Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Типтік (үлгілік) физика кабинетін ұйымдастыру



Типтік физика кабинетінің міндеті. Оқулық физикалық эксперимент жалпыға білім беретін мекемелердегі физика курсының мазмұнының ажыратылмайтын ұйымдастыру бөлігі болып келеді. Уақыттың көбі практикалық сабақтарға, яғни оқушылардың физикалық түсініктерді, заңдарды және теорияны меңгеруіне мүмкіндік туғызатын демонстрациалық тәжірибелер және зертханалық жұмыстарға беріледі. Осыған байланысты физиканы оқыту әдістемесі оқулық экспериментте арнайы бөлмеде, яғни физика кабинетінде жинақталған түрлі жабдықтарды кеңінен қолдануды қарастырады. Онда оқыту процесі мен оқушыларды тәрбиелеудің педагогикалық тиімділігіне максимал қол жеткізу үшін қажетті жағдайлар жасалады.

Физика кабинеті – арнайы жиһазбен, оқулық жабдықтардың кешенімен, тәжірибелерге арналған құрылғылармен, оқытудың техникалық құралдарымен және оқу-көрнекілік құралдармен жабдықталған, жалпыға білім беретін мекемелердің оқу бөлімшесі. Физика кабинетінде теориялық сабақтар, демонстрациалық тәжірибелер, зертханалық сабақтар, кітап және анықтамалық материалдармен жұмыс, факультативті сабақтар, үйірме жұмыстары өткізіледі. Онда оқытушы мен оқушылардың денсаулығын және енбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлар жасалады.

Жақсы жабдықталған физика кабинеті оқулық экспериментті жүргізу тиімділігін арттыруға мүмкіндік жасайды, сабақ үстінде оқыту құралдарының әртүрлі түрлерін қолдануға мүмкіндік береді.

Физика кабинетінің құрылымы және оларға бөлініп берілетін бөлмелер физика курсының мазмұнымен және қолданылатын сабақ түрлерімен, жалпыға білім беретін мекеменің сыйымдылығы мен сынып санымен анықталады. Қазіргі уақытта көршілес екі бөлмеден, яғни сынып-зертхана және зертханалық бөлмеден тұратын типтік физика кабинеттері кеңінен қолданыс тапты. Оқытушы және оқушылар жұмыс орнымен жабдықталған сынып-зертханада сабақтардың барлық формаларын өткізіледі. Демонстрациалық приборлар, тәжірибе жабдықтары және әртүрлі материалдар сақталатын зертханалық бөлмеде оқытушы сабаққа дайындалады, сабаққа демонстрациалық тәжірибелер қондырғыларын дайындайды, лаборантпен бірге оқулық жабдықтарды жөндеумен айналысады.

Негізінен типтік кабинет құрылымыны басқада түрде болуы мүмкін, бірақ кез келгені оларды ұйымдастырудың принциптерінен шығатын талаптарға жауап беруі тиіс.

Физика кабинетін ұйымдастырудың негізгі принциптеріне келесілер жатады:

- физика кабинеті жабдықтарының білім беру мазмұнына, оқыту әдістеріне және оқу экспериментінің барлық түріне сәйкес болу принципі;

- жалпыға бірдей қызмет ететін приборлардың және бөлмедегі арнайы жабдықтардың сәйкестік принципі;

- оқу экспериментін қамтамасыз етуге қажетті және жеткілікті жабдықтар минимумы;

- жалпыға білім беретін мекемедегі жұмыс жағдайына нақты сәйкес келетін жабдықтар принципі;

- құрылыс және санитарлы-гигиеналық нормаларға және қауіпсіздік ережелерінің талаптарына физика кабинетінің сәйкестігі;

- физика кабинетіде оқытушы мен оқушылардың енбегін рационал ұйымдастыру.

Физика кабинетін жоспарлау. Физикалық білімді іске асыру үшін негізгі және орта мектептерде физика кабинеттерінің құрамына сынып-зертхана және лаборанттық бөлме кіреді. Ол бөлмелер арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілулері тиіс.

