Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Экономикалық теорияның басқа ғылымдармен байланысы



Экономикалық теория: Салалық экономикалық ғылым, Функционалдық экономикалық ғылым, Түйіндес экономикалық ғылымдарымен тығыз байланысты. Және де өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс өндірістік емес сфералар және басқалар экономикасы, еңбек экономикасы, қаржы, ақша айналымы, статистика, бухгалтерлік есеп, биржалық іс, менеджмент, аудит, экономикалық тарих, экономикалық тарихи ой, экономикалық география, табиғатты пайдалану экономикасы, информатика сияқты ғылымдармен де байланыстыруға болады.

Құрылыс экономика курсын алсақ, осы өндіріс саласына байланысты заңдылықтар мен негізгі ерекше заңдарды зерделейді, не оның өзіндік сипатын, құрылыс саласындағы экономикалық категориялар қызметінің ерекшелігін анықтайды. Негізгі көңіл қоятын жағдай - құрылыстың тиімділігін арттыру экономикалық тұтқалар мен категорияларды, оның кейбір бөліктерін: құрылыс, жоспарлау мен смета жасау, құрылыс өндірісіндегі несие-қаржы тетігі, материалдық-техникалық маркетинг, менеджмент – бір сөзбен айтқанда құрылыстағы күрделі қаржыны жұмсаудың тиімділігін арттыру, ерте жасалған негізгі өндірістік қорларды қайта құру және жаңғыртуды қарастырады.

Экономикалық ғылымның басқа ғылымдармен байланысы:

өнеркәсіп экономикасы

құрылыс экономикасы

ауыл шаруаш ылық

экономикасы және т.б.

бухгалтерлік есеп

статистика

қаржы-қаражат

географиямен

тарихпен

демографиямен және т.б.

Экономикалық теория басқа экономикалық ғылымдармен өзара байланысы арқылы шектелмейді, қоғамның табиғи кешеніне, сонымен бірге техникалық ғылымдарға да әсер етеді, адамдардың шаруашылық қызметінде оларды пайдаланудың тиімді нәтижесін анықтайды. Бұл экономикалық социологияға қатысты, мәдени экономия, химия ғылымының экономикасы, металлургия салаларының экономикасы т.с.с. экономикалық ғылымның ішкі саласы қолданбалы ғылымдардың барлық салаларымен байланысты. Бұл ғылымдардың техника мен технологиясының интегралдық байланысының дамуына әсер етеді, бұл жағдай келешек инженер кадрларды дайындауға, техникалық шешімді тиімді пайдалануға өте қажетті.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯМЕН ТҮЙІНДЕС ҒЫЛЫМДАР: Экономикалық тарих, Экономикалық ойлар тарихы, Экономикалық география, Табиғатты пайдалану экономикасы, Математика, Информатика, Әлеуметтану, Демография.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 4487 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...