Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Есеб 3



Әйел М, 38 жаста, бастың ауруына, бұлшықет әлсіздігіне, аяқ-қолдарының парестезияларына, үнемі шөлдегіштікке шағымданады.
Анамнезінде: созылмалы іш қатуы, 4 жыл бұрын созылмалы пилонефритпен ауырған.
Объективті: дене салмағы - 58 кг, бойы - 168 см. Жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Аяқта шеткі ісінулер жоқ. Өкпесінде анық-өкпелік дыбыс. Аускультативті – тынысы везикулярлы. Тыныс алу жиілігі-18 минутына. Жүректің салыстырмалы шекаралары: сол жағы – сол жақ орташа бұғана сызығынан 1,0 см сыртқа қарай, оң жағы төстің оң жақ бойымен, жоғарғысы - III қабырға аралықта. Жүрек тондары анық, ырғақты, сирек экстрасистолалар. АҚҚ жатқан кезде-165/105 мм с.б., тұрғанда-150/100 мм с.б. Пульсі 84 минутына. Іші ауру сезімсіз. Диурез-3 литр тәулігіне.
жалпы қан және зәр анализдерінде өзгеріс жоқ.
Қанның биохимиялық анализі: Натрий-166 ммоль/л, калий-2,7 ммоль/л, креатинин-80 мкмоль/л, зәр қышқылы-230 ммоль/л, белок-69 г/л, ренин деңгейі-2,5 нг/мл (N-3,35?0,25 нг/мл)
Электрокардиограммада: ритмі синусті. Аздаған уақыттан тыс жиырылулар PQRST комплекстері ретінде өзгермеген QRS және толық емес компенсаторлы үзіліспен. R1+ SIII = 30 мм, R V5,V6 =28 мм, S V1?12 мм. R V6? R V5? R V4. Определяется сглаженность зубца Тегіс Т тісшесі анықталынады және U толқынның пайда болуы.
Окулистпен қаралған. Қорытынды: II сатыдағы көз торының ангиопатиясы.

Сұрақтар

1. Артериальді гипертензияның себебін атап және дәлелденіз. Салыстырмалы диагностиканы жүргізініз.
2.Ем бойынша сіздің нұсқауларыныз қандай.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 362 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...