Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Вирусты гепатиттер



1.В гепатит вирусының беткейлік антигені:

1.HbcAg

2.HbsAg

3.HbeAg

4.HbxAg

2.Гепатит А вирусы көбінесе сақталады:

1.спермада

2.нәжісте

3.зәрде

4.сілекейде

3.Гепатит вирусының сүйікті орны:

1.холангиоциттер

2.гепатоциттер

3.жұлдызша эндотелиоциттері

4.Т-хелперлар

4.Қан сары суында HbeAg-нін ұзақ персистенциясы дәлелдейді:

1.вирусты гепатит В-ның созылмалылығын

2.жедел вирусты гепатит В-ның рееонвалесенциясын

3.жедел вирусты гепатит В-нің фульминантты ағымын

4.вирусты гепатит В-ның сау “тасымалдаушылығын”

5.Сыртқы ортада В гепатитінің вирусы:

1.төзімді емес

2.аз төзімді

3.жоғары төзімді

4.төзімді

6.В гепатит вирусының негізгі қайнар көзі:

1.жедел вирусты В гепатитінің сарғаю түрімен ауыратын науқастар

2.вирусты В гепатитінің субклиникалық түрімен ауыратын науқастар

3.вирусты В гепатитінің созылмалы түрімен ауыратын науқастар

4.В вирусты гепатитінің сарғаюсыз түрімен ауыратын науқастар

7.А вирусты гепатиттің сарғаю алды кезеңіне тән синдром:

1.астеновегетативті

2.артралгиялық

3.диспепсиялық

4.тұмау тәрізді

8.В вирусты гепатиттің сарғаю алды кезеңіне тән синдром:

1.диспепсиялық

2.артралгиялық

3.тұмау тәрізді

4.астеновегетативті

9.А вирусты гепатиттің клиникалық ағымының жиі кездесетін түрі:

1.субклиникалық

2.сарғаюсыз

3.холестатикалық

4.сарғаю

10.Жедел вирусты гепатиттердің өршу кезеңіне тән:

1.эритематозды сипаттағы экзантема

2.дене қызуының жоғарлауы

3.бауырдың ұлғаюы

4.перифериялық лимфа түйіндердің ұлғаюы

11.Жедел вирусты гепатиттердің сарғаю алды кезеңінде тұрақты өзгеретін биохимиялық көрсеткіш:

1.аланинаминотрансфераза белсенділігі

2.билирубин деңгейі

3.тимол сынамасы

4.сулема титрі

12.Вирусты гепатиттің өршу кезеңінде бауыр өлшемдерінің кішіреюі дәлелдейді:

1.холангитті

2.бауыр абсцессін

3.бауырдың жаппай некрозын

4.өт шығару жолдарының дискинезиясын

13.Жедел вирусты В гепатит кезінде бауыр жетіспеушілігінің бастапқы сатысына тән симптом:

1.тәбеттің төмендеуі

2.бас айналу

3.тері қышуы

4.дене қызуының жоғарлауы

14.Жедел бауыр жетіспеушілігіне тән белгілер:

1.сарғаюдың және гепатомегалияның күшеюі

2.жалпы билирубин және холестерин деңгейінің көбеюі

3.сарғаюдың күшеюі және бауыр өлшемдерінің кішіреюі

4.теріде эритематозды бөртпе және дене қызуының жоғарлауы

15.Созылмалы вирусты гепатит және бауыр циррозы келесі гепатиттің асқынуы болып табылады:

1.А

2.В

3.С

4.Е

16.Вирусты гепатит кезінде жиі өлім байқалады:

1.жүкті әйелдерде

2.гомосексуалистерде

3.нашақорларда

4.қан реципиенттерінде

17.Вирусты гепатит инфекциясы кезінде созылмалы белсенді гепатит пен бауыр циррозының қалыптасуы, келесі жағдайда:

1.дельта вирусымен суперинфекция

2.дельта вирусымен коинфекциялар

3.Е вирусымен суперинфекция

4.А вирусымен суперинфекция

18.Вирусты С гепатитінің жиі кездесетін клиникалық түрі:

1.сарғаюсыз

2.сарғаюмен

3.фульминантты (найзағай тәрізді)

4.холестатикалық

19.Вирусты А гепатит емінің негізгі әдісі:

1.симптоматикалық

2.патогенетикалық

3.иммуномодулирлеуші

4.вирусқа қарсы

20.Жедел вирусты А гепатит диагнозын дәлелдейтін лабораторлы мәліметтер:

1.қанда HbsAg

2.қан сары суында аспартатаминотрансферазаның жоғары белсенділігі

3.қан сары суында холестериннің жоғары деңгейі

4.қанда анти HAVIgM

5.қанда анти HCV

21.Гепатиттердiң iшiнде тарау үлес салмағы ең жоғары болатын:

1. ВГА

2. ВГВ

3. ВГЕ

4. ВГС

5. ВГД

22. НвsAg, НвcAg, және НвeАg-қай қоздырғыштың антигендерi болып табылады:

1. вирусты гепатит А-ның

2. вирусты гепатит В-ның

3. вирусты гепатит Е-нiң

4. вирусты гепатит С-нiң

5. вирусты гепатит Д-ның

23.Вирусты гепатиттердiң негiзгi көзi болатын

1. науқастанған адам

2. iрi қара мал

3. ұсақ мүйiздi мал

4. шошқалар

5. меншiктi малдар

24.Гепатит А-нiң вирусы сыртқы ортаға немен шығады:

1. нәжiспен

2. зәрмен

3. сiлекеймен

4. термен

5. ана сүтiмен

25..Жаңа туған балалар мен аналары арасында вирусты гепатит В-ның белсендiлiгiн көрсететiн маркерi:

1.HbsAg

2.HbeAg

5. HbcAg

4.HbeAg-не антиденелер

5.HbcAg-не антиденелер

26.Вирусты гепатит А-ның еш уақытта тарамайтын жолын көрсетiңiз:

1. су арқылы

2.тағам арқылы

3.тұрмыстық- қатынас арқылы

4.парентеральды

5.трансплацентарлы

27.Вирусты гепатит В-ның тарау жолдарына кiрмейтiн жолды көрсетiңiз

1. парентеральды

2. жыныс жолдары арқылы

3. трансплацентарлы

4. босанған кезде

5. су арқылы

28.Вирусты В гепатит кезінде гепатоциттер цитолизінің себебі болып табылады:

1.гепатоциттерге вирустың тікелей әсері

2.вирусты антигендерге және клеткалық аутоантигендерге иммунды жауап

3.бауырішілік холестаз

4.мезенхимальды қабыну реакциясы

29..Келесi клиникалық белгiлер жинағы вирусты гепатиттiң қай түрiне тән: ауыратындар көбiнесе жас адамдар мен балалар, сырқатының өту бағыты жеңiлдеу, клиника көрiнiстерi, сарғаю және биохимиялық өзгерiстер аз уақытта қалыптасып, сауығуға айналады:

1. ВГА

2. ВГЕ

3. ВГД

4. ВГЕ

5. ВГС

30. Келесi клиникалық белгiлер жинағы гепатиттiң қай түрiне тән: ауыратындар көбiнесе 30-дан асқан адамдар, сырқатының өту бағыты орташа немесе ауыр түрде болады. Клиника көрiнiстерi бiртiндеп дамып, жоғары деңгейдегi интоксикациямен сипатталады. Сырқатының қайтуы да баяу түрде өтiп, кей кезде қолайсыз аяқталады:

1. ВГА

2. ВГВ

3. ВГД

4. ВГЕ

5. ВГС

31. Күзгi-қысқы мерзiмдiк және сырқаттың кезеңдiлiкпен өтуi тән:

1. ВГА

2. ВГВ

3. ВГЕ

4. ВГД

5. ВГС

32. Вирусты гепатиттердiң патогенезiнде роль ойнамайтын фактор:

1. вирусемия

2. токсинемия

3. бауыр әрекеттерiнiң бұзылуы

4. иммунопатологиялық реакциялар

5. жедел типтi сезiмталдықтың жоғарлауы

33. Вирусты гепатит кезiнде патологиялық процестiң организмде орналасатын орны:

1. гепатоциттер

2. мезенхима

3. бауыр iшiндегi өт жолдары

4. бауыр сыртындағы өт жолдары

5. 12 елi iшек пен ұйқы безiнде

34. Вирусты гепатит В-ның инкубациялық мерзiмiнiң максимальды ұзақтығы:

1. 2 апта

2. 4 апта

3. 2 ай

4. 3 ай

5. 6 ай

35. ВГА-ның сарғаю алдындағы кезеңiнде көбiнесе байқалатын синдромы:

1. грипп тәрiздi

2. диспепсиялық

3. артралгиялық

4. астено-вегетативтi

5. латенттi

36. ВГВ-ның сарғаю алдындағы кезеңiндегi синдром:

