Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жаттығулар 2



Эпидиаскоптың құрылысымен танысыңдар. Экранда кітап текстының иллюстрациясын көрсетіңдер. Штангенциркульдің эпипроекциясын көрсетіңдер.

Жабдықтар: эпидиаскоп, текст, штангенциркуль.

Жаттығулар 3.

Мектептік кодоскоптың құрылысымен, қызметімен және техникалық мәліметтерімен танысыңдар. Кодоскоп көмегімен мөлдір пленкада жасалған текст, сұлба және суреттердің проекциясын көрсетіңдер. Тұрақты магнит спектрлерін демонстрациялаңдар.

Жабдықтар: кодоскоп, доға тәрізді магнит, түзу магнит, шыны пластина, темір ұгінтілері.

Жаттығулар 4.

Проекциялық толқынды ванна көмегімен су бетінде жазық және сфералық толқындардың қозу мысалын көрсетіңдер. Көленкелік проекцияда толқындық ванна көмегімен Гюйгенс принципін көрсетіңдер.

Жабдықтар: жабдықталған проекциялық толқынды ванна, суы бар ыдыс.

Негізгі әдебиеттер: [1-5], [11-13].

Қосымша әдебиеттер: [7], [8].

Тақырып №6. Кинопроекторлар және диапроекторлар

Сұрақнама

1.Кинопроекторлардың құрылысы.

2. “ЛЭТИ-60м” және ДП диапроекторлардың артықшылықтарын атаңдар.

3. Келесі жағдайлардағы “ЛЭТИ-60м” диапроекторының болуы ықтимал себептерін және жөндеу тәсілдерін келтіріңдер.

а) егер желдеткіш қатты шуылдап тұрса;

б) егер диафильм қайта оралмаса.

4. Келесі жағдайлардағы болуы ықтимал себептерін және жөндеу тәсілдерін келтіріңдер: егер “Радуга-2” кинопроекторында фотографиялық фотограмманың көрінуі жоқ болса, дыбыс жазатын шам жанбай тұрса.

Тапсырмалар

Жұмыстың мақсаты:орта мектепте қолданылатын кинороекторлар мен диапроекторларды оқып үйрені

Негізгі жабдықтардың тізімі:

1. “Украина” кинопроекторы

2 “Радуга-2” кинопроекторы

2 “Русь” кинопроекторы

3 ДП диапроекторы

4. “ЛЭТИ-60м” диапроекторы

Жаттығу 1.

16-мм «Радуга» және «Украина» кинопроекторларының құрылысын, сұлбасын, жұмыс істеу ретін оқып үйреніңдер.

Жабдықтар: “Украина ”, “Радуга-2”, оқулық фильмдері.

Жаттығулар 2.

8-мм кинопроектордың құрылысын, сұлбасын, жұмыс істеу ретін оқып үйреніңдер. Оқу фильмін демонстрациялаңдар.

Жабдықтар: “Русь”, 8-мм таспадағы оқулық фильмы.

Жаттығу 3.

ДП диапроекторының құрылысымен танысыңдар. Оқулық диафильмдерді және слайд жиынтығын демонстрациялаңдар.

Жабдықтар: диапроектор ДП, слайдтар, диафильмдер.

Жаттығу 4.

Кино көшірмелерді күту және сақтау ережелімен танысыңдар. Кинотаспаларына желілеу жұмыстарын жүргізіңдер.

Негізгі әдебиеттер: [1], [2], [3], [4].

Қосымша әдебиеттер: [7-9].

Тақырып №7. Молекулалық физиканың жалпы жабдықтары

Сұрақнама

1. Қол насосының клапандары қалай құрастырылған? Насостың сирету және толтыру кезіндегі жұмысын түсіндіріңдер.

2. Насос клапандарын резеңке түтікшелермен қалай тез және аз шығынмен жалғауға болады?

3. Насостағы май деңгейі қалай тексеріледі?

4. Шкивті сағат тіліне қарсы айналдырған кезде насос жұмыс істей алады ма?

5. Ротациалық насостың Комовский насосынан принципиалды айырмашылығы?

6. Микроскоптың ұлғаюын қалай есептеуге болады?

Тапсырмалар

Жұмыс мақсаты:молекулалық физикада қолданылатын жабдықтармен жұмыс істеуде біліктілік пен дағдыны қалыптастыру.

Негізгі жаюдықтардың тізімі:

1. Комовского насосы [2 бет. 225].

2. Шинца насосы [1 бет. 138, 2 бет. 223].

3. Электр (ротациялық) насос.

4. Су ағанды насос [2 бет. 226].

5. Сорып алу және толтыру насостарының моделі [1 бет. 141, 2 бет. 222].

6. Демонстрациялық металл манометр [1 бет. 70].

7. Ашық сүйықтық манометр [2 бет. 187].

8. Демонстрациялық микроманометр [1 бет., 2 бет. 234].

9. Барометр-анероид [1 бет. 70, 2. бет. 225].

10. Шаш, металл және психрометрлік гигрометрлер [1 бет. 365].

11. Термометрлер [1 бет. 362, 2 бет. 56].

12. Мановакуумометр.

13. Гидравликлық пресс [1 бет. 126, 2 бет. 194].

14. Микроскоп.

Жаттығу 1.

1. Шинца қол насосын қолданып магдебург табақшаларымен көрсетілетін тәжірибені көрсетіңдер.

2. Комовский май насосының құрылысымен танысыңдар. Арнайы бөлшектелген насоста цилиндр, поршень, май сүзгіш және бекітілмелі-шатунды механизмнің құрылысын қарастырыңдар. Комовский насосын, резеңке камера, вакуумдық табақшаны қолданып, резеңке камераның вакуумдық табақша қалпағының астында үрленуін демонстрациялаңлар.

3. Электр ротациялық насостың құрылысымен танысыңдар. Оның принципиалды сұлбасын түсіндіріңдер. Насостың көмегімен алуға болатын максимал қысымды, максимал сиреуді және ыдыс ішінен ауа айдаудың орташа қуатын анықтаңдар.

4. Дыбыстың сиретілген кеңістіктегі әлсіреуін демонстрациялаңдар.

5. Су ағынды насостың құрылысын және жұмыс принципін оқып үйреніңдер.

Жаттығу 2.

1. Жылтыр және қара беттердің сәулелену дәрежесінің әртүрі екендігін көрсететін тәжірибені демонстрацияялаңдар.

Жабдықтар: микроманометр, жылу қабылдағыш, жабық спиральды электр плитасы.

2. Металл манометрдің жұмыс принципін демонстрациялаңдар.

Жабдықтар: металл манометр, Шинца насосы.

3. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғасына түсіретін қысымын демонстрациялаңдар.

Жабдықтар: ашық сұйықтық манометр, мембранасы бар капсюль.

4.Мановакууметрдің құрылысымен танысыңдар.

Жаттығу 3.

Барометр-анероид көмегімен атмосфералық қысымды анықтаңдар.

Бөлмедегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтаңдар.

Судың қайнау температурасын анықтаңдар.

Жаттығу 4.

Гидравликалық пресстің жұмыс принципімен және құрылысымен танысыңдар. Оның көмегімен стержньнің үзілуін және саңылау тесуді демонстрациялаңдар.

Жаттығу 5.

Сұйықтағы броундық қозғалысты бақылау үшін препаратты дайындаңдар және бояу бөлшектерінің немесе сүттегі май тамшыларының хаостық қозғалысын бақылаңдар.

Негізгі әдебиеттер: [1-10].

Қосымша әдебиеттер: [1,2,5].





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 774 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.014 с)...