Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Негізгі экономикалық мақсаттар және экономикалық үрдістерді танып-білу әдіснамасы



Экономикалық теорияның қызметтері.

Экономикалық теорияға қатысты алғандағы функция (қызмет) деп отырғанымыз – объективті дүниені танып-білу жүйесіндегі осы теорияның шешетін міндеттері, сонымен бірге басқа да ғылыми пәндерге қатысты оның міндеттері. Бұлардың негізінде экономикалық теорияның шынайы әлем объектілері және субъектілерімен диалектикалық тұрғыда өзара әсерлесуі қалыптасады. Сол қызметтерінің бірнешеуін төменде көрсетейік:

Экономикалық теорияның танымдық қызметі – қоғамдық ұдайы өндіріс айналымында (өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну) көрініс табатын заңдар, заңдылықтар және экономикалық өмір категорияларын ғылыми тұрғыда танып-білу (зерделеу). Ол нақты үрдістердің мәнін, ішкі, анықтаушы байланыстарын зерттейді. Экономикалық теория қоғам дамуының заңдары мен тенденцияларын танып біледі, әсіресе оның заманға сай жағдайы үшін.

Методологиялық қызметі салалық, салааралық, функционалдық, тарихи-экономикалық ғылымдар кешені үшін, сонымен бірге білімнің сан алуан саласында тоғысқан экономикалық ғылымдар үшін теориялық түпнегіз (фундемент) ретінде сипатталады.

Келесі қызметі прагматикалық немесе тәжірибелі-болжамдық. Көп жағдайда экономикалық әдебиеттерде күнделікті тәжірибе және болжам деген екі ұғым бір-бірінен бөлек қарастырылады, алайда оларды бірге талдау қажет. Тәжiрибенi ғылыми болжамды алдын ала негіздеуден үзіп алу қоғамның экономикалық өмiрiнде сөзсiз жағымсыз салдарға әкеледі. Жеткілікті түрде негізделген және жасалып біткен ғылыми болжамдарсыз, олардың міндетті көп нұсқалылығынсыз (тіпті экономикалық теория элементтерін пайдала отырып) қабылданған шешімдер экономикалық тәжірибеде волюнтаризммен және осындай нұсқадағы қоғамның сөзсіз шығындарымен бірге жүреді.

Басқа да ғылымдар сияқты экономикалық теория білім беру қызметін атқарады. Ол экономикалық ойлау мен сәйкесінше сана-сезім қалыптастырады, яғни білім беру қызметі соңында шаруашылықтың іс-әрекетін анықтайды, қоғамдық психологияға әсер етеді.

Негізгі экономикалық мақсаттар және экономикалық үрдістерді танып-білу әдіснамасы.

Экономикалық мақсаттарды келесі түрде тұжырымдауға болады:

ü Экономикалық өсу: жоғары көлемдегі өндіріс және ең жақсы сападағы тауарлар мен қызмет көрсету, яғни неғұрлым жоғарғы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету;

ü Толық жұмысбастылық: жұмыс істеуге ықыласы бар және жұмысқа қабілеті бар барлық адамдардың жұмыс істеу мүмкіндігі;

ü Экономикалық тиімділік: қолда бар шектеулі өндірістік ресурстар жағдайында аз шығын шығара отырып ең жоғарғы табысқа қол жеткізу;

ü Бағалардың тұрақты деңгейі: инфляция және дефляцияға жол бермеу шараларын қарастыру;

ü Экономикалық еркіндік: іс-әрекет еркіндігі жағдайындағы экономикалық қызметті қарастыру;

ü Табыстың әділ бөлінуі: азаматтардың ешқандай тобының қайыршылыққа тап болмауын қамтамасыз ететін шаралар;

ü Созылмалы дертке шалдыққандарды, еңбекке қабілетсіздерді, әрекетке қабілетсіздерді, қарттарды немесе басқа да қараудағы жандарды экономикалық қамсыздандыру.

Экономикалық үрдістерді зерттеудің әдіснамасы сонымен бірге, басқа да қоғамдық ғылымдармен қолданылатын әдістерді де пайдалануды ұйғарады, атап айтқанда:

a) тексеру: өзін-өзі тексеру, сұхбат жүргізу, жұмыс күнінің суреті, сауалнама жүргізу, құжаттарды үйрену, бақылау, функционалды-құндық талдау;

b) жетілдіру: жүйелік көзқарас, ұйқастық, параметрлік, блоктік, моделдеу;

c) талдау: жүйелік, декомпозиция, салыстыру, серпінді, мақсаттарды құрылымдау, сараптама-аналитикалық, нормативтік, басты компоненттерді анықтау, баланстық, өзара байланыстылық және регрессивтік, матрицалық, аналитикалық-есеп айыру (экономикалық-математикалық моделдеу);

d) негіздеу: ұйқастық, салыстыру, сараптама-аналитикалық, моделдеу (фактіге негізделген және күтілетін), сандық көрсеткіштерді есептеу, нормативтік;

e) енгізу: үйрету, дайындау және біліктілікті жоғарылату, жаңа енгізілмелерді материалдық және моральдық тұрғыда ынталандыру, көлемге сүйену және оны басқаруға қосу.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1751 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...