Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Энтеробиоз



1.Энтеробиозбен жиi ауырады

1. мектеп жасына дейiнгi балалар

2. мектеп жасындағы балалар

3. 15-20 жастағы балалар

4. орта жастағы ересектер

5. егде және қарт адамдар

2.Науқас Л., 18 жаста, балалар комбинатының тәрбиешiсi, дәрiгерге перианальды аймақтың қышуына, ұйқысының бұзылуына, басының ауырғанына, тiтiркенгiштiкке, тәбетiнiң төмендеуiне, iшiнiң ауырсынуына, сұйық, жалқақ араласқан нәжiске, соңғы кезде жыныс ағзаларының аймағында да қышудың, ашудың пайда болғанына, жиi зәр шығаруға шағымданып келдi.

Сiздiң диагнозыңыз

1. аскаридоз

2. энтеробиоз

3. тениоз

4. трихинеллез

5. описторхоз

3.Энтеробиоздың емiнде қолданылады

1. тетрациклин

2. делагил

3. вермокс

4. хлоксил

5. хлоридин

4.Энтеробиозда паразитологиялық зерттеуге жатады

1. қан

2. өт

3. зәр

4. нәжiс және өт

5. тырнақ астынан алынатын шайынды

5.Науқас Б., 12 жаста, дәрiгерге басының ауырғанына, ашуланғыштыққа, күндiз басталып, түнге қарай күшейетiн аналь тесiгi аймағындағы қышу мен ашуға шағымданып келдi. Кейде қышудың күштiлiгi сондай, ұйқысы бұзылады.

Ауырғанына 3 апта болған. Артқы тесiк аймағында ашу пайда болған. Соңғы аптаның iшiнде баласының ашуланғыш екендiгiн, сабақ үлгерiмiнiң нашарлағанын анасы да байқап қалған.

Эпиданамнез: гигиеналық тәртiптi үнемi сақтамайды, әсiресе мектепте жүргенде. Жуылмаған жемiс-жидектер жиi жейдi.

Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық, Т-36,7С. Терiсi қалыпты, анус маңайында тырнақ iздерi. Өпесiнде везикулярлы

тыныс алу, жүрек тондары анық, ритмi дұрыс. Пульсi 72 рет минутына. АҚҚ-110/60 мм.с.б.б. Тiлi бозғылт жабындымен жабылған. Iшi қалыпты, пальпация кезiнде жұмсақ, ауырмайды. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Нәжiсi және диурезi қалыпты.

Сiздiң диагнозыңыз

1. аскаридиоз

2. трихинеллез

3. энтеробиоз

4. гименолепидоз

5. дифиллобатриоз

.Грипп

1.Грипптің қоздырғыштары-бұл:

1.вирустар

2.хламидиялар

3.бактериялар

4.микоплазмалар

5.қарапайымдылар

2.Грипп кезінде патологиялық процесстің типті орналасатын жері:

1.мұрын жұтқыншақ

2.көмей

3.трахея

4.бронх

5.өкпе

3.Грипптің асқынбаған кезінде жоғары тыныс жолдарының қабынуы:

1.катаральды

2.фиброзды

3.фиброзды некротикалық

4.фиброзды геморрагиялық

4.Грипптiң эпидемиясы көбiнесе мынандай вируспен шақырылады:

1. А және С типтi вирустарымен

2. А типтi вирусымен

3. В типтi вирусымен

4. С типтi вирусымен

5. А және В типтi вирусымен

5.Гриппте болатын тыныс алу жолдарының эпителийiнiң зақымдануына тән емес белгi

1. эпителийдiң беткi клеткаларының дистрофиясы

2. некроз

3. фиброзды-некрозды қабыну

4. эпителийдiң дексквамациясы

5. эпителийдiң пролиферациясы

5.

6.Гриппте инфекцияның негiзгi көзi болатын:

1. тасымалдаушы

2. акатаральды түрiмен ауыратын науқас

3. типтi түрiмен ауыратын науқас

4. реконвалесцент

5. гипертоксикалық түрiмен ауыратын науқас

7.Геморрагиялық синдром көбiнесе мына ауруда болады:

1. грипп

2. парагрипп

3. аденовирусты инфекция

4. микоплазмалы инфзкция

5. респираторлы-синтициалды инфекция

8.Гепатолиенальды синдром тән емес:

1.лептоспирозға

2.инфекциялық мононуклеозға

3.бөртпе сүзегіне

4.қайтымды эпидемиялық сүзекке

5.гриппке

9.Гриппке көбiнесе тән қабынуды көрсетiңiз:

