Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бруцеллез



1.Арнайы бруцеллез антигеніне сенсибилизивті реакция:

1.Кумбс

2.Райта

3.Хедельсона

4.Бюрне

2.Адам үшін көбінесе патогенді бруцелла:

1.bovis

2.suis

3.melitensis

4.cuis

5.canis

3.Бруцеллездегі вакцин егуге көрсеткіш:

1.жедел бруцеллездің ауыр ағымы

2.жеделдеу бруцеллездің баяу ағымы

3.тұрақты қалған көріністер

4.созылмалы бруцеллездің компенсирленген түрі

4.Жедел бруцеллездегі аллергиялық зақымдану:

1.васкулиттер

2.фиброзиттер

3.абсцесстер

4.инфильтраттар

5.Жедел бруцеллездің симптомдары қатарына кірмейді:

1.қызба

2.тершеңдік

3.артриттер

4.полилимфааденопатия

5.гепатоспленомегалия

6.Созылмалы бруцеллездің клиникалық симптомдары қатарына кірмейді:

1.ұзақ қызба

2.полилимфааденопатия

3.гепатомегалия

4.пурпура тәрізді бөртпелер

5.жалқақ және қан араласқан диарея

7.Адамдарда бруцеллездi тудырмайтын қоздырғыш:

1.Br.melitensis

2.Br.abortus

3.Br.ab.canis

4.Br.suis

5.Br. neotomae

8.Бруцеллезде инфекция көзi болып саналмайды:

1. iрi мүйiздi малдар

2. ұсақ малдар

3. шошқалар

4. жылқылар

5. үй кемiргiштерi

9.Жедел бруцеллездің сипатталуы:

1.ағзалар мен жүйелердің ошақтық зақымдалуы

2.инфекциялық токсикалық көріністер

3.баяу түрдегі аллергиялық реакциялар

4.резидуальды көріністер

10.Бруцеллездің арнайы диагностикасы қатарына кірмейді:

1.бактериологиялық

2.бактериоскопиялық

3.аллергологиялық

4.серологиялық

5.биологиялық

11.Бiздiң аймақта бруцеллездiң негiзгi көзi болып табылатын:

1. iрi мүйiздi малдар

2. ұсақ мүйiздi малдар

3. шошқалар

4. жылқылар

5. адам

12.Қай жолмен бруцеллез тарамайды:

1. алиментарлы

2. контактiлi

3. ауа-шаң арқылы

4. босанған кезде/ анадан балаға /

5. жыныс қатынас арқылы

13.Бiздiң аймақтағы бруцеллездiң негiзгi тарау жолы:

1. қатынас арқылы

2. алиментарлы

3. ауа-шаң арқылы

4. алиментарлы және ауа-шаң арқылы

5. босанған кезде

14.Бруцеллезбзн сырқаттанудың жоғарлайтын мерзiмi:

1. көктемгi-жазғы

2. жазғы-күзгi

3. күзгi-қысқы

4. қысқы

5. жазғы

15.Бруцеллезбен сырқаттану мүмкiншiлiгi аз топты көрсетiңiз:

1. шопандар

2. сауыншылар

3. ет комбинатының жұмысшылары

4. сүт комбинатының жұмысшылары

5. темiр жол жұмысшылары

16. Жедел бруцеллездiң патогенезiнде негiзгi роль ойнамайтын фактор:

1. бактериемия

2. токсинемия және аллергия

3. бактериемия мен токсинемия

4. иммунопатологиялық реакциялар

5. аллергиялық

17. Жеделдеу бруцеллездiң патогенезiнде негiзгi роль ойнайтын фактор:

1. аллергиялық

2. токсикалық және аллергиялық

3. бактериемия мзн токсинемия

4. бактериемия, токсинемия және аллергия

5. аллергиялық және иммунопатологиялық

18.Созылмалы бруцеллездiң патогенезiнде негiзгi роль ойнайтын фактор:

1. аллергиялық

2. бактериемия

3. токсикалық

4. бактериемия мен токсинемия

5. аллергия мен токсинемия

19. Бруцеллез кезiндегi полилокальды ошақты патология көбiнесе қай жүйеде көрiнедi:

1. нервтi

2. эндокриндi

3. дәнекер тканьдi

4. қан тамыр жүйесiнде

5. макрофагоцитарлы жүйеде

20. Бруцеллездiң клиникалық түрiне жатпайды:

1. жедел

2. жеделдеу

3. рецидивтi

4. созылмалы

5. резидуальды

21. Жедел бруцеллезге тән емес белгi:

1. қызба

2. қалтырау

3. тершеңдiк

4. бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы

5. жүрек айнуы, құсу, iшi өту

22.Жедел бруцеллезге тән қызба:

1. гектикалық

2. дұрыс емес

3. субфебрильдi

4. тұрақты

5. толқын тәрiздi

23. Бруцеллез кезiндегi қызбаға тән емес белгi:

1. қалтырау мен тершеңдiкпен өтуi

2. науқастар өздерiн жеңiл сезiнедi

3. көбiнесе толқын тәрiздес түрде

4. ұзақтығы 2-3 апта

5. қалтырау мен тершеңдiктiң болмауы

24.Бруцеллездің қай түріне санаторлық-курорттық ем қажет:

1.резидуальды

2.жеделдеу

3.созылмалы компенсирленген

4.жедел

25.Бруцеллездегі қызбаға тән емес белгі:

1.қалтырау және тершеңдіктің болуы

2.науқастардың жеңіл сезінуі

3.толқын тәрізді

4.2-3 аптадан ұзақ

5.қалтыраумен тершеңдіктің болмауы

26.Бруцеллездің диагностикасында қолданылмайтын тест:Ү

1.Райта реакциясы

2.Хедельсон реакциясы

3.Видаль реакциясы

4.Кумбс реакциясы

Бюрне сынамасы

27. Бруцеллездегi инфекциялық процесстiң белсендiлiгiн көрсететiн клиника белгiлерi:

1. басы ауруы, ұйқысыздық

2. әлсiздiк, шаршағыштық, енжарлық

3. тәбетiнiң төмендеуi

4. қызба, тершеңдiк, микроплиаденит, гепатомегалия

5. буындар мен бұлшық еттерде ауырсыну сезiнуi

28.Бруцеллездің емінде қолданылмайтын антибиотик:

1.стрептомицин

2.левомицетин

3.тетрациклин

4.рифампицин

5.пенициллин

29. Бруцеллезде болмайтын қызбаның түрi:

1. толқын тәрiздес

2. бұзылған

3. субфебрильдi

4. интермиттирленген

5. ремиттирленген

30.Бруцеллездегі инфекция көзі болып табылмайды:

1.қойлар

2.ешкілер

3.ауру адам

4.сиырлар

5.шошқалар

31. Жедел бруцзелезге тән клиникалық белгiлердi көрсетiңiз:

1. қызба, басы ауруы, қозу, розеолезды-петехиальды бөртпе

2. қызба, қалтырау, тершеңдiк, гепатолизнальды синдром, микроплиадзнит

3. қызба, басы ауруы, ұйқысыздық, гепатолиенальды синдром

4. қызба, алғашқы аффект, розеолезды-папулезды бөртпе

5. қызба, ангина, лимфаденит, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы

32.Бруцеллездiң лабораториялық диагностикасына қолданбайтын әдiс:

1. бактериологиялық

2. бактериоскопиялық

3. серологиялық

4. аллергиялық

5. қанның жалпы анализi

33.Бруцеллез кезiнде процесстiң белсендiлiгiн көрсететiн әдiс:

1. Бюрне байқауы

2. Хеддльсон реакциясы

3. Роз-бенгал реакциясы

4. Райт реакциясы

5. Хеддльсон реакциясы мен Бюрне байқауы

34.Бруцеллез кезiнде қолданбайтын серологиялық резакцияны көрсетiңiз:

1. агглютинация реакциясы

2. антиденелердi түзетiн реакция

3. комплемент байлайтын реакция

4. Кумбс реакциясы

5. гемагглютинация реакциясы

35.Бруцеллез кезiнде комплексты емдеуге кiрмейтiн препараттар:

1. этиотропты

2. қабынуға қарсы

3. антигистаминдер

4. иммуномодуляторлар

5. иммунодепрессанттар

36.Бруцеллездiң қай клиникалық түрiнде антибактериальды емнiң қажетi жоқ:

1. жедел

2. жеделдеу

3. реинфекция

4. созылмалы, декомпенсация

5. резидуальды

37.Жеделдеу бруцеллездiң негiзгi емi ретiнде қолданатын препараттар

1. этиотропты

2. дезинтоксикациялық

3. антигистаминдi

4. симптоматикалық

5. қабынуға қарсы

38.Бруцеллез кезiнде қолданатын этиотропты препарат

1. доксициклин

2. линкомицин

3. ампиокс

4. оксациллин

5. ампициллин

39.Жедел және жеделдеу бруцеллезден кейiнгi диспансерлiк бақылаудың мерзiмi:

1. 3 ай

2. 6 ай

3. 12 ай

4. 2 жыл

5. 3 жыл

40.Бруцеллезден кейiнгi диспансерлiк бақылау шаралары қатарына кiрмейдi:

1.клиникалық зерттеу

2.иммунологиялық көрсеткiштердi анықтау

3.серологиялық зерттеу

4.рецидивке қарсы емдеу

5.Бюрне аллергиялық пробасын қою

41. 29 жастағы науқас Р., мелиоратор, сырқатының 12-шi күнi бiраз басы ауырып тұрғанына, дене қызуының 38 С-қа жоғарлауына, қалтырау мен тершеңдiкке, тәбетiнiң төмендеуiне шағымданып ауруханаға түстi.

Сырқат қалтыраумен дене қызуынының жоғарлауынан жедел басталған.

Эпиданамнезi: Ауыл тұрғыны, бiрақта өзi мал ұстамайды, еттi, сүттi қолдан сатып алады.

Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,2 С. Терiсi бiраз бозарған, ылғалдылығы жоғарлау, микроплиаденит. Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу, бiрен-саран сырылдар естiледi. Жүрек тондары анық, такикардия. Пульсы минутына 86 соғу.АҚҚ-100/70 мм.с.бб. Iшi жұмсақ,ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасынан 1-1,5 см төмен пальпацияланады. Көкбауыры ұлғаймаған.

Болжамалы диагнозы:

1. безгек

2. Ку-қызба

3. iш сүзегi

4. жедел бруцеллез

5. псевдотуберкулез

42. 25 жастағы науқас Н., сырқатының 21 күнi келесi шағымдармен ауруханаға түстi: әлсiздiк, тершеңдiк, дене қызуы 38-39С-қа дейiн жоғарлап, басы ауырып, бұлшық еттерi мен iрi буындарында ауырсыну сезiнедi.

Сырқат жедел дене қызуының, қалтыраумзн, жоғарлауынан басталған, түнде тершеңдiк пайда болып 3 күн бұрын оң жақ тiзе буыны мен тобық буыны iсiп кеткенiн байқады.

Қарағанда: Жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 38,9С.Терiсi бозғылт, ылғалдылығы жоғарлаған. Микроплиаденит. Оң жақ тiзе буыны мен тобық буыны iсiнген, қозғалыстары шектелген, жергiлiктi қызуы жоғары болып табылған. Өкпе мен жүрегiнде өзгерiстер жоқ. Iшi жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры мен көк бауыры бiраз ұлғайған.

Болжамалы диагноз:

1. iшек иерсиниозы,полиартрит

2. псевдотуберкулез, полиартрит

3. жеделдеу бруцеллез, полиартрит

4. Ку-қызба, бруцеллез-тәрiздi түрi

5. iш сүзегi

43.. Келесi клиника белгiлер жиыны қай ауруға тән: сақманнан келген 20 жастағы науқаста сырқат жедел басталып, 8 апта бойы толқын тәрiздi қызба пайда болған. қызба жоғарлаған кезде қалтырау сезiнедi, түнде қатты терлейдi.

Қарағанда: лимфаденит, гепатолиенальды синдром және оң жақтағы жыныс жұмыртқасы iсiнген болып табылған.

1. Ку-қызба

2. жеделдеу бруцеллез

3. эпидемиялық паротит

4. псевдотуберкулез

5. iшек иерсиниозы

44. 25 жастағы науқас, сырқатының 18-шi күнi келесi шағымдармен ауруханаға түстi: дене қызуы 38 С-қа дейiн күнде кешке жақын қалтыраумен жоғарлайды, түнде қатты терлейдi, басы ауырып, әлсiздiк, аяқ қолының iрi буындарында ауырсыну сезiнедi.

Ауыл тұрғыны, малшы болып жұмыс iстейдi. Төл кезiнде отарда өлi туған малдар көп болды.

Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 38,2С. Терiсi дымқыл, микроплиаденит. Өкпе мен жүректе өзгерiссiз.Iшi жұмсақ, бауыры мен көкбауыры бiраз үлкейген түрде пальпацияланады.

