Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ПӘнніҢ оҚу баҒдарламасы – syllabus



Пәні бойынша

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

050110 – «Физика», 050604 – «Физика»

Мамандықтары үшін

Қарағанды 2010

Құрастырған: Мүсенова Эльмира Қуанарқызы, аға оқытушы

Оқу-әдістемелік кешен несиелік жүйе бойынша физика факультетінде оқитын студенттерге арналған.

ОӘК пәнінің оқу бағдарламасы: курстың тақырыптық жоспарын, студенттердің өздік жұмастарының тапсырмалар жүйесін, пән бойынша орындалатын жұмыстардың орындалу кестесін, жазба жұмыстарының тақырыптары мен емтихан сұрақтарының тізімін біріктіреді. ОӘК төмендегідей мәселелерді шешуге арналған: мамандық бойынша білім беретін бағдарламаның ішіндегі пәннің ролі мен орнын анықтау; сабақ түрлері мен тақырыптар бойынша оқу уақытын, студенттердің аудиториялардағы және одан тыс өздік жұмыстарын ұйымдастыру; студенттер жұмыстарын белсенді жүргізу; оқу және зерттеу процестерінің өзара байланысын қамтамасыз ету.

Оқу-әдістемелік кешенді дайындау барысында 050110-–«Физика» мамандығы үшін баршаға бірдей міндетті Мемлекеттік білім стандарты және 2005 жылғы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген «Физика» мамандықтары үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің авторлық коллективімен жасалған типтік оқу бағдарламасы, сонымен қатар курс бойынша әдістемелік құралдар мен нұсқаулар қолданылды.

«Мектептегі физикалық эксперимент техникасы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен / Құраст. Э.Қ. Мүсенова. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2010. –79 бет.

© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2010

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:

Мусенова Эльмира Қуанарқызы – жалпы және теориялық физика кафедрасының аға оқытушысы,

e-mail [email protected]

Кафедрада болу уақыттары сабақ кестесімен және қосымша кестемен анықталады (№ 202 ауд.).

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Пән атауы - «Мектептегі физикалық эксперимент техникасы»;

Өткізілет орны – Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ №2 корпус.

Оқу жоспарының көшірмесі (мамандығы 050110-Физика):

Оқу түрі Оқу мерзімі Курс Семестр несиелер Лекциялар Семинарлар Лаборатор СОӨЖ СӨЖ Барлығы Бақылау түрі
  күндзгі           -         емтихан

Оқу жоспарының көшірмесі (мамандығы 050604-Физика):

Оқу түрі Оқу мерзімі Курс Семестр несиелер Лекциялар Семинарлар Лаборатор СОӨЖ СӨЖ Барлығы Бақылау түрі
  күндзгі           -         емтихан

1.3 Переквизиттері: пәнді оқып игеру үшін студенттер жалпы физика курсына, педагогика және психология, математикалық және программалау пәңдеріне сүйенеді

1.4. Постреквизиттері: оқытылатын арнайы курстарда және педагогикалық машықтанудан өту кезінде, сонымен қатар университетті бітірген соң практикалық іскерлікте қолданылады.

1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Мектептегі физикалық эксперимент техникасы» пәнінің негізгі мақсаты мектеп физика курсының мынандай басты мәселелерін эксперименттік негізде түсіндіруді көздейді: физикалық құбылысты бақылау үшін өлшеуіш приборлармен физикалық шамаларды өлшеу; физикалық шамалардың арасындағы сандық байланыстарды тағайындау; физикалық тұрақтыларды анықтау; техникалық құрылғылармен таныстыру болып табылады.

Арнаулы приборлардың жәрдемімен физикалық процестерді демонстрациялап көрсету және оқушылардың өздерінің істеп, зерттеп, бақылауы физикалық оқу эксперименті деп аталады. Ол физиканы оқытудағы ең негізгі көрнекі құрал болып саналады, себебі оны пайдаланудың нәтижесінде физикалық ұғымдар қалыптастырылады, құбылыстар арасындағы байланыстар тағайындалады, физикалық заңдар тексеріледі.