Жарықталу, сумен жабдықтау және ауалы-жылу режимі. Физика кабинеттерінің бөлмелерінде жұмыс қарқындылығын арттыру мақсатында жағдайлы орта туғызылуы керек, яғни санитарлы-гигиеналық талаптарға сай сумен, жыдумен және арнайы жарықпен қамтамасыз ету.

Табиғи жарықталу. Сынып-зертханадағы оқушылардың үстелдері табиғи жарықталу түсетіндей етіп орналасуы тиіс, яғни терезе сол жақта қалатындай етіп. Жарық ағыны оқушылардың оң жағынан, алдынан және артынан бағытталуына тиім салынады.

Жасанды жарықталу. Сынып-зертханаларда жалпы жасанды жарықталу жүйесі қолданылады. Құрылыс нормалары бойынша жұмыс орнынының жасанды шамдармен жарықталуы 150 лк кем болмауы керек, ал люминесценттік шамдар кезінде 300 лк. Бір бөдмеде қызу шамы мен люминесценттік шамды бірмезгілде қолдануға тиім салынады.

Сумен жабдықтау. Су құбыры физика кабинетінде бірқатар демонстрациалық тәжірибелерді және фронтал жұмыстарын өткізкде қажет. Осы үшін кабинетте екі су краны орнатылуы керек.

Ауалы-жылу режимі. Физика кабинетіндегі ауа температурасын, ылғалдылығын және құрамын бөлмені жылыту және желдетіп алу арқылы ұстап тұрады.

Кабинеттегі ауа температурасы қарапайым шыныланған кезде 18-200С және ленталы шынылау кезінде 19-210С юлдуы тиіс. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40-60% аралығында.

Физика кабинетінің электр жабдықтау.

Физика кабинетіндегі приборлардың көп бөліктері электр тогын қолданумен байланысты. Осыған байланысты кабинетті тиімді түрде электрмен жабдықтау қажет.

Физика кабинетінің жиһаз кешені. Оқытушы мен оқушылардың жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін, және лқу жабдықтарын сақтау үшін кабинет арнайы мектептік жиһаздармен жабдықталуы тиіс.

1.2. Физика кабинетінің материалды-техникалық жабдықталуы

Оқу экспериментінің барлық түрлерін өткізу үшін және түрлі ақпаратты жеткізк мақсатында физика кабинеті арнайы жиһазбен қатар оқу жабдықтарымен, яғни әтүрлі приборлардан, млдельдерден, баспа құралдарынан, ауидиовизуалды және техникалық құралдарынан тұратын жабдықтармен жабдықталуы керек.

Функционалды қызметі бойынша оқу жабдықтарын екі топқа бөлуге болады: құбылыстарды және оның құрылысын түсіндіруге арналған және де оқыту нысаны болып табылатын негізгі топ; оқыту нысаны болып табылмайтын, бірақта оқытушы мен оқушылардың кабинетте жұмыс жасауына қажетті жағдайын қамтамасыз ететін қосымша көмекші топ.

Көмекші жабдықтардың бір бөлігін кабинетте тұрақты орнатуға болады. Тұрақты жабдықтармен қатар кабинет тасымалы көмекші жабдықтармен де жабдықталады. Осындай жабдықтарға приборлар мен құрылғылар, оқытудың дәстүрлі және жаңа техникалық құралдары, зертханалық ыдыстар, жұмасалатын материалдар, оқу құралдарын жндеуге, дайындауға арналған аспаптар жатады.

Оқу бағларламасын жүзеге асыру үшін тұрақты және көмекші жабдықтармен қатар физика кабинеті негізгі лқулық жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Оқулық жабдықтарды орналастыру және сақтау.

Оқулық жабдықтарды жұмыс күйінде ұстау, сабақта мезгілінде қолдану және тіркеу үшін оны кабинетте тиімді орналастыруды және сақтауды ұйымдастыру қажет.

Жабдықтарды тіркеу және күту.

Жабдықтардың күйін бақылауды және одарды сақтауды қамтамасыз ету үшін кабинетте бар барлық жабдықтарғп тіркеу жүргізу керек. Осы мақсатта инвентар және материалдық журнал жүргізіледі.

Негізгі әдебиеттер: [2], [10], [11].

Қосымша әдебиеттер [1], [2].

Тақырып №2.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2509 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...