Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан Республикасында меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру



Мемлекетсіздендіру (меншікті мемлекет иелігінен алу) – бұл мемлекеттік меншікті түрлендірумен байланысты, экономикада мемлекеттің шамадан тыс рөлін шектеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Мемлекетсіздендіру монополизмді жоюға, бәсеке мен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталады.

Ол келесі бағыттарда жүреді:

- иемдену процестерін мемлекетсіздендіру

- шаруашылық жүргізудің түрлі формаларын қалыптастыру

- жаңа ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру

Жекешелендіру – мемлекет меншігін жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың меншігіне берумен байланысты болатын мемлекетсіздендірудің бағыты.

Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі республикамыздың тәуелсіздік пен егемендікті алуымен 1991 жылы басталған болатын.

Елдегі дербес экономикалық саясатты жүргізудің басталуы құлдыраған тауар рыногы жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктің құлдырау, өндірістік байланыстың құру салдарына әкелген жүйелі дағдарыспен тұспа-тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тән ерекшеліктер кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі, дүкендердің босауы, инфляцияның басталуы болды. Халықтың саясаттандырылуы жоғары болды. Осы дағдарыс кезеңінде қоғамды, қоғамдық прогресті дамытудың диалектика заңдылықтары білімі бар Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке ерлігі, саяси даналығы, қайтпас жігері республикамызда мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің жоспарлы, кезең-кезеңді процесін бастауға мүмкіндік берді.

Еліміздегі жекешелендірудің бірінші кезеңі 1991-1992 жылдарды қамтыды. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесін заңды қамтамасыз етуде бірінші негіз 1991 жылы 22 маусымда қабылданған «Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру туралы» Қазақ ССР-нің Заңы болғандығын атап өткен жөн, ол республикадағы мемлекеттік меншікті қайта құрудың құқықтық негіздерін, ережесі мен процедурасын анықтады. Осы Заңды іске асыру мақсатында Қазақстан Президентінің қаулысымен бірінші бағдарлама – 1991-1992 жылдарға арналған Қазақстанда мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру бағдарламасы (1991 жылғы 13 қйркүйектегі № 444) әзірленді және бекітілді.

Бұл кезеңнің негізгі мақсаты - өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру.

Екінші кезеңде 1993 жылы наурызда қабылданған «1993-1995 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы» қабылданды. Бұл кезеңдегі басты ерекшелік – жаппай жекешелендіру басталды. ҚР барлық тұрғындары жекешелендіру процесіне қатысуы үшін жекешелендіру купондары қолданылды. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету.

1996 жылы ақпанда бекітілген 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен құрылымын өзгерту бағдарламасына сәйкес жекешелендірудің жаңа, үшінші кезеңінің бастауы болды. Бұл кезеңнің ерекшелігі экономиканың әлеуметтік, сондай-ақ стратегиялық салаларында секторлық бағдарламаларды іске асыруға өту болды.

1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру бағдарламасы жекешелендіру саясатын іске асырудағы кезекті, төртінші кезеңін білдірді.

Бұл жерде мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру процесінің нормативтік базасы жаңа экономикалық шындықтарды ескере отырып тұрақты жетілдірілгендігін, дамытылғандығын және толықтырылғандығын атап кеткен дұрыс. Бұдан басқа, барлық заңды және нормативтік-әдістемелік база 6 томдық жинаққа жүйелендірілді және шығарылды, ол республикадағы мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру мәселелерімен айналысатын барлық қызметкерлер үшін оқу және әдістемелік құралға айналды, онда Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірегей және теңдессіз тәжірибесінің барлық кезеңдері көрсетілген.

2000 жылдан бастап республикамызда жүргізіліп отырған реформалардың қайта орнына келмейтіндігі айқын болғанда және позитивтік экономикалық дамулар орын алғанда реформаларды одан әрі тереңдету қажет болды, оның ішінде мемлекеттік меншік мәселелерінде. Бұл оларды қосымша заңды, нормативтік-құқықтық және әдістемелік қамтамасыз етуді талап етті.

Мемлекет иеліғінен алу мен жекешелендіру бағдарламасы. Мемлекет меншігінен алу үдерісі 1992 жылы басталды. Ол алғашында сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету және баска қызмет көрсету салаларын сату түрінде өтті. Алғашқы жылы 6200-дей ұсақ мекемелер жекешелендірілді. Ірі кәсіпорындар, әсіресе өнеркәсіп орындары, сол кездегі қолданыстағы заңға орай, еңбек ұжымдарына берілді. Бұлар, негізінен, жеңіл өнеркәсіп мекемелері еді.