1. фарингит

2. назофарингит

3. ларингит

4. трахеит

5. бронхит

10. Тамыр және нерв жүйелерi зақымымен өтетiн инфекция:

1. аденовирусты инфекция

2. дифтерия

3. грипп

4. инфекциялық мононуклзоз

5. микоплазмалық инфекции

11.Гриппке тән емес:

1.мұрынның бітелуі

2.коньюктиваның иньекциясы

3.қызба

4.көз алмаларында ауырсыну

5.диспепсиялық синдром

12. Грипптiң патогенезiнде маңызы жоқ фактор

1. вирусемия

2. токсинемия

3. аллергиялық фактор

4. циркуляторлы бұзылыстар

5. РЭС ағзаларында ошақтар құру

13.Гриппке тән емес:

1.бөртпе

2.бұлшық еттердегі ауырсыну

3.бас ауыру

4.қызба

5.беттің гиперемиясы

14.Асқынбаған гриппті емдеу кезінде бәрі дұрыс, тек:

1.дезинтоксикациялық терапия

2.вирусқа қарсы терапия

3.кез келген дене қызуының жоғарлауында ыстық түсіретін дәрілер

4.симптоматикалық

15.Грипп кезінде жиі кездесетін асқынулар:

1.менингит

2.миокардит

3.пневмония

4.панкреатит

5.энцефалиттер

16.Грипп кезінде күттірмейтін жағдайларға бәрі жатады, тек:

1.инфекция токсикалық шок

2.кардиогенді шок

3.жедел тыныс алу жетіспеушілігі

4.өкпенің геморрагиялық ісінуі

17.. Гриппке тән емес клиникалық форманы көрсетiңiз:

1. акатаральды

2. типтiк

3. сүзек тәрiздес

4. атиптiк

5. “найзағай” тәрiздес

18.Грипптің емінде қолданбайды:

1.ремантадин

2.бисептол

3.С витамині

4.гриппке қарсы иммунноглобулин

5.көп мөлшерде сұйықтық ішу

19. Көбiнесе маңдай, қабақ үстi, шеке аймағындағы бас ауру мына инфекцияның қайсысына тән:

1. менингококты менингит

2. эпидемиялық бөртпе сүзек

3. грипп

4. iш сүзек

5. парагрипп

20.Грипп кезінде жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдануына тән деңгейді көрсетіңіз:

1.көмей

2.бронхиолалар

3.мұрын жұтқыншақ

4.альвеолалар

5.трахея

21. Грипптiң клиникалық көрiнiстерiнiң максимальды ұзақтығы:

1. 1-3 күн

2. 4-7 күн

3. 8-11 күн

4. 12-14 күн

5. 14 күннен аса

22.Гриппке тән емес:

1.тамақтың жыбырлауы ерте симптомы болып табылады

2.ОНЖ-нің токсикалық зақымдануы байқалады

3.әдетте қызба 3-5 күннен аспайды

4.бөртпе байқалады

5.ауру жалпы интоксикация симптомдарынан басталады

23. Гриппке тән емес клиникалық белгi:

1. қызба

2. трахеит

3. склера тамырларының иньекциясы

4. лимфаденит

5. бас ауруы

24.Гриппке тән емес клиникалық симптом:

1.5 күнге дейінгі қызба

2.ұзақ қызба

3.айқын интоксикациялық синдром

4.беттің гиперемиясы

5.құрғақ жөтел, тамақтың жыбырлауы

25. Грипптегi жалпы қан анализiнде болмайтын өзгерiстi көрсетiңiз:

1. лейкопения

2. анэозинофилия

3. таяқша ядролы клеткалардың көбеюi

4. салыстырмалы лимфоцитоз

5. ЭТЖ-ның қалыпты жағдайда болуы

26.Грипптің этиотропты емінінің заты болып табылады:

1.пенициллин

2.бисептол

3.ремантадин

4.фторхинолондар

27. Грипптiң негізгi емдеуiн көрсетiңiз:

1. спецификалық

2. симптоматикалық

3. дезинтоксикациялық

4. дегидратациялық

5. этиотропты

28.Гриппке тән емес:

1.лимфоцитоз

2.лейкопения

3.нейтропения

4.нейтрофилез

5.қалыпты ЭТЖ

29. Грипптiң ерте диагностикасында қолданылатын әдiс:

1. серологиялық

2. вирусологиялық

3. иммунофлюоресценттi

4. биологиялық

5. иммунологиялық

30. Орташа ағымды гриппен ауырған сырқаттың 2 күнiнде жүргiзiлетiн емдеу комплексiн көрсетiңiз:

1. антигриппин, галазолин, горчичниктер

2. антигриппин, гриппке қарсы гамма глобулин

3. дезинтоксикация, пенициллин, гамма глобулин, сульфален

4. дезинтоксикация, интерферон, ремантадин, симптоматика

лық дәрiлер

5. дезинтоксикация, бисептол, симптоматикалық дәрiлер

31. Гриппке қарсы гамма глобулиндi қолданудың көрсеткiшi болып табылады:

1. грипп, типтi түрi, барлық науқастарға

2. грипп, асқынған жағдайларда

3. грипптiң ауыр ағымымен ауырған қарт адамдармен балаларға

4. грипптiң акатаральды түрiнд

5. грипптiң афебрильдi түрiнде

32. Гриппке қарсы және емдеуінде қолданылатын қазiргi кездегi ең тиiмдi препарат:

1. гамма-глобулин

2. аскорутин

3. ремантадин

4. интерферон

5. аспирин-УПСА

33. Грипп кезiнде антибиотик қолданудың көрсеткiшi болып табылады:

1. дене қызуының 40С асуы, интоксикация

2. дене қызуының ұзақтылығы 3 күннен асса

3. қосымша инфекцияның қосылуы

4. тұмаудың афебрильдi түрiнде

5. қарт адамдардың тұмауы

34. Грипптiң профилактикасына кiрмейтiн жағдай

1. халықтың санитарлы мәдениетiнiң жоғары болуы

2. дене шынықтыру

3. бициллин профилактика

4. интерферон профилактика

5. вакцинация

35.Асқынбаған типті гриппке бәрі тән, тек:

1.дененің жоғары қызбасы

2.бас ауыру

3.бұлшық еттерде және сүйектерде ауырсыну

4.құрғақ ауырсынумен жүретін жөтел

5.экзантема

36.. Басқа ЖРВ ауруларға қарағанда гриппте көбiнесе айқын және басым түрде болады

1. катаральды синдром

2. интоксикациялық синдром

3. инкубациялық кезеңнiң ұзақтығы

4. геморрагиялық синдром

5. эпиданамнез

37. Науқас П., 23 жаста, сырқатының 2-шi күнi ауруханаға түстi. Кенеттен ауырған, қатты бас ауру пайда болып, әсiресе шеке-маңдай аймағында, қабақ-үстi доғасында, жарыққа қарамайды, мұрны кеуiп, кеудесiнде ауырсыну сезiнедi. Бүкiл денесi сырқырап ауырады.Мұрнынан 1 рет қан кеткен.

Эпиданамнезi: 3 күн бұрын осы сияқты әйелi ауырған.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, температурасы-39С. Ауыз маңайында ұшық шыққан. Терiсi құрғақ, ыстық, лимфа түйiндерi үлкеймеген, бетi және коньюктивасы қызарған. Таңдай доғасы мен тамағының артқы қабырғасы қатты қызарған. Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу, құрғақ сырылдар бар. Жүрек тоны тұйықталған, тахикардия. АК-100/60 мм.с.б.б. Тiлi жабындымен жабылған. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды.

1. парагрипп

2. грипп

3. менингококты инфекция, назофарингит

4. риновирусты инфекция

5. аденовирусты инфзкция

38. Науқас П., 28 жаста, сырқатының 2-шi күнi ауруханаға түстi. Жедел ауырған, басының маңдай және самай аймағы, қабақ маңайында қатты ауырсыну болған. Жарыққа қарай алмай, кеудесiнде күйiп ауырсыну болған, құрғақ жөтел және мұрнынан су аққан.

Обьективтi қарағанда: бет терiсi және коньюктивасының қатты қызарғаны байқалады. Жұмсақ таңдай доғасының, жұтқыншақтың артқы қабырғасының қызаруы байқалады. Т-40. Тахикардия.

Эпиданамнезiнде: бұдан 3 күн бұрын қызбасы көтерiлген аурумен қарым-қатынаста болған.

Сiздiң диагнозыңыз:

1.парагрипп

2.грипп

3.менингококкты инфекция, назофарингит

4.риновирусная инфекция

5.аденовирусты инфекция

39.. Науқас сырқатының алғашқы күнiнде дәрiгерге мынандай шағымдармен келдi: басы ауруы және дене қызуының көтерiлуi, құрғақ жөтел, тамағы жыбырлауы, мұрынның бiтелуi пайда болуы.

Жедел ауырған, дене қызуы қалтыраумен 39,5С –ке көтерiлген, маңдай және көзiнiң маңайында басы ауырып, тамағы жыбырлап, мұрыны бiтелген.

