Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Семинар сабақтардың жоспары



Курс бойынша семинар сабақтары қарастырылмаған

2.4. Зертханалық сабақтардың жоспары:

Тақырыптық жоспары

Тақыры атауы Зертхана-ық сабақ
     
  Өлшеуіш аспаптар  
  Электр өлшеуіш приборлар  
  Электр тогының көздері  
  Жарық көздері  
  Проекциялық аппараттар. Проекциялау түрлері  
  Кинопроекторлар және диапроекторлар  
  Молекулалық физиканың жалпы жабдықтары  
  Осциллографтар мен генераторлар.  
Барлығы  

Тақырып №1. Өлшеуіш аспаптар

Дістемелік нұсқаулар

1. Приборлардың жұмыс орнында болуын тексеріңдер (келтірілген тізім бойынша)

3. Әрбір прибордың құрылысымен, сұлбасымен және іске қосу тәсілдерімен, сонымен қатар қауіпсіздік ережелерімен таңысыңдар

4. Берілген жабдықтың көмегімен төменде келтіріген тапсырмаларды орындаңдар.

5. Бақылау сұрақтарына жауап беріңдер.

Сұрақнама:

1. Нониустың құрылысы мен қызметі? Нониус дәлдігін қалай анықтайды?

2. Штангенциркуль құрылысы.

3. Микрометр құрылысы.

4. Микрометр барабанынын бөлік құны неге тең?

5. Метрономның жұмыс істеу принципі.

6. Жұмыста қарастырылып отырған приборлардың өлшеу қателіктері қандай?

7. Деңгейлегіш не үшін қолданылады?

8. Техникалық және оқулық таразыларда өлшеу ережелері.

9. Пикнометр дегеніміз не?

Тапсырмалар

Жұмыстың мақсаты: ұзындықты, массаны, көлемді, салмақты, уақытты, жиілікті өлшеу кезінде мектеп приборларын меңгеру және берілген приборларды қолдануда біліктілікпен дағды қалыптастыру.

Негізгі жабдықтар тізімі:

1. Демонстрациялық масштабты сызғыш [1. бет 54; 3 бет.158]

2. Демонстрациялық сызғыш нониустың моделі [1 бет. 55].

3. Микрометр [1 бет. 358; 3 бет.162].

4. Штангенциркуль [3 бет. 162].

5. Сағат типті индикатор [1. бет. 359].

6. Өлшеуіш цилиндр (мензурка) [1 бет. 58-60; 2 бет. 166].

7. Демонстрациялық деңгейлегіш, техникалық деңгейлегіш [1 бет. 58; 3 бет.171].

8. Техникалық таразы жүкшелерімен [2 бет. 54; 3 бет.51,173].

9. Оқулық таразы [2 бет. 59; 3 бет. 50].

10. Үстелдік табақшалы таразы [1 бет. 62; 3 бет.51].

11. Түтікшелі динамометр [1 бет. 66; 3 бет. 56].

12. Демонстрациялық линамометр [1 бет. 68; 2 бет. 55; 3 бет. 55].

13. Бакушинский динамометрі

14. Метроном [1 бет. 73].

15. Қол секундомері [1 бет. 361; 2 бет. 256].

16. Мектептік электронды есептеуіш секундомер (ССЭШ) [1 бет. 79].

17. Электромеханиалық секундомер [1 бет. 76]

18. Частотомер [6 бет. 26].

Қосымша жабдықтар: муфтасы және қысқышы бар штативтер, жылжымалы және жылжымайтын блоктар, жүктер жиынтығы, серпімді деформацияны оқып үйренуге арналған қондырғы, қарапайым дұрыс және дұрыс емес пішінді денелер, шүмег бар стақан.

Жаттығу 1.

1. Штангенциркуль және суы бар мензурканы қолданып келесі денедердің көлемін анықтаңдар: цилиндр, пішіні дұрыс емес денелер.

2. Микрометрдің көмегімен шариктің диаметрін және сымның диаметрін өлшеңдер.

Сағат типті индикаторды қолданып, пластинканың қалындығын анықтаңдар.

4. Әртүрлі материалдан жасалған серпімді дефомацияланатын пластиналардың Деформация шамаларынының әрекет ететін күштен тәуелділік графигін тұрғызыңдар.

Жаттығу 2.

1.Демонстрациялық динамометрлер, түтікшелі динамометрлер, штативтер, жүктер жиынтығын және блоктар жиынтықтарын қолданып, демонстрициялаңдар:

а) бір түзу бойындағы күштерді қосу және бір-біріне бұрыш жасай әрекет ететін күштерді (3 бет. 26);

б) Ньютонның үшінші заңын;

в) жылжымалы және жылжимайтын блоктардың жұмыс принципін

2. Бакушинский динамомтрі, штатив, қағаз, жүктер жиынтығы және скотч қолданыа, «Динамометрді градуирлеу» фронтал зертханалық жұмысын дайындаңдар және өткізіңдер.

Жаттығу 3.

1.Динамометрге іліген жүкті суы бар стақанға батырғанда таразының тепе-теңдігі бұзылатындығын келесілердің көмегімен көрсетіңдер: үстелдік табақшалы таразы, штатив, суы бар ыдыс, жүк, динамометр.

2. Техникалық таразы, штатив жабдығымен, ауаны өлшеуге арналған шар, насосты қолданып, ауа тығыздығын анықтау бойынша жүргізілетін тәжірибені өткізіңдер.

Жаттығу 4.

1. Секундомер ССЭШ және екі электр кілттерін пайдаланып адам реакциясының уақытын анықтаңдар.

2. Қол секундомерін және математикалық маятниктің моделін қолданып еркін түсу үдеуін анықтаңдар. Периодтың маятник үзындығына тәуелділігін анықтаңдар

3. Көлбеу науаның бойымен сырғитын шариктің үдеуін, метроном, шарик, штатив, жүутер, өлшеуіш таспаны қолдана отырып, анықтаңдар.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1205 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...