Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ботулизм



1.Ботулизм патогенезіндегі негізгі фактор:

1.токсинемия

2.бактеремия

3.бактеремия және токсинемия

4.вирусемия

2.Ботулизмнің қоздырғышы бөлетін токсин:

1.эндотоксин

2.экзотоксин

3.экзо және эндотоксин

4.нейротосин

3.Ботулизмнің зақымдайтын таңдаулы жүйесі:

1.жүрек тамыр

2.ас-қорыту

3.нерв

4.тыныс алу

4.Антитоксикалық сарысулар қолданылатын инфекция:

1.менингококкты инфекция

2.тілме

3.эпидемиялық бөртпе сүзегі

4.ботулизм

5.сальмонеллез

5.Ботулизмнің дезинтоксикациялық емінде қолданылатын препарат:

1.иммундық сарысулар

2.интерферон

3.гемодез

4.реполиглюкин

6.Ботулизмнің диагнозын қою үшін маңызды клиникалық симптом:

1.шырышты қабаттың құрғауы

2.жүрек айну, эпигастрия аймағының ауырлауы

3.іштегі дискомфорт, диарея

4.бульбарлық бұзылыстар (көрудің, жұтыудың және т.б. бұзылуы)

5.дене температурасының көтерілуі, тахикардия

7.Ботулизмнің негізгі емдеу әдісі:

1.арнайы антибактериалды ем

2.арнайы емес антибактериалды ем

3.арнайы антитоксикалық ем

4.арнайы емес антитоксикалық ем

8.Ботулизмге тән емес симптом:

1.қосарланып көріну

2.асқа шашалу

3.қызба

4.ауаның жетіспеушілгі

5.диспепсиялық симптом

9.Қызба тән емес инфекциялық ауруды көрсетіңіз:

1.туляремия

2.дифтерия

3.ботулизм

4.эпидемиялық бөртпе сүзегі

5.Қу-қызба

10.Ботулизмге тән емес:

1.офтальмоплегиялық синдром

2.шырышты қабаттың құрғауы

3.лейкоцитоз

4.жедел тыныс жетіспеушілігі

5.естің сақталуы

11.Ботулизмнің негізгі синдромы емес:

1.миастениялық

2.менингеальды

3.гастроинтестинальды

4.псевдопаралитикалық

12.Ботулизмге тән емес тұжырым:

1.қосарланып көріну, көз алдының бұлдырлауы

2.асты жұтынудың қиындауы

3.тыныс алудың бұзылуы

4.ауыздың құрғауы

5.жиі, аз мөлшерде нәжіс

13..Ботулизм қай тағамды жегенде дамуы мүмкiн:

1. сүт және сүт өнiмдерi

2. жемiс-жидектер

3. құрамында ботулизм қоздырғышының споралары бар тұздалған тағамдар

4. құрамында ботулотоксин бар консервленген тағамдар

5. қуырылған саңырауқұлақтар

14.Ботулизм қоздырғыштарының қасиеттерiне тән емес белгiнi көрсетiңiз

1. бұлар анаэробтар

2. спора түзедi

3. эндотоксин шығарады

4. споралары сыртқы ортада өте тұрақты

5. вегетативтi формалары сыртқы ортада тұрақты

5.

15.Ботулизм кезiнде орталық нерв жүйесiнiң зақымдалуының негiзгi синдромы болып табылады:

1. тырысу / судорожный /

2. гидроцефалитикалық

3. ми қорабы ядроларының зақымдалуымен өтетiн энцефалиттiк

4. менингиальды

5. паралитикалық / салдану /

16.Ботулизм кезiнде зақымданатын:

1. ми заты

2. жұлынның және сопақша мидың алдынғы мүйiзiнiң мотонейрондары

3. жұлынның және сопақша мидың артқы мүйiзiнiң мотонейрондары

4. гипталамус аймағы

5. ми қарыншалары

17. Ботулизмге тән емес жағдай:

1. инкубациялық кезеңнiң уақыты 10-14 күн

2. жедел басталуы

3. диспепсиялық өзгерістер

4. көрудiң бұзылуы

5. тыныс алудың бұзылуы

18. Ең жиi кездесетiн ботулизм:

1. тамақ ботулизмi

2. жара ботулизмi

3. жаңа туған балалардың ботулизмi

4. жарадан болған ботулизм және жаңа туған балалар ботулизмi

5. жарадан болған ботулизм және тамақ ботулизмi

19. Ботулизм кезiндегi диспепсиялық өзгерістерге тән белгі:

1. жүрек айну

2. құсу

3. эпигастральды аймақтағы ауырсыну

4. тәбеттiң төмдемеуi

5. жалқақ араласқан көп мөлшерде қайталанған сұйық нәжiс

20. Қандай синдром болмаған жағдайда ботулизм диагнозы күмән тудырады:

1. диспепсиялық

2. офтальмоплегиялық

3. фарингоназоглосса-невролоргиялық

4. тыныс алудың бұзылу синдромдары

5. жалпы миастения

21. Ботулизм кезiндегi неврологиялық бұзылыстарға тән емес белгі:

1. салдану синдромының дамуы

2. зақымдалудың симметриялы екi жақтылығы

3. көз бұлшық еттерiнiң мiндеттi түрде зақымдалуы

4. сауығуы баяу түрде өтуi

5. неврологиялық өзгерiстердiң қайтымсыздығы

22. Ботулизмдегi диспепсиялық синдромға тән емес белгiнi көрсетiңiз:

1. жүрек айну

2. құсу

3. сұйық нәжiс

4. iштiң ауырсынуы

5. сусыздану

23. Ботулизмнiң жиi кездесетiн асқынуы:

1. жедел бүйрек жетiспеушiлiгi

2. мидың iсiнуi

3. аспираторлы пневмония

4. токсико-инфекциялық шок

5. гиповолемиялық шок

24. Ботулизмнiң лабораториялық диагностикасының негiзгi әдiсi:

1. бактериоскопиялық

2. бактериологиялық

3. серологиялық

4. биологиялық

5. аллергиялық

25. Анықталмаған токсиндi ботулизмнiң емiн қандай сарысу енгiзумен өткiзу керек:

1. А

2. А,Е

3. А,В

4. А,В,Е

5. А,В,С,Д,Е,Г

26. Науқас 67 жаста, неврологиялық бөлiмшеге жедел ми айналымының бұзылуы деген диагнозбен түстi.Шағымдары: ауа жетiспеушiлiк сезiмiне, аузының құрғауына, сұйық және қатты тағамдарды жұтынуының қиындығына, көзiнiң ашылмауына, жалпы әлсiздiкке

Бұдан 5 күн бұрын ауырған, кешкi тамақты iшiп отырған кезде қаттылау тамаққа қақалып, одан кейiн көздерiнiң алды бұлдырап, заттар қосарланып көрiне бастаған. Келесi күндерi жағдайы нашарлай берген, көзiнiң ашылуы қиындап, iшкен тамағы мұрыннан төгiле бастаған / сұйық тамақ /

Анамнезiнде: жиi гипертониялық криедер болып тұрады. Аяғында варикозды қан тамырларының кеңеюi бар.

Эпиданамнез: ауырардың алдында көршiсi әкелiп берген сәбiзбен консервленген бұрыш жеген.

Жалпы жағдайы ауыр. Бетiнде мимикасы жоқ. Екi қабағында да толық птоз, көзiн қолдың көмегiмен ашқан кезде заттар бұлдырап көрiнедi., мидриаз. Дауысы қарлығып, танауынан шығады. Жұмсақ таңдайы салбырап, тiлiнiң түбiне жетiп тұр. Тыныс алуы қиындаған, жиiлiгi минутына 30 рет. Жүрек тондары тұйықталған.Пульсы минутына 96 рет. Аққ- 150/90 мм.с.б.б. Тiлi қоңыр жабындымен жабылған, құрғақ, қозғалуы қиындаған. Iшi кепкен, бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Нәжiсiнiң болмағанына 3 күн болды.

Сiздiң диагнозыңыз:

1. мидың қан айналымының жедел бұзылуы

2. белгiсiз себептi энцефалит

3. ботулизм

4. күзгi-жазғы кене энцефалиты

5. сiреспе





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 917 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...