Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Гельминтоздар



Описторхоз

1.Описторхозда гельминттiң соңғы иесi болып табылмайтын:

1. адам

2. мысық

3. ит

4. түлкi

5. молюска

2.Описторхоз қоздырғышының аралық иесi болып:

1. адам

2. битиния молюскiсi

3. ит

4. мысық

5. iрi қара мал

3..Описторхоз төмендегі тағамдардың қайсысын қолданғанда жұғады:

1. шала пiскен шошқа етi

2. шала пiскен тайынша етi

3. жуылмаған жемiс-жидек

4. қайнатылмаған сүт

5. ылғалды шала тұздалған және шала қуырылған балық етi

4. Описторхоз паразиттiк тiршiлiк етедi:

1. ащы iшек

2. тоқ iшек

3. өт қабында

4. өт жолдарында, өт қабы және ұйқы безiнде

5. ұйқы безi жолдарында

5..Жедел описторхоздарға тән симптомдар жинағын көрсетiңiз:

1. температура 39С, бас ауру, ұйқысыздық, гепатолиенальды синдром оң.

2. температура 39С, оң жақ қабырға астында ауырсыну, Курвуазье симптомы оң, өт қабын пальпациялағанда ауырсыну.

3. температура 39С, оң жақ қабырға астында ауырсыну, гепатомегалия, лейкоцитоз, гиперэозинофилия/50 проц/

4. температура 39С, тершеңдiк, микроплиаденит, гепатолиенальды синдром оң.

5. температура 39С, жедел басталды, бас ауру, бұлшық еттерде ауырсыну, көкбауыры ұлғаюы, сарғаю

6.Описторхозбен зақымдану жолы болып табылады:

1. контактiлi

2. контактiлi-тұрмыстық

3. алиментарлы

4. су арқылы

5. трансмиссивтi

7. Описторхоз диагностикасында қолданатын негiзгi әдiс:

1. паразитологиялық

2. бактериологиялық

3. инструментальды

4. биохимиялық

5. аллергологиялық

8.. Описторхозда этиотропты емдеуге қолданылмайды:

1. хлоксил

2. пенициллин

3. холеретиктер

4. витаминдер

5. десенсибилизациялық препарат

9.. Ересек адамдарда хлоксильдiң тәулiктiк дозасы:

1. 10 мг/кг салмағында

2. 20 мг/кг салмағында

3. 30 мг/кг салмағында

4. 40 мг/кг салмағында

5. 60 мг/кг салмағында

10. Описторхозды билтрицидпен емдеудiң ұзақтығы:

1. 1 күн

2. 2 күн

3. 3 күн

4. 5 күн

5. 7 күн

11. Жедел описторхоздың емiнде қолданылмайды:

1. хлоксил

2. дезинтоксикация

3. десенсибилизация

4. симптоматикалық

5. арнайы терапия/спецификалық терапия/

12. Науқас Н., 40 жаста, ауруханаға сырқатының 10-шы күнi мынандай шағымдармен түстi: бас ауру, дене қызуы жоғарлауы, тәбетi төмендеуi.

Анамнезi: жедел ауырған, температурасы 38-39С-қа дейiн көтерiлген, әлсiздiк пайда болған, үйiнде жиi балық тағамдарын пайдаланады.

Қарағанда: жағдайы орташа, температура 38С, терi және кiлегей қабаттары қалыпты түстi, бетiнде гиперемия. Өкпеде везикулярлы тыныс алу, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған,пульсы минутына 90 рзт, АКҚ-20/60 мм.с.б.б. Тiлi ақ жабындымен қапталған. Бауыры қабырға доғасынан 1,5 см төмен., пальпацияланады. Нәжiсi мен зәрi қалыпты жағдайда. Жалпы қан анализiнде; лейкоциттер-15т10,9/л, эозинофильдзр-35 проц, С-30 проц, Л-20 проц, М-15 проц, ЭТЖ-15 мм/сағ. 10 күннен кейiн жалпы қан анализiнде: лейкоциттер-43,3т10,9/л, З-80 проц.

1.жедел опистортоз

2.энтеробиоз

3.аскаридоз

4.тениоз

5.тениаринхоз

13. Мына клинико-эпидемиологиялық комплекс қай ауруға тән: Науқас В., 40 жаста, ауруханаға ауырғанына 7 күн болғанда түскен, аурудың бiрiншi күнiнде жоғары температура, бас ауру, әлсiздiк, тәбетi төмендеуi, оң жақ қабырға астында ауырсыну. Терiде қышыма болған, бесiнші күнi көз склерасының сарғаюы, зәрiнiң қараюы, тағы 2 күннен соң терi және кiлегей қабаттары сарғайған.

Эпиданамнез: сарғаюмен өтетiн аурулармен қарым-қатнаста болмаған, 6 ай бойы парентеральды манипуляция жасатпаған. Өзi балықшы, шала қуырылған балық тағамдарын көп пайдаланған.

Тексергенде: жағдайы орташа, температурасы 37,2С.Терi, склера,кiлегей қабаттарында айқын сарғаю байқалады. Iшiнiң терiсiнде, аяқ-қолдарында тырнақ iздерi бар. Өкпесiндз везикулярлы тыныс алу. Жүрек тондары тұйықталған. Пульсы минутына 76 рет. АҚҚ-115/75 мм.с.б.б. Тiлi ылғалды, түбiрi ақ жабындымен жабылған. Iшi құрылдайды, бауырының шетi қабырға астынан 1,5 см шығып тұр. Көкбауыры пальпацияланбайды. Зәрi қара түстi, нәжiсi ашық. Жалпы қан анализiндз: Нв-106 г/л; Эр-3,5х10,12/л, лейкоциттер-6х10,9/л, З-15 проц, С-41 проц, Л-38 проц, М-5 проц, ЭТЖ-15 мм/сағ.

1.вирусты гепатит А

2.вирусты гепатит В

3.лептоспироз

4.жедел описторхоз

5.созылмалы описторхоз

14. Науқас А., 40 жаста, ауруханаға эпигастрия және оң жақ қабырға астында ауырсынуға, тәбетiнiң төмендеуiне, жалпы әлсiздiкке шағымданып түстi.

Ауырғанына 2 ай болған, жоғарыда айтылған шағымдар мазалайды.

Обьективтi: Терiсi бозарған, склералары субиктерленген, бауыры тығыздалған., бiркелкi үлкейген, өт қабы пальпация кезiнде ауырсынады, қан анализiнде 22 процент эозинофильдер. Капрологиялық зерттеу кезiнде шеттерiнде түймедей дақтармен сары түстi ұсақ гельминттер табылған. Осындай жұмыртқалар ұлтабар сөлiн тексергенде де табылған. қосымша анамнез жинаған кезде науқастың бұдан 2 жыл бұрын Сургута қаласында командировкада болғаны, жиi балық аулағаны, балықтың сорпасын және аз мөлшерде тұздалған балық жегенi анықталған.

Өзiңiздiң диагнозыңызды көрсетiңiз:

1. жедел описторхоз

2. созылмалы описторхоз

3. миграция кезеңiндегi описторхоз

4. аскаридоз, iшектiк түрi

5. энтеробиоз

15. Науқас С., 48 жаста, дәрiгерге оң жақ қабырға астында ауырсынуға, кейбiр кезде жүрегi айнуға, iшiнiң кебуiне, нәжiстiң бұзылуына, жалпы енжарлыққа, денесiнiң қышуына шағымданып түстi.

Жоғарыда айтылған көрiнiстер бұдан жарты жыл бұрын пайда болды. Диета сақтауға тырысады, гепатопротккторлар, ферменттер қабылдайды, бiрақ эффект жоқ.

Эпиданамнез: балықшы, кептiрiлген балық жегендi жақсы көредi.

Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық, терiсi таза,терлеген. Склерасының шетерi аздап сарғайған. Лимфа түйiндерi ұлғаймаған. Өкпесi және жүрегi қалыпты жағдайда. Тiлi сарғыш жабындымен жабылған. Iшi аздап кепкен. Бауыры қабырға доғасында- өт қабының тұсында ауырсынады. Көкбауыры пальпацияланбайды. Зәрi қалыпты түстi.ЖҚА-Нв-112г/л, Э-4,1х10/12 л, Л-4,8х10/9 л, ЭТЖ-12 мм/сағ, п-1, э-5,с-64,л-26,м-4. Нәжiсiнде мысықтың айырмұртының жұмыртқалары табылған.

Сiздiң диагнозыңыз:

1. созылмалы гепатит

2. бауыр зтинококкозы

3. созылмалы описторхоз

4. аскаридоз

5. энтеробиоз

Аскаридоз.

1.Аскаридоздың таралу жолы:

1. контакты

2. тұрмыстық қарым-қатынас

3. алиментарлық

4. ауа-шаң тозаңды

5. су арқылы

2.Аскаридоздың ішектік фазасының диагностикасы үшін бәрі маңызды, тек:

1.диспепсиялық бұзылыстардың болуы

2.нерв жүйесінің зақымдану көріністері (тітіркенгіштік, нашар ұйқы ж.т.б.)

3.өкпенің зақымдануы (өкпелік инфильтраттардың болуы)

4.нәжісте аскарида жұмыртқаларын табу

5.нәжісте жыныстық жетілген түрлерін табу

3. Аскаридоздың iшек фазасының диагностикасында роль ойнамайтын жағдай:

1. диспепсиялық бұзылудың болуы

2. нерв жүйесiнiң зақымдану көрiнiсi/ тiтiркендiргiштiк, нашар ұйқы т.б./

3. өкпенiң зақымдануы/ өкпе инфильтраттарының болуы/

4. нәжiсте аскарид жұмыртқасының болуы

5. нәжiсте жетiлген түрiн кездестiру

4. Аскаридоздың миграциялық кезеңiнде емдеуге қолданатын препарат:

1. пиперазин

2. левамизол

3. комбантрин

4. вермокс

5. симптоматикалық

5.Ішектік гельминтоздарға жатады:

1.фасциолез

2.аскаридоз

3.описторхоз

4.эхинококкоз

5.лямблиоз

6. 17 жастағы науқас С., құрғақ жөтел, ентiгуге, жатқан кезде тыныс алудың қиындығына, субфебрильды температураға, терi қышуына, қасыған жерде бөртпелер пайда болғанына шағым айтты.

Ауырғанына 1 апта болған, өзi қолданған емнен нәтиже болмаған.

Эпиданамнез: санитарлы гигиеналық әдiстердi толық сақтамайды, жумай жемiс-жидек жеген.

Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық, Т-37,3, терiсi құрғақ, қызыл дермографизм анық, қосылған жерлерiнде тез кететiн папулездi бөртпелер, лимфа түйiндерi үлкеймеген, тамағы өзгерiссiз, өкпесiнде қатты тыныс алу, оң жақ мықын аймағында құрғақ ысқырған сырыл. Жүрек тондары анық, ырғақты. Тiлi ақ түкпен қапталған. Iшi жұмсақ ауырмайды, бауыры мен көкбауыры үлкеймеген. Iш қату бар. қанның жалпы анализiнде: лейкоциттзр – 6,9х109л, лиф-18 проц, с/я-50 проц, п-я-30 проц, М-2 проц, ЭТЖ-10 мм/сағ.

Өкпенi рентгенологиялық тексергенде оң жақ өкпенiң ортаңғы бөлiгiнде дұрыс емес домалақ түрде инфильтраттар табылған.

Сiздiң диагнозыңыз:

1.орнитоз

2.легионеллез

3.Ку қызбасы

4.аскаридоз

5.токсоплазмоз

7. Келесi клиника және эпидемиологиялық жағдай қай ауруға тән: 16 жастағы науқас дәрiгерге келесi шағымдармен келдi. Дене салмағын жоғалтуы, тәбетi жақсы болса да, сiлекейдiң көп болып бөлiнуi, анда-санда жүрегi айнып, iшi ауырып, өтуi, ұйқысының бұзылуы, шаршағыштық. Айтылған белгiлер 3-4 ай бойы мазалайды, 1-2 күн бұрын нәжiсiндз 10-12 см ақ жұмыр құртты байқаған.

Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлы, салмағы төмен, науқас ашуланғыш. Терiсi таза, құрғақ. Лимфа түйiндерi үлкеймеген. Өкпе мен жүрегi өзгерiссiз, тiлi ақ жабындымен басылған, аузынан жаман иiс шығады. Iшi бiраз кепкен, оң жақ мықын аймағында ауырсыну, шұрыл сезiнедi. Бауыры мен көкбауыры қалыпты көлемде. қанда-эозинофилия-12 проц, гипохромды анемия:

1. энтеробиоз

2. аскаридиоз

3. тениаз

4. дифиллобатриоз

5. гиманолипидоз





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1258 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...