1. диспепсиялық

2. грипп тәрiздi

3. артралгиялық

4. астено-вегетативтi

5. латенттi

37. Вирусты гепатит кезiндегi сарғаю қай алмасу процесстерiнiң бұзылуынан пайда болады:

1. пигменттi

2. белокты

3. көмірсулы

4. су-электролиттi

5. гормональды

38. Вирусты гепатитте болатын сарғаюдың түрi:

1. бауырлық/ парентиматозды /

2. бауыр үстiндегi /гемолитикалық /

3. бауыр астындағы / механикалық /

4. бауыр және бауыр үстiндегi

5. бауыр үстiндегi және бауыр астындағы

39. А және В вирусты гепатиттердiң болмайтын клиникалық түрi:

1. цитолиз синдромымен өтетiн сарғаю түрi

2. холестаз синдромымен өтетiн сарғаю түрi

3. сарғаюсыз өтетiн түрi

4. субклиникалық

5. гастроэнтериттi

40. Вирусты гепатит В вирусының тасымалдаушылық белгiсi:

1. клиникалық белгiлер

2. биохимиялық өзгерiстер

3. иммунологиялық өзерістер

4. морфологиялық өзгерістер

5. арнайы антигендердi табу

41.Вирусты С гепатитіне тән емес:

1.аурудың жедел циклді ағымы

2.симптомсыз инфекцияның басымдылығы

3.зақымданудың парентеральды жолы

4.аурудың жеңіл ағымы

5.гепатиттің созылмалы ағымы

42.Вирусты гепатит В-ның субклиникалық түрiне тән емес өзгерiс

1. клиникалық

2. морфологиялық

3. биохимиялық

4. иммунологиялық

5. арнайы антигендердi табу

43.Вирусты Д гепатитіне тән емес:

1.вирусты В гепатитімен қосарлану

2.гепато-лиенальды синдром

3.айқын қызбалық реакция

4.жедел бауыр жетіспеушілігінің дамуы

5.қатерсіз ағым

44..ВГВ-ның сарғаю алдындағы кезеңiне тән емес белгі:

1. жедел басталуы, дене қызуының жоғарлауы

2. катаральды белгiлер

3. тәбетiнiң төмендеуi, жүрегi айнып құсуы

4. оң жақ қабырға астындағы ауырсыну

5. шырышты қабаттар мен склералардың сарғаюы

45.Вирусты А гепатитіне тән емес:

1.жедел басталу

2.сарғаюы алды кезеңінде тұмау тәрізді синдром

3.сарғаю кезеңіне өту кезінде жағдайының жақсаруы

4.тимол сынамасы көрсеткішінің жоғарлауы

5.гепатиттің созылмалы ағымы

46. Бауырдың жедел жетiспеушiлiгiнiң морфологиялық негiзi:

1. цирроз

2. фиброз

3. цирроз және фиброз

4. некроз

5. холангит

47.Вирусты Е гепатитіне тән емес:

1.су арқылы зақымдану

2.парентеральды жолмен зақымдану

3.оң жақ қабырға астында ауырсыну

4.аурудың орташа ағымы

5.толық сауығу

48. Вирусты гепатит кезiндегi холестаздың клиникалық белгiсi:

1. тәбетiнiң төмендеуi

2. жүрегi айнуы

3. құсу

4. оң жақ қабырға астындағы ауырсыну

5. терiсiнiң қышуы

49.Вирусты В гепатитіне тән емес

1.сарғаю алды кезеңінде диспепсиялық бұзылыстар

2.сарғаю кезеңіне өту кезінде жағдайдың нашарлауы

3.сарғаюдың пайда болуымен науқастың жағдайының жақсаруы

4.айқын холестатикалық синдром

5.қанда анти- Hbs табу

50. Вирусты гепатиттердегi цитолиз синдромын көрсетіңіз:

1.АСТ-ның белсендiлiгi

2.АЛТ-ның белсендiлiгi

3.тура билирубиннiң жоғарылауы

4.тура емес билирубиннiң жоғарылауы

5.тимол тұнбасының жоғарылауы

51.Жедел вирусты В гепатитінің маркері болып табылады:

1.анти-HAVIgM

2.анти-HbsIgG

3.анти-HCV

4.анти-HBcorIgG

5.HbeAg

52.. ВГВ-ның диагностикасында көбiнесе қай маркерды табу жиi қолдануда:

