Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бағалау саясаты



Жексембаева Раушан Жексембаевна -Информатика және ИОӘ кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі. Байланыс телефондары:с.: 8 707 7601407, e-mail: [email protected], жұмыс телефоны 25-54-64 (228), №2 корпус, 323 кабинет.

Пән пререквизиттері:

«Сандық әдістер» пәнін оқып үйрену студенттердің аналитикалық геометрия, сызықтық алгебра, программалау тілдері, математикалық анализ, дифференциалдық теңдеулер - пәндерінен алған білімдеріне негізделеді.

Пән постреквизиттері:

Бір-біріне аралас пәндер құрамына алгебра, математикалық талдау, дифференциалдық теңдеулер, программалау тілдері, тиімділік әдістері, амалдарды зерттеу және ақпараттық технологиялар пәндері кіреді.

Пәннің қысқаша сипаттамасы:

"Сандық әдістер" пәні қолданбалы математика бойынша мамандарды жалпы математикалық сауаттылыққа дайындауда ең негізгі фундаментальдық пәндердің бірі. Сонымен қатар, "Сандық әдістер" пәні 5В011100 - “информатика” мамандықтары үшін жұмыстық оқу жоспарына сәйкес жалпы білім беретін пәндерге жатады.

Пәннің мақсаты:

"Сандық әдістер" пәнінің мақсаты – қолданбалы есептерді шешудің жуықтау әдістері, математикалық модельдеу әдістері, қателік көздері және нәтиже дәлдігінің әдістері жөніндегі түсініктерді студенттерге жүйелендірілген түрде қалыптастыру. Сондай-ақ, оларды таным үрдісінде пайда болатын математикалық есептерді ЭЕМ-ның көмегімен шешудің есептеу алгоритмдерін құрып, қолдана білуге дайындау. Сонымен қатар, оны тәжірибелік іс-әрекетінде математикалық модельдеудің көмегімен шынайы әлемнің заңдылықтарын пайдалана білу болып табылады.

"Сандық әдістер" пәнінің негізгі міндеттері:

· сандық әдістердің анықталған арсеналдарымен студенттерді қаруландыру және қолданбалы есептерді ЭЕМ-ді пайдаланып жуықтау үшін сандық әдістерді пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру;

· сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін және қарапайым дифференциалдық теңдеулерді сандық әдістерді қолданып шешуде - тиімді әдістерді таңдауды, оны негіздеуді, дәлдікті бағалау жолдарын көре білуді, қолданған әдістердің алгоритмін меңгеруді және оған сәйкес программалар құра білуді үйрету;

· курсты бағдарламалық жағынан қамтамасыз етуді жете зерттеу және студенттерді оны қолдану икемділіктерімен дағдыландыру;

· студентттерді алдыға қойған есептерді шешу барысында сандық шешудің тиімді тәсілдерін таңдауға, әртүрлі әдістермен алынған есептің нәтижелерін салыстыруға үйрету;

· алынған сандық шешімдердің дұрыстығын және дәлдігін тексеру әдісі жайындағы болжамды, жинақтылықты және сандық шешімнің нақты алгоритмдерін қолданудағы қисындылықты негіздеу үшін шешімді алу жылдамдығын тексеру тәсілдерін қалыптастыру;

· есептеу алгоритмдерін әмбебап бағдарламалау тілдерінің көмегімен орындай білу іскерлігін қалыптастыру.

"Сандық әдістер" пәнін оқу нәтижесінде студент келесі іскерлік, білім, дағды минимумдарын білуі тиіс:

· Алгебра, геометрия, математикалық анализ, дифференциалдық теңдеулер есептерін сандық және жуық әдістермен шеше білу;

· Бір айнымалысы бар теңдеулерді түбірді жекелей білу және оларды кесіндіні қақ бөлу (дихотомия), жәй қайталау, хорда және жанама әдістерімен шешуді меңгеру;

· Сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін Гаусс, Зейдел және итерациялық әдістерді қолданып шешуді;

· Функцияларды интерполияциялауды (Лагранж және Ньютонның интерполияцияланған көпмүшеліктерін құру және т.б.);

· Қарапайым диференциялық теңдеулерді сандық дифференциалдау (Эйлер және Рунге-Кутта әдістері) және сандық интегралдау (Трапеция және Симпсон әдістері) жолдарын;

· Дербес туынды алуда теңдеулерді шешудің жуықтау әдістерін қолдануды меңгерулері;

· Математикалық физика есептерін шешудің сандық әдістерін қолдануды меңгерулері тиіс.

Пәнді меңгеру нәтижесінде төмендегі құзырылықтар қалыптасады:

· негізгі құзырылықтар:

· қалыптастырушы: қазіргі ақапаарттандырылған қоғамның дамуы кезінде ақпараттың мәні мен маңызын түсіну;

· жүйелеуші: ақпарат, ақпараттық үрдістер туралы білімді меңгеру, ақпаратты бағалау, таңдау, және ұйымдастыра білу;

· зерттеу: ақпаратты алу және пайдалану, түрлі деректерді қабылдау және қолдан білу;

· пәндік құзырлықтар:

· коммуникативтік: түсінікті болу үшін сұхбат құра білу, тапсырмаларды уақытылы орындау;

· технологиялық: білімгерлердің өздігінен жоспарлаған ақпараттық өнімдерін сызба бойынша құру және оны өңдеу мүмкіндігін түсіну;

· бақылаушы: ақпараттандыру саласындағы білімді меңгеру, бақылаушы-бағалаушы материалды дайындау, алынған нәтижені өңдеу;

· арнайы құзырлықтар:

· бағдарламалық: ақпаратты қабылдау, сақтау, өңдеу әдіс-тәсілдерін меңгеру, ақпаратты басқарушы құрал ретінде компьютерде жұмыс жасай алу, ауқымды компьютерлік желімен жұмыс істей алу қабілетінің болуы;

· пәнаралық: компьютерлік сауаттылықты меңгеру және әр түрлі пәндердің материалдарымен жұмыс істеу кезінде қолдана алу;

· әлеуметтік: ұжымда жауапкершілікпен жұмыс істей алу;

· дамытушық: оқытудың жаңа дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерін меңгеру, жоғары кәсіби тәжірибелі ұстаздардың тәжірибесін үйрені және тарату;

· креативті: компьютермен басқарылатын конструкторлық материалдарды пайдалану арқылы құрастыру және модельдеу;

· ұйымдастырушы-әдістемелік: нормативтік құжаттарды меңгеру, ұйымдастырушы қабылетін дамыту;

Бағалау саясаты

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1106 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...