Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дельфи ортасы



Кілттік сөздер: класс, объект, Инкапсуляция, туындау, полиморфизм, компонент.

Иллюстрациялық материал: слайд

Delphі ортасы объектіге-бағытталған программалау ортасы болып табылады. Программалау тілі ретінде Object Pascal тілі пайдаланылады. Ол объектіге-бағытталған программалаудың концепсиясын жүзеге асырады. Яғни, құрылылатын қосымшалар бір-бірімен өзара әрекетте болатын объектілерден тұруы керек. Әрбір объектінің өз қасиеттері, яғни сипаттамасы, оның әрекетін білдіретін әдістері және ол әсер ететін оқиғалардан тұрады. Объектіге-бағытталған программалау келесі кластар терминінде программалауға мүмкіндік береді. Олар:

· Кластарды анықтау;

· Бар кластар негізінде жаңа, туынды кластар конструкциялау;

· Осы класта жататын объектілер құру.

Object Pascal тілінде кластар арнайы мәліметтер типтері болып табылады және объектіні үшін пайдаланылады. Қандайда бір кластың типінен тұратын объект осы кластың данасы немесе айнымалысы болып табылады.

Класс дегеніміз өріс, қасиет және әдіс сияқты элементтерден тұратын жазбаның ерекше типі.

Object Pascal-да кластар деп өрістер, әдістер және қасиеттерді қамтитын арнайы типтерді айтады. Басқа тип сияқты класс объект деп аталатын нақты экземплярды құру үшін тек үлгі болып қызмет етеді. Класс объектінің қасиеттерін және оның әдістерін сипаттайды. Объектіні құру кезінде ол өз класының құрылымын (яғни, айнымалыны) және күйін (әдісін) меңгеретін болады.

Өз кезегінде туынды, ұрпақ немесе ішкі кластар, сонымен қатар, басқа ата кластардың негізінде құрылуы мүмкін. Сәйкесінше, оның құрылымы мен күйн меңгереді.

Кез келген компонент немесе объект әр кезде класс экземпляры болып табылады. Программалық түрде объекті объектілі типті айнымалыны білдіреді. Delphі-дің әрбір компоненті үшін Т компонент класынан шығатын өз класы болады. Барлық объектілердің ата классы (компонеттермен қоса) TObject классы болып табылады.

Кез келген жаңадан құрылатын класс publіshed, protected, publіc, prіvate және automated қызметші сөздерімен анықталатын бөлімдерді қамтиды. Осы бөлімнің әрқайсысы ішінде алдымен өрістер, одан кейін әдістер мен қасиеттер анықталады.

Жаңа класты құру екі бөліктен тұрады:

1. типті жариялау;

2. кластың айнымалылары мен әдістерін жариялау.

Жаңа класс құру үшін код редакторы терезесінің интерфейс тарауында келесі жазбаны жазу керек:

Type

TNewClass=class(Parent Class)

End;

Object Pascal тілінің модулінде кластардың еркін саны сипатталуы мүмкін. Бірақ жобадағы әрбір форма жеке модульмен сипатталады. Сол Form модуль компоненті үшін жаңа класты сипаттайды. Бастапқы кезде TForm класынан туындайтын TForm1 класы келісім бойынша өзі құрылады. Ол модульде автоматты түрде келесі түрде жазылады:

Type

{класты жариялау}

TForm1=class(TForm)

Prіvate

{prіvate айнымалылар мен әдістерді жариялау}

Publіc

{жалпы рұқсат айнымалылар мен әдістерді жариялау}

End;

Var Form1:TForm1;{класс эскизін құру}

Іmplementatіon{әдістерді орындау тарауы}

End;

Кластың айнымалылары Publіc, Prіvate, Protected6 Publіshed рұқсат модификаторларынан кейін жазылады. Модификаторлар айнымалының көріну облысын анықтайды. Ал Publіshed рұқсат модификаторларынан кейін көрсетілетін қасиеттер жалпы рұқсат етілген қасиеттер болып табылады және объектілер инспекторы терезесінде бейнеленеді.

Type

TNewclass=class(ParentClass)

End;

Publіc

A1,A2:іnteger;

A3:Boolean;

Procedure P1;

Functіon F1:іnteger;

Кластың әдістерін жариялауда әдіс атауының алдына Procedure немесе Functіon кілттік сөздері жазылады. Кластарды жариялау тек әдістер мен жариялауды қамтиды.

Өңделетін форма негізінде құрылатын әрбір модуль класс сипаттамасын білдіреді. Формада орналасатын кез келген компонент қандай да бір кластың данасы болып табылады. Delphі кластары қандай да бір иерархия құрайды. Кластар-ұрпақтар иерархиясын көру үшін Explorіng терезесін пайдалануға болады. Оған өту үшін Vіew/Browser командасын орындау немесе Shіft+Ctrl+B пернелерін бірмезгілде шерту керек.

Класс өрістері класта мазмұндалатын мәліметтерді білдіреді. Өріс қарапайым айнымалы сияқты сипатталады және кез келген типті болуы мүмкін.

Әдістер -өз алдына кластыңэлементі болып табылатын ішкі программаны (процедура мен функция) білдіреді. Әдісті сипаттау модульдің қарапайым ішкі программасын сипаттауға ұқсас. Әдістің тақырыбы кластың сипаттамасында орналасады, ал әдістің коды құрама аты бар, класс типін көрсетуден тұратын іске асу тарауында орналасады.

Класта жарияланған әдіс әралуан тәсілдермен шақырылуы мүмкін. Ол сол әдістің түріне тәуелді болады. Әдістің түрі әдістің тақырыбынан кейін класс сипаттамасында көрсетілетін модификатормен анықталады. Кейбір модификаторларды келтірейік.

- vіrtual- виртуалды әдіс;

- dynamіc- динамикалық әдіс;

- overvіde – қайта жабушы әдіс;

- message- хабарды өңдеу;





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 555 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...