Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Еркін түсі үдеуін электромеханикалық секундомер мен Атвуд машинасының көмегімен анықтаңдар



Негізгі әдебиеттер: [1], [2], [3], [4].

Қосымша әдебиеттер: [2-7].

Тақырып №2. Электр өлшеуіш приборлар

Сұрақнама

1. Электр өлшеуіш приборлардың түрлерін және әрекет принциптерін атаңдар.

2. Ток сезгіш гальванометр мен кернеу сезгіш гальванометрінің ішкі кедергісі қандай?

3. Неге демонстрациялық вольтметрдің электр сұлбасы екі диодтан, ал демонстрациялық амперметрде бір диодтан тұрады?

4. Зертханалық амперметр мен вольтметрдегі тұрақты магниттің қызметі не?

5. Амперметрдің вольтметрден құрастырыоуы жағынан өзгешелігі неде?

6. Неге айналы М-1032 гальванометрмен өлшеу жүргізу алдында айырып-қосқышты «х100» жағдайына қою ұсынылады? Айналы гальванометрдің сезгіштігі қандай?

7. Ватметрді тұрақты ток тізбегіндегі қуатты өлшеуге қолдануға болады ма?

8. Аналогты приборлардың цифрліктен айырмашылығы?

Тапсырмалар

Жұмыстың мақсаты: орта мектепте қолданылатын, түрлі типті электр өлшеуіш приборларымен жұмыс істеуде біліктілік пен дағдыны қалыптастыру

Негізгі жабдықтар тізімі:

1. Ток сезгіш демонстрациялық гальванометр [1 бет. 90;3 бет. 19].

2. Кернеу сезгіш демонстрациялық гальванометр [1 бет. 91; 3 бет. 20].

3. Оқулық амперметр мен вольтметр (зертханалық).

4. Айналы гальванометр [3 бет. 23].

5. Демонстрациялық ваттметр [1 бет. 95; 1 бет. 24].

6. Мектептік АВОметр [1 бет. 369].

7. Цифрлік мультиметр [6 бет.105].

Жаттығу 1.

Реостаттың жұмыс істеу принципін демонстрациялаңдар

а) ток бөлгіш ретінде;

б) кернеу бөлгіш ретінде

ток көзі ВС-24М, амперметр, вольтметр, реостат, жалғағыш сымдар, кілтті қолданып.

Жаттығу 2.

Қосымша кедергісі бар (250 В) демонстрациялық вольтметр көрсетуін мектептік кернеу реттегіш (РНШ(корпусына орнатылған вольтметр және цифрлік мультиметр көрсетулерімен салыстырыңдар.

Жабдықтар: демонстрациялық вольтметр, шунт 250В, РНШ, цифрлік мультиметр, жалғағыш сымдар.

Жаттығу 3.

Термопара және терморезисторлардың көмегімен температураны өлшеу принциптерін демонстрациялаңдар.

Жабдықтар: айналы гальванометр, термопара, терморезистор, жалғағыш сымдар.

Жаттығу 4.

Зертханалықамперметр мен вольтметрдің бөлік құндарын анықтаңдар. Резистор спираліндегі ток күші мен кернеуді өлшеңдер және нәтижелерді өлшеу қателіктерін ескере жазыңдар. Өлшенген мәліметтер бойынша резистордың кедергісін есептеңдер.

Жабдықтар: оқулық амперметр мен вольтметр, төменгі кернеулі ток көзі, спираль-резистор.

Жаттығу 5.

Демонстрациялық ваттметр ұүрылысымен және жұмыс істеу принципімен танысыңдар (3 бет.29, тапсырма 7). Тұрақты және айнымалы ток тізбектерінде қуатты анықтау принципін демонстрациялаңдар.

Жабдықтар: демонстрациялық ваттметр, амперметр, вольтметр, индуктивтілік катушкасы, конденсатор магазині, реостат, В-24.

Жаттығу 6.

Авометр көмегімен электр тізбегіндегі үзікті анықтау.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1209 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...