Сабақта демонстрациялық тәжірибелердің жасалуы, олардың кейбіреуі кино жөне теледидар арқылы көрсетілуі, оқушылардың зертханалық жұмыстарды орындауы мектептегі физиканы оқытудың эксперименттік әдісінің негізі болып табылады.

Демонстрациялық эксперимент қүбылыстарды және заңдарды оқып -үйрену үстінде, оқушылардың ой-өрісіне, сезу және қабылдау түйсіктеріне мұғалімнің белсенді басшылығымен белгілі бір түсініктер мен үғымдарды қалыптастырады.

Дұрыс үйымдастырылған мектеп физика курсьндағы эксперимент оқушыларды ұқыптылықка, төзімділікке, қиыншылықгы және білуге, ізденушілікке, бақылай білу дағдысын калыптастыруға және оның негізгі белгілерін анықтауға әсер ететіндей тәрбиелік маңызы зор

Пәнді зерделеудің міндеттері:

1. Орта мектеп физика курсы бойынша демонстрациялық тәжірбиелерді өз бетінше қою жөне көрсету процесі кезінде студенттер демонстрациялық экспериментті әдістемелік және техникалық тұрғыдан дұрыс қою шеберлігін, сонымен бірге демонстрациялық педагогикалық эффектісін ең жоғары дәрежеге жеткізу үшін қолданылатын негізгі өдістер мен тәсілдерді меңгеру.

2. Зертханада жұмыс істеу студенттерге тек кана белгілі білім, дағды және шеберлік беру емес, сондай-ақ экспериментті сүюге, оны әсер жеткілікті дөрежеде қоя білуге үйретіп, олардың өз бетінше жұмыс істеуі мен иннициативасын дамыту керек. Бұл мұғалімнің сабақгы экспернментпен жабдықтауына, әдістемелік әдебиеттердің жаңа ұсыныстарын шығармашьшық пен меңгеруге мүмкіндік береді.

3. Кез келген жағдайларда да физика кабинетін жасауға және оның жұмысын тиімді жүргізуге жәрдемдесетіндей, студенттерді мектеп физика кабинетін ұйымдастыру мен жабдықтаудың негізімен таныстыру кажет.

4. Физика өдістемесі зертханасьнда жұмыс істеу про-цесінде студенттер мектеп үшін біздің өнеркөсіп шығаратын физикалық қуралдардың бір шама санын білуі және практика жүзінде меңгеруі керек.

Ең алдымен студенттер мектеп физика кабинетінің мынадай негізігі (жалпы) құралдарын оқып біліп алуы керек: проекциялық аппаратура, ток көздері, түзеткіштер, электр өлшеуіш приборлар, насостар, электр тогын бөлуші құрылғы, жарық көздері, осциллограф, генератор.

5. Студенттерді фронталдық зертханалық жұмыстарды және мектептегі физикалық практикум жұмыстарын қоюға үйрету қажет. Олар мүндай жағдайда жұмыстын нақты мақсатын анықтап, аппаратураларды өте тиімді түрде таңдай білу және өлшеудің мүмкін боларлық дәлелдігін ескеру, өлшеулердің немесе бақылаулардың шартын білу керек.

6. Студенттер эксперимент қою жайлы негізгі өдебиеттермен танысу және оларды сын көзбен бағалай білу керек.

7. Мүмкіндігінше студеттердің өнер тапқыштық қабілетін, жаңа құралдар жасауды жобалауға, бар құралдарды жетілдіруге деген ынтасын дамыту керек.

Пәнді зерделеу нәтижесінде студент білу керек:

- физикалық демонстрациялық экспериментті дайындап көрсете алу;

- физикалық практикум жұмыстарын жүргізуге нүскау өзірлеу;

- зертханалық жүмыстарды іріктеп, дайындап оны оку үрдісінде ұйымдастырып өткізуі;

- мектептегі физика кабинетіндегі негізгі приборлар және құрал-жабдықтармен жүмыс істей алуы болып табьлады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1430 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...