Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Болжамы



Болжамы аса қолайлы емес, ауру созылмалы және үдемелі болғандықтан, емдеу арқылы оны уақытша тоқтатып немесе ағымын бәсеңдете аламыз. Толық жазып шығара алмаймыз.

Миокард инфарктынан кейінгі реабилитация

1.Емдәм.

2.Дәрілік реабилитация (дислипидемияны коррекциялау, асқынулардың алдын алу).

3.Мөлшерленген физикалық жүктеме.

4.Емдік гимнастика.

5.Психологиялық реабилитация.

Кардиологиялық реабилитация түсінігіне медициналық бақылау шаралары кіреді, олар инфаркт алған немесе ауыр кардиологиялық ауруы бар, сонымен қатар кардиохирургиялық операция жасалған науқастарға физикалық активтілігін максимальді қалыпқа келтіруге арналған іс-шаралар жиынтығы.

Реабилитациялық шаралардың ең басты мақсаты – жүрек ауруларының алдын алу. кардиологиялық реабилитация бағдарламасы әр науқасқа жеке дара даярланады, оның ұзақтығы кқптеген факторларға байланысты.

Кардиологиялық реабилитацияның пайдасы: мүгедектіктің алдын алу, кәдімгі қалыпты өмірге оралу, келесі жүрек ұстамаларының алдын алу және басқа жүректің ауруларының алдын алуға көмектеседі. Кардиологиялық проблемаларға байланысты қайта госпитализациялау мүмкіндігін төмендетеді, жүрек ауруларынан өлу қаупін төмендетеді, науқастың физикалық кондициясын жақсартады, дәрілік препараттардың қажеттілігін азайтады, артериальді қан қысымын төмендетеді.

Реабилитация жүйесі сондай - ақ қандағы атерогенді майлардың төмендеуіне көмектеседі (қан тамыр саңылауында атеросклеротикалы тостағаншалардың болуы): жалпы холестерин, тығыздығы төмен липопротеидтер және триглицеридтер, қорқу, қобалжу және депрессияны азайтады, атеросклероздың үдеуін тежейді, дене салмағының төмендеуін қамтамассыздайды, өмір сапасын жоғарлатады.

МИ алған науқастардың реабилитациясы және ем эффективтілігің жоғарлату проблемасы қазіргі кездегі кардилогияда маңызды болып табылады және үлкен медициналық және әлеуметтік маңызы зор.

Соңғы оң жылда барлық әлем мемлекеттерінде жүрек - қан тамыр патологиясының көрсеткіштерінің динамикасы және өлімі қолайсыз, барлық қан тамыр өлімінің 90% жүректің ишемиялық ауруына (ЖИА) және мидың ишемиялық ауруына түседі. Өмір сүру және өлу арасында ең қолайсыз топ, МИ алған науқастар болып саналады. МИ алған науқастардың емі және реабилитациясының негізгі бағыты, дәрілік препараттарды қолдану, медикаментозді емес ем және санаторлы-курортты факторлардың комплексі болып табылады. Егер 10-15 жыл бұрын МИ диагнозы қойылған жағдайда науқастарды мүгедек тобына ауыстырған, бірақ қазіргі кездегі сапалы жасалынған реабилитация жүйесіне байланысты көптеген науқастар өзінің бұрыңғы жұмыстарына, әдеттегі өмірге келе алады.

МИ емі стационарлық еммен аяқталмайды. Стационардан кейін жарты жылға созылған реабилитациялық шаралар өткізіледі. Осы кезде физикалық күштеме үдейе түседі. МИ алған науқастардың өмірі түгелімен өзгереді. Осындай науқастар естен шығармауы керек, фармацевтік препараттарды олар қалған өмірі бойы қабылдайды. Зиянды қылықтарды тастау керек. Артериальді қан қысымын үнемі бақылап отыру керек. Бірақ инфаркттан кейін де өмір жалғасып жатыр, егер дәрігердің нұсқауларын ұмытпасан. Реабилитацияның барлық шаралары салыстырмалы түрде өтеді, ол науқастың ауырлық жағдайына, аурудың клиникалық даму ерекшелігіне, сондай ақ қосымша ауруларына және патологиялық процестерге байланысты. Рабилитация бағдарламасы госпитальді (стационарлы) емнің жалғасы болып табылады.

Реабилитация сатысында мынандай мақсаььар қойылады:

1) физикалық – жүрек-қан тамыр жүйесінің функциясын максимальді деңгейге дейін қалпына келтіру және науқастардың физикалық жұмысқа деген қабілеттілігін қалпына келтіру. Физикалық күштемеге деген адекватты реакция болу керек, ол физикалық жаттығулардан 2–6 аптадан кейін дамиды, ол коллатеральді қан айналымды жақсартады;

2) психологиялық – МИ алған науқастара әдетте қорқу сезімі дамиды, қайта инфаркт болуы мүмкін бе деп, сондықтан да психологиялық реадаптация қажет. Осы кезде психотропты заттар қолдану керек;

3)әлеуметтік реабилитация, немесе өзіндік өмірге дайындық және өңдірістік тіршілікке: МИ алған науқас 4 ай бойы еңбекке жарамайды, кейін ДЕЭК бағытталады. 50% науқас жұмысына қайта оралады, яғни еңбекке деген қажеттілік толығымен қалпына келеді. Егер асқынулар дамыса онда уақытша мүгедектік тобы белгіленеді, әдетте II, 6-12 айларда.

Реабилитацияның маңызы зор (денсаулығын стабильді деңгейге дейін қалпына келтіру және науқастың еңбекке деген қажеттілігі). Төсектегі науқастың активтілігі – бірінші күннен бастап, отыру – 2–4 күннен бастап, тұру және жүру – 7-11 күндері.

Реабилитация мерзімі және көлемі жекеше алынады, науқас стационардан шыққаннан кейін ол емханада немесе санаторияда аяқталынады.

Жергілікті санаторияларда реабилитация бөлімшесіне ауру дәрежесі I–III класстағы науқастар ауыстырылады.

МИ алған науқастардың санаторияға бағытталатын қарама қарсы көрсеткіштері бар:

1) науқастың санаторияға түсетін жалпы қарама қарсы көрсеткіштері (жедел инфекциялық аурулар, психикалық және онкологиялық аурулар, венерологиялық аурулар, қан аурулары жедел және өршу сатысында);

2) қан айналым жетіспеушілігі;

3