-мәдени дамуына зиян келтіретін жеке дамуға сын көзбен қарау. Қазіргі заман ғылымында " жаңа Институционализмнің" төрт түрін бөліп көп көрсетуге болады:

Ø тарихи институционализм

Ø ұтымды таңдау институционализм

Ø экономикалық институционализм

Ø әлеуметтік институционализм.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 16692 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...