Болжамалы диагноз:

1. безгек

2. Ку-қызба

3. жедел бруцзелез

4. iш сүзегi

5. псевдотуберкулез

45. 48 жастағы науқас, ауруханаға тiзе, бiлезiк және қолдарының ұсақ буындарында ауырсыну сззiнуiне, субфебрильды қызбаға, тершеңдiкке,, әлсiздiкке шағымданып түстi.

Ауырғанына 1,5 жыл болған, алдымен тiзе буындары ауырып, кейiнгi 2-3 айда қол буындары ауыра бастады, осы кезден берi кешке жақын тоңазытып, кейде дене қызуы 37,5 С-ке дейiн көтерiле басталды.

Эпиданамнез: 5 жыл бойы сауыншы болып iстедi. Үйiнде тышқандар бар.Көбiнесе көкөнiстер жеп, сүт, қаймақ жейдi.

Қарағанда: Жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,3С. Терiсi бiраз бозарған, дымқыл. Микроплиаденит. Екi қолының ұсақ буындары iсiнген, қозғалыстары шектелген.Өкпе мен жүрегiнде өзгерiссiз.

Тiлiн бiраз түк басқан.Iшi жұмсақ. Бауыры мен көкбауыры қалыпты көлемде.

Болжамалы диагноз:

1. Ку-қызба, бруцеллез тәрiздi түрi

2. жеделдеу бруцеллез

3. созылмалы бруцеллез, субкомпенсация

4. созылмалы бруцеллез, декомпенсация

5. псевдотуберкулез

46. 26 жастағы науқас дене қызуының жоғарлауына, тершеңдiкке, бұлшық еттерi мен сүйектерiнде ауырсыну сезiнуiне, әлсiздiкке шағымданып ауруханаға түстi.

Ауырғанына 10 күн болған, сырқат қалтыраумен дене қызбасының 38-39 С-қа дейiн жоғарлауынан, бұлшық еттерi мен сүйектерiнде ауырсынудан жедел басталған. Жоғарғы деңгейдегi қызба 3 күн бойы сақталып, субфебрильдi түрге ауған.

Эпиданамнезi: бiр ай бойы сақманда болған. Бруцеллезге қарсы егiлмеген. Ангиналармен жиi ауырады.

Жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,4С. Терiсi дымқыл. Микроплиаденит. Буындары өзгерiссiз. Жүрек тондары бiраз тұйықталған. Пульсы минутына 78 соғу. АҚҚ- 110/60 мм.с.б.б. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған.

Болжамалы диагнозыңызды көрсетiңiз:

1. Ку-қызба, бруцеллез тәрiздi түрi

2. жедел бруцеллез

3. псевдотуберкулез

4. iшек иерсиниозы, полиартралгия

5. реактивтi бруцеллез

47.Төмендегi белгiлер жинағы қай ауруға тән: 22 жастағы шопан жедел ауырған, 4 апта бойы ретсiз интермиттирленген қызба, қалтырау, тершеңдiк, /әсiресе түнде /, перифериялық лимфа түйiндерi, бауыры және көкбауыры үлкейген.

1. iш сүзегi

2. жедел бруцеллез

3. грипп

4. Ку-қызба

5. кене бөртпе сүзегi

48. 32 жастағы науқас, тiзе, тобық буындарында ауырсыну сезiнуiне, дене қызуының жоғарлауына, әлсiздiкке, тершеңдiкке шағымданады.

Буындары ауырғанына 3 жыл болған. Кейiнгi кезде дене қызуы жоғарлап, жоғарыда айтылған шағымдар пайда болды.

Эпиданамнез: 6 жыл бойы сауынша болып iстейдi. Бруцеллезгз қарсы жұмысқа кiргенде бiр рет егілген.

Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,5С. Терiсi дымқыл. Микроплиаденит. Оң жақ тiзе буыны iсiнген, оның қозғалысы шектелiнiп ауырсынады. Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу. Жүрек тондары тұйықталған. Пульсы 78 соғу минутына. АҚҚ-100/60 мм.с.б.б. Iшi жұмсақ. Бауыры бiраз ұлғайған түрде, көкбауыры пальпацияланбайды.

Болжамалы диагноз:

1. жеделдеу бруцеллез

2. созылмалы бруцеллез, компенсация

3. созылмалы бруцеллез, субкомпенсация

4. созылмалы бруцеллез, декомпенсация

5. резидуальды бруцеллез





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1229 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.022 с)...