Эпиданамнез: Осыдан 3 күн бұрын баласы ауырған. Педикулез бар екенi айқындалған.

Қарағанда: жағдайы орташа, бетi қызарған, көзiнiң склералары иньекцияланған, терi қабаты ылғалданған. Мұрны бiтелген, ауыз арқылы дем алады. Тыныс алуы везикулярлы, қатқылданған. Жүрек тондары тұйықталған, пульсы 108 рет минутына, АҚҚ-100/60 мм.с.б.б. Тамағы қызарған, iшi өзгермеген, жұмсақ, ауырмайды. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды.

Болжамалы диагнозыңыз:

1. грипп

2. эпидемиялық бөртпе сүзек

3. аденовирусты инфекция

4. iш сүзегi

5. респираторлы

6. синтициальды инфекция

40. Науқас 40 жаста, клиникаға сырқатының 2-шi күнi мынандай белгiлермен жеткiзiлдi. Басының қатты ауырғанына, дене қызуының жоғары болғанына, бiр рет құсқанына шағым айтады.

Сырқаты жедел басталған, бүкiл денсiнде қалтыраумен дене қызуы 40С-ке дейiн жеткен, басы ауырып, әсiресе маңдай самай аймағында, жарыққа қарай алмайды, бiр рет құсқан, қосымша мұрны бiтелiп, дем ала алмай, тамағының жыбырлағанын сездi.

Эпиданамнез: қысқы балық аулауға барған, қатты тоңған.

Қарағанда: жағдайы ауыр, дене қызуы 40,3С, сандырақтап жатыр. Терiсi қызарған, әсiресе бетi мен мойыны, сипаған кезде тiтiркенедi. Жиi аузымен дем алады. Шырышты қабаттары құрғақ, ауыз-маңайында ұшық. Склера тамырлары иньекцияланған, желке бұлшық еттерiнiң ригидтiлiгi 2 см. Ошақты неврологиялық өзгерiстер жоқ. Тамағы-гиперемияланған, артқы қабырғасындағы фоликулалар бұртиып көрiнедi. Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу. Жүрек тондары тұйық, ритмдi. Пульсы минутына 112 рет, АҚҚ-90/55 мм.с.б.б. Тiлi құрғақ, iшi ауырсынусыз, бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды.

Пункция кезiнде ликвор жиi тамшылап шығады. Түсi мөлдiр, цитоз- 10 клетка, түгел лимфоцитте.

Болжамалы диагнозыңыз:

1. менингококкты инфекция, менингит

2. энтевирусты инфекция, серозды менингит

3. iш сүзегі менинготиф

4. грипп, менингизм

5. грипп, серозды менингит

41. Науқас Ю., 19 жаста, дәрiгерге басының қатты ауырғанына, әсiресе маңдай-самай аймағында, жарыққа көзiнен жас шығып, қарай алмайтынына, бүкiл денесi сырқырап, сыздағанына, қалтыраумен дене қызуының жоғарлауына шағымданып келдi.

2 күн бұрын аяқ астынан жедел тоңазытып дене қызуы 38,3С-ке дейiн жеткен, басы қатты ауырып, денесiнде ауырсыну сезiнiп, қатты әлсiредi. Бiр сағат бұрын мұрнынан қан кеттi.

Эпиданамнез: жатақханада тұрады, жанындағы студент ЖРВА ауырған. Асханада тамақтанады.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,8С. Бетi қызарған. Терiсi құрғақ,ыстық. Склера тамырлары иньекцияланған. Тамағында- шырышты қабаттары қалыпты түсте, миндалиналары бiраз iсiп, гиперемияланған. Мұрын дем алысы кедергiсiз.

Перифериялық лимфа түйiндерi үлкеймеген. Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу. Жүрек тондары бiраз тұйықталған, тахикардия, iшi жұмсақ, бауыры мен көкбауыры үлкеймеген.

Болжамалы диагнозыңыз:

1. iш сүзегi

2. грипп, типтi түрi

3. эпидемиялық бөртпе сүзек

4. аденовирусты инфекция

5. грипп, атиптi түрi

42.Гриппен ауыратын науқастарды госпитализациялау үшін бәрі көрсеткіштер болып табылады, тек:

1.ауырудың жеңіл және орташа түрлері

2.ауыр ағым

3.асқынулардың болуы

4.қосымша ауыр аурулардың болуы

43.Грипптің патогенезінің негізгі элементтері

1.ұзақ вирусемия

2.ұзақ емес вирусемия

3.арнайы токсинемия

4.арнайы емес токсинемия

5.екіншілік бактериальды флораға иммуносупрессия





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1320 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.027 с)...