Нарықтың дамуы жеке меншіктің көптүрлілігіне тікелей байланысты. Жекешелендірудің басты-басты үш кезеңі ұсынылды:

1. Жалпылай жекешелендіру. Мұндағы негізгі мақсат — қоғамның барлық мүшелерін қатыстыра отырып, жеке меншіктік құқықты іс жүзінде дәйектеу. Жекешелендіру барысында азаматтардың 97%-ы тегін купондарға қол жеткізіп қана қоймай, оларды өз қалауынша инвестициялық-жекешелендіру қорларында (ИЖҚ) сақтауға мүмкіндік алды. Республика тұрғындары бұл жолы жеке меншіктік құқыққа емес, бар болғаны ИЖҚ-ның дивидендіне ғана ие бола алды Инвестициялық-жекешелендіру қорларының да бұл кезде өз қиындығы бар еді. Өздерінің емін-еркін ақша айналымы болмағандықтан, олар тұрғындардан келіп түскен купондарды дер кезінде ақшалай түрде қайтара алмады.
ИЖҚ келіп түскен купондарды арнаулы аукциондарға салу арқылы жекелеген мекемелердің акцияларына ие болғанымен, ең мекемелердің дені, өкінішке орай, жұмыссыз еді. Осы және басқа да себептерден инвестициялық қорлар өзін-өзі ақтай алған жоқ. Акционерлік коғамдар жұмысын басшылыққа алу үшін оларға, ең алдымен, жеткілікті мөлшерде акциялар керек болатын. Құнды қағаздарға байланысты нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуда оларға ИЖҚ лайықты дәнекерлік қызмет атқарды. Жекешелендіру үдерісі, өзіне халықтың қалың тобын тарту арқылы әлеуметтік әділдік идеясын іс жүзіне асырды.

2. Шағын жекешелендіру жалпылай жекешелендіруге қарағанді халықты өзіне көбірек тарту мақсатында жүргізілді. Шағын немесс* ақшалай жекешелендіру объектілері — көтерме және бөлшек сауда нүктелері, қоғамдык тамақтандыру орындары, өндірістік мекемелер және басқа да қызмет түрлері болып табылады. Орталық Азия бирлсн қоры аралық сауданы ұйымдастырудың ұйытқысы міндетін атқарды. Шағын жекешелендіру үлкен мемлекеттік шығындарды қажет еткен жоқ, керісінше, Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал жасады.

3. Жеке жобаларға байланысты жекешелендірулер аса ірі (5000-нан аса жұмысшылары бар) мекемелерді қамтыды. 1994 жылдан бастап мұндай мекемелер шетелдік басқаруға беріле бастады.

Белгілі бір келісімге сәйкес мекемелер компания жетекшілеріне 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге берілді. Бұл компаниялар өз дөрежесінде мекемелер табысынан үлес алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге шетел компаниялары жетекшілерінің алдына бюджет пен ұйымдарға тиесілі қарызды дер кезінде жауып отыру, ұзақ мерзімді инвестициялар тарту, мекеменің әлеуметтік жөне экологиялық мөселелерін шешіп отыру міндеттері қойылды.

Мекемелерді шетелдік басқаруға беру жекешелендірудің бастапқы сатысы болып табылады. Үкімет мекеме мен оны басқаруға алған компанияның жұмыс барысын бақылауға алып, ол компаниялар өэ міндеттемелерін орындамаған жағдайда аралықтағы келісімшартты кез келген уақытта бұзуға құқылы.

1994 жылдың желтоқсанына дейін отандық жөне шетелдік компаниялармен 50-ге жуық келісімшарт жасалды. Оның ішінде дәл бүгін республиканың ең ірі деген 45 мекемелерін қамтитын 30 келісімшарт нақты іске асырылып отыр. Олардың ішінде Павлодар алюминий зауыты — компанияны басқарушы «Уайтсвен ЛТД», «Соколов- Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі — «Айведон», Дон тау-кен комбинаты, Жарма жөне Ақтөбе ферроқорытпа зауыты — «Джапап Хром Корпорейшн», т.б. бар.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 5165 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...