1.HbsAg

2.HbeAg

3.HbcAg

4.HbsAg-антиденелер

5.HbeAg-антиденелер

53.Вирусты В гепатиті кезінде жедел бауыр жетіспеушілік белгілеріне жатпайды:

1.бауырдың прогрессивті ұлғаюы

2.ұйқының бұзылуы

3.эйфория

4.құсудың жиілеуі

5.тахикардия

54.Вирусты гепатиттiң диагностикасында ең маңызды көрсеткiш:

1. жалпы билирубиннiң жоғарлауы

2. тура емес билирубиннiң жоғарлауы

3. АЛТ-ның жоғарлауы

4. сiлтiлi фосфатазаның жоғарлауы

5. холестериннiң жоғарлауы

55.Миокардит келесі аурудың жиі асқынуы болып табылмайды:

1.дифтерияның

2.энтеро вирусты инфекцияның

3.скарлатинаның

4.иерсиниоздың

5.вирусты гепатиттердің

56..Вирусты гепатит В кезiндегi диспансерлiк бақылаудың мерзiмi:

1. 3 ай

2. 6 ай

3. 9 ай

4. 12 ай

5. әрбiр адамның жеке ерекшелiктерiне байланысты тоқтатылады

57.Вирусты А гепатиттің сарғаю алды кезеңіне тән белгі:

1.тұмау тәрізді

2.астеновегетативті

3.диспепсиялық

4.артралгиялық

58..Вирусты гепатит А кезiндегi диспансерлiк бақылаудың мзрзiмi:

1. 1 ай

2. 2 ай

3. 3 ай

4. 6 ай

5. 12 ай

59.Вирусты гепатиттер кезінде қандай биохимиялық сынақтар цитолизді көрсетеді:

1.АЛТ

2.билирубиннің жоғарлауы

3.сілтілі-фосфатаза

4.тимол сынамасы

60..ВГВ-ның арнайы профилактикасында қолданылады:

1. плазмалы вакцина

2. анатоксин

3. өлтiрiлгзн вакцина

4. тiрi вакцина

5. химиялық вакцина

61.Вирусты В гепатиттің жедел түрінің иммунологиялық маркері болып табылмайды:

1.HbsAg

2.HbeAg

3 анти-.HBCorIgM

4.анти-HBCor IgG

62..Вирусты гепатит А-ның арнайы профилактикасына қолданылатын вакцина:

1. тiрi аттенуирленген

2. анатоксин

3. химиялық

4. рекомбинантты

5. плазмалы

63.Вирусты А гепатиттің продромальды кезеңінде мәлімет беретін биохимиялық сынақ:

1.жалпы билирубин

2.қанның белокты фракциялары

3.АЛТ, АСТ ферменттері

4.сілтілі фосфатаза

5.холестерин

64..Екi қабат әйелдердiң арасында өлiм көрсеткiшiн жоғары болатын гепатиттi көрсетiңiз:

1. ВГА

2. ВГВ

3. ВГЕ

4. ВГС

5. ВГД

65.Вирусты гепатиттке тән:

1.тек байланысқан фракцияға байланысты жалпы билирубиннің жоғарлауы

2.тек бос фракцияға байланысты билирубин жоғарлауы

3.байланысқан фракцияға байланысты жоғарлау

4.бос фракцияға байланысты жалпы билирубиннің жоғарлауы

66. Ересек балаларға және үлкен адамдарға ВГВ-ның вакцинасын енгiзу системасы:

1. 0,2,3

2. 0,1,4

3. 0,1,6

4. 0,3,5

5. 0,1,2

67.. 20 жастағы науқас сырқатының 5-шi күнi әлсiздiкке, тәбетiнiң төмендеуiне, жүрегi айнып құсуына, терi мен көзiнiң сарғаюына шағымданып ауруханаға түстi.

Сырқаты дене қызуының 38,5С-ке дейiн жоғарлауынан, әлсiздiктен жедел басталған.2 күннен кейiн құсқан, тәбетi жоғалған, 4 күннен кейiн сарғыштықтың пайда болғанын байқаған.

Эпиданамнез: 10 ай бұрын созылмалы пневмония жөнiнде ауруханада емделген. Студент, көбiнесе асханада тамақтанады.

