Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Студенттердің білімін бағалау критерийлері



Бағалау туралы мәліметтер: білімдік бағалау шкалалары негізінде жасалып, тапсырманы орындау талаптарына сүйеніледі.

Шкала – рейтингісі.

Емтиханға жіберілу үшін, жұмыстық оқу бағдарламасындағы жоспарланған барлық тапсырмаларды орындау керек. Қорытынды бағаны қойғанда 2 ағымдық және аралық (рубеж) бақылаулардың нәтижелері қамтылып, сонымен бірге жеке жұмысына қойылған бағаның баллдары есепке алынады.

Аралық бақылау студенттердің өздік жұмыстарының орындалысының негізінде әр пәннің бөлімін қорытындылау үшін тағайындалады. Аралық бақылау лектордың бақылауымен орындалады.

Аралық рейтинг студенттердің төмендегі қорытындырларынан шығады:

• коллоквиумға қатысу;

• топпен және жеке өткізілген кеңестерге қатысу;

• жазба жұмысын орындау;

• студенттің өздік жұмысы;

• студенттердің ғылыми-ізденушілік жұмысына қатысу;

• курстық жұмыс қорғау;

• тестілік жұмысты орындау.

Оқу курсы аяқталғаннан кейін емтихан түрінде қорытынды бақылау жүргізіледі.

Тәртіп және тағылым курстың талаптарымен танылады, бұл тұрғыда студенттердің сабақ берілісіндегі тәртіптері (кешігуі, келмеуі, аудиториядағы тәртібі, жұмысты кешіктіріп беруі, емтиханға келмей қалулары) ескеріледі. Баға қоюдың принциптері: объективтілік, ашық-айқындық, жоғары дефференциация. Баға қойылғанда жұмыстарды уақытымен, жан-жақты орындағандар мен айыпталған баллдар ескеріледі. Мысалы практикалық сабақты орындағанда:

• уақытымен орындалмаған жұмыстан - әр мезгілін өткізіп жіберген жұмысы үшін 0,5 балл алынып тасталады;

• жұмысты жоғары сапалы орындағаны үшін – 0,5 балл қосылады;

• практикалық сабаққа кешікпей, дайындықпен келген және сабақты босатпаған студентке – 4 балл қосылады.

Пәнді оқу емтиханмен аяқталады. Емтихан сұрақтарына оқу жылынан бері оқытылған барлық тақырыптар қамтылады. Дәріс тақырыптары бойынша 30 сұрақтан тұратын 2 тестілік бақылау жоспарланған (аралық бақылау).

Қорытынды бағаның көлеміне кіретін: рейтингтік бақылау және СӨЖ бақылауы – 40%, емтихан – 60%.

Қорытынды баға мына формула бойынша есептелінеді:

АБ – ағымдық бақылау,

АБ –аралық бақылау,

СӨЖ – СӨЖ бақылау,

Е – емтихан нәтижесі.

Студенттердің білім деңгейін (білім, меңгеру, машық және құзыреттілік) кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру нормативтік құжаттарына сәйкес әріптік жүйеде жоғарыдан төменге А-дан Д-ға қарай және қанағаттанарлық баға – Ғ, балдық-рейтингілік 4-тік немесе 100 балдық жүйеде бағаланады.

Әріптік баға және сандық эквиваленті балмен төмендегі кесте бойынша анықталады:

Әріптік эквиваленті Балдардың сандық эквиваленті Пайыздық мазмұны Дәстүрлі түрдегі бағалау
       
А 4,0 95-100 үздік
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 қанағаттанарлықсыз

Сонымен қатар, пәнді оқыту барысында студенттерге ұсынылатын әкімшілік талаптар көрсетілген курстың процедурасы мен саясаты (кешігіп келу, сабақ босату, аудиторияда өзін ұстауы, жұмысты кешіктіріп тапсыру, емтиханға келмей қалу) ескеріледі.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2007 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...