Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кіріспе. Медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған тағам гигиенасы бойынша бағдарламасы нутрициология гигиеналық



Медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған тағам гигиенасы бойынша бағдарламасы нутрициология гигиеналық бөлімінің қазіргі уақыттың табыстарын көрсетеді. Тағам гигиенасы негізгі теориялық біліммен қамтамасыз ететін медициналық – гигиеналық ғылымдар жүйесінде міндетті және маңызды саласы болып табылады, осы білімдердің негізінде тағам гигиенасы бойынша болашақ маманның барлық дайындығы қарасты-рылады.

Зерттеудің нысаны адамның нутрициологиялық статусы, тағамдық азық – түліктердің тамақтық құндылығы мен қауіпсіздігі, алиментарлы – тәуелді аурулар, тағам гигиенасы саласында мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау болып табылады.

Мамандар мемлекет пен әлемдік қауымдастық деңгейінде денсаулық сақтаудың жүйесі мен менеджмент жағдайларының өзгеруіне үйрену керек, өмір бойы оқуды жалғастыру керек, қоғамның дамуына үлес қосу керек.

2.2 Пәннің мақсаты: тағам гигиенасы саласында бакалаврларды, жоғары білікті мамандарды дайындау.

2.3 Оқыту мақсаттары:

· студенттерге сау адамның және науқас адамның ұтымды тамақтануын ұйымдастыруының негізгі теориялық және тәжірибелік үрдістері бойынша қазіргі уақыттың білімін беру;

· тағамдық азық – түліктердің сапа көрсеткіштерін бағалауды үйрету;

· халықтың арасында азық – түліктермен байланысты инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың даму мен таралу себептерін, жағдайларын, қауіп қатерлі факторларды анықтауға үйрету және олардың алдын алуын жүргізуін үйрету;

· тамақтанудың сандық және сапалық жағын зерттеу, тамақтық заттардың қажеттілігін анықтау бойынша білім беру;

· диеталық, емдік – профилактикалық тамақтануды ұйымдастыру және құрастыру үрдістерін зерделеуге үйрету;

· тамақ кәсіпорындары үшін санитарлық нормалар мен ережелерді зерделеу бойынша білім беру;

· ағымды санитарлық қадағалауды ұйымдастыру, тамақ кәсіпорын-дарында санитарлық – гигиеналық тексеруді жүргізу сұрақтар бойын-ша білім беру.






Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 549 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...