Қарағанда: Жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 36,5С. Терi мен склералары сарғайған. Лимфа түйiндерi үлкеймеген түрде. Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу. Жүрек тондары анық, ритмi дұрыс, пульсы минутына 72 соғу. АҚҚ-100/60 мм.с.б.б. Тiлiнде ақ жабынды бар. Iшi жұмсақ, оң жақ қабырға астында бiраз ауырсыну айқындалады, бауыры қабырға доғасынан 1,5 – 2 см төмен. Нәжiсi ақшыл, зәрi “сыра” түстi.

1.

2. ВГЕ

3. ВГВ

4. ВГС

5. ВГА

6. ВГД

68. 32 жастағы науқас ауруханаға тәбетi төмендеуiне, әлсiздiкке, жүрегi айнып құсуына, денесi сарғайып кеткенiне шағымданып түстi.

Ауырғанына 10 күн болған, сырқаты әлсiздiктен, тәбетi төмендеуiнен, шаршағыштықтан, денесiнде, iрi буындарында ауырсыну сезiнуiнен бiртiндеп басталған. Соңғы 2-3 күн зәрi қоңырланып, одан кейiн денесiнде сарғыштық пайда болған.

Қарағанда: Жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы қалыпты көрсеткiште. Денесiнде айқын сарғыштық. Өкпе мен жүрек жағынан өзгерiссiз. Пульсы минутына 68 рет соғу. АҚҚ-110/60 мм.с.б.б. Тiлiн ақ жабынды жапқан, iшi жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 1-1,5 см төмен, көкбауыры үлкеймеген. Нәжiсi ақшыл, зәрi “сыра” тәрiздi түстi.

Болжамалы диагноз:

1. вирусты гепатит А, сарғаю түрi

2. вирусты гепатит В, сарғаю түрi

3. лептоспироз

4. иерсиниоз

5. псевдотуберкулез

69.Ауруханада вирусты гепатит В мен ауырған науқаста сырқатының 11-шi күнi жағдайы нашарлап, сарғыштық үдейе түскен. Науқас қатты әлсiзденген. Жүрегi айнып, қайта-қайта лоқси бередi. Оң жақ қабырға асты ауырсынып тұрғанына шағымданады. ұйқы басып, маужырап жатыр. Келесi күнi қозу пайда болып, науқас орнында жата алмай, не iстеп, не қойғанын бiлмейдi. Аузынан шикi бауырдың иiсi шығып, құсығы қоңыр түстi болды. Иньекция орындарында-айқын геморрагиялық өзгерiстер. Бауыр көлемi кiшiрейген. қабырға доғасынан 1-1,5 см жоғары. Дамыған өзгерiстер қай асқынудың белгiлерi болып табылады:

1. қан тамырлардың iшiнде, жайылған ұю синдромы/ДВС-синдром/

2. бауырдың жедел жетiспеушiлiгi

3. мидың iсiнуi

4. токсико-инфекциялық шок

5. бүйректiң жедел жетiспеушiлiгi

70. Науқас 40 жаста, 1,5 ай бұрын вирусты гепатит В-мен ауырған. Сырқаты 2 рет қайталап, ауруханада емделген. Шыққан кезде де тәбетi төмендеу болып, әлсiздiк, оң жақ қабырға астында ауырлық сезiнiп жүредi. Соңғы аптада жағдайы тағы да нашарлаған. Жүрегi айнып, тәбетi толық жоғалып, зәрi қоңырлап, нәтижесiнде тағы да ауруханаға түскен.

Қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Склера мен шырышты қабаттарында сарғаю жоғарлаған, терiсiнде болар-болмас түрде. Тiлiн ақ жабынды басқан. Iшi жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 1 см төмен. Консистенциясы жұмсақ, қарағанда бiраз ауырсынады, зәрi қоңыр, нәжiсi қалыпты түстi.

Болжамалы диагнозыңыз:

1. вирусты гепатит В, қайталап өршуi

2. вирусты гепатит В, рецидив

3. вирусты гепатит В, созылмалы ағымда

4. созылмалы активтi гепатит

5. созылмалы персистенттi гепатит

71. Ауруханада емделiп жатқан 35 жастағы науқаста жағдайы қанағаттанарлық болып келе жатқанда сырқатының 20-шi күнi, диета бұзғаннан кейiн/ майлы колбаса жеген/, қайталап жүрегi айнып, бiр рет құсқан, тәбетi төмендеп, әлсiздiк пайда болған. Зәрi қоңырланды.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта. Терiсi мен шырышты қабаттары шамалы түрде сарғайған. Тiлiн ақ жабынды басқан. Iшi жұмсақ, оң жақ қабырға доғасының астында бiраз ауырсынады. Бауыры қабырға доғасынан 2 см төмен. Пальпация кезiнде ауырсынады.Зәрi қоңыр, нәжiсi қалыпты түстi.

Болжамалы диагноз:

1. вирусты гепатит В, қайталап өршуi

2. вирусты гепатит В, рецидив

3. вирусты гепатит В, созылмалы ағымда

4. вирусты гепатит В, ұзаққа созылғанда

5. микст- инфекция / ВГВ,ВГА/

72. Науқас 40 жаста, 4 ай бұрын вирусты гепатит В-мен ауырған. Сырқаты 2 рет қайталап, ауруханада емделген. Шыққан кезде де тәбетi төмендеу болып, әлсiздiк, оң жақ қабырға астында ауырлық сезiнiп жүредi. Соңғы аптада жағдайы тағы да нашарлаған. Жүрегi айнып, тәбетi толық жоғалып, зәрi қоңырлап, нәтижесiнде тағы да ауруханаға түскен.

Қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Склера мен шырышты қабаттарында сарғаю жоғарлаған, терiсiнде болар-болмас түрде. Тiлiн ақ жабынды басқан. Iшi жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 1 см төмен. Консистенциясы жұмсақ, қарағанда бiраз ауырсынады, зәрi қоңыр, нәжiсi қалыпты түстi.

Болжамалы диагнозыңыз:

1. вирусты гепатит В, қайталап өршуi

2. вирусты гепатит В, рецидив

3. вирусты гепатит В, созылмалы ағымда

4. созылмалы активтi гепатит

5. созылмалы персистенттi гепатит

73. Вирусты гепатит В-мен ауырған науқаста 7 айдан кейiн диета бұзған соң тәбетi төмендеп, тамақтанған сайын жүрегi айнып, асқазаны батып ауырып, әлсiздiк және зәрi қоңырлап, шырышты қабаттарында сарғаю пайда болған. Дәрiгерге бармай, өзi диета сақтап, көп сұйықтар iшiп емделген. Нәтижесiнде жағдайы жақсарып, тәуiр болған сияқты, бiрақта 1,5 айдан кейiн жоғарыда аталған белгiлер тағы да қайталанған соң, дәрiгерге келдi.

Қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терi мен шырышты қабаттарында айқын сарғыштық, тiлi дымқыл, ақ жабындымен қапталған. Iшi жұмсақ, оң жақ қабырға астын пальпацияланғанда ауырсынады. Бауыры 1 см төмен, көкбауыры қалыпты көлемде, нәжiсi қоңыр, зәрi “сыра” тәрiздi түстi.

Болжамалы диагнозы:

1. вирусты гепатит В, қайталап өршуi

2. вирусты гепатит В, рецидив

3. вирусты гепатит В, созылмалы ағымда

4. созылмалы активтi вирусты гепатит В

5. созылмалы персистенттi вирусты гепатит

74. 20 жастағы науқас әлсiздiкке, тәбетiнiң төмендеуiне, дене қызуының 1-2 күн бойы 38С-қа дейiн жоғарлауына, эпигастрий аймағында ауырлық сезiнуiне, 2 рет құсып, 1-2 рет iшi өткенiне шағымданып, дәрiгерге келдi. Ауырғанына 3 күн болды.

Эпиданамнезi: 1 апта бұрын iнiсi сары аурумен ауруханаға түстi.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, сарғыштық жоқ, лимфа түйiндерi үлкеймеген. Өкпе мен жүрек жағынан өзгерiссiз. Тiлi дымқыл, бiраз жабындымен жабылған. Iшi жұмсақ, эпигастрий және оң жақ қабырға астында ауырсыну сезiнедi.Бауыры қабырға доғасынан 2 см төмен, көкбауыры пальпацияланбайды. Нәжiсi мен зәрi қалыпты түстi.

Биохимиялық көрсеткiштерi: АЛТ-2,5 есе жоғарлаған, билирубин - қалыпты деңгейде.

Болжамалы диагнозыңыз:

1. вирусты гепатит А, сарғаю түрi

2. вирусты гепатит А, холестаз белгiлерi бар сарғаю түрi

3. вирусты гепатит А, сарғаюсыз өтетiн түрi

4. вирусты гепатит А, субклиникалық түрi

5. вирусты гепатит В, сарғаю түрi





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1377 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.044 с)...