Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Есеб 2



Әйел 30 жаста интенсивті түрде қатты бас ауруына шағымданады. Медициналық көмекке бұрын жүгінмеген. Өзі анальгетиктерді қабылдаған. Тұқым қуалайтын аурулары жоқ. Объективті: жағдайы шамалы қанағаттанарлық. Тері жабыңдылары қалыпты және ылғалды. Ісінулер жоқ. Өкпесінде перкуторлы анық өкпелік дыбыс. Аускультативті – тынысы везикулярлы. Тыныс алу жиілігі -18 минутына. Жүректін салыстырмалы тұйықталған шекарасы: сол жағы - 1,0 см орташа бұғана сызығынан сыртқа қарай, оң жағы – төстін оң жақ бойымен. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс, төстін оң жағында ІІ қабырғааралықта II тонның акценті. АҚҚ 210/100 мм с.б. (оң және сол жақ қолында). Пульсі 80 минутына. Кіндік аймағының оң және сол жағында систолалық шу естіледі. Іші ауру сезімсіз.
Қан және зәр анализдерінде патология жоқ.
Пазмада рениннің деңгейі - 6,0 нг/мл (N-3,1-3,6)
Электрокардиограммда: ырғағы синусты. RI+SIII=28 мм, RV5,V6=25мм, SV1>12мм. RV6>RV5>RV4.
Окулистке қаралған. Қорытынды: көз торының ІІ сатысындағы ангиопатиясы.
Артериальді гипертензия генезін анықтау үшін бүйрек артерияларының ангиографиясы аортографиямен бірге өткізілді. Оң және сол жақ бүйрек артериялары кедір бұдыр болды <моңшақ жібі> сияқты. Тарылу аймағы 75 - 80% құрады. АҚҚ коррекциялау үшін науқасқа ангиотензинайналдырушы фермент ингибиторлары тағайындалды, бірақ олар эффект көрсетпеді.
Сұрақтар
1.Диагнозды құрастырыныз және дәлелденіз
2.ААФ ингибиторларымен емдегенде неге эффект болмады?
3.Осы аурудың емдеу принциптері қандай?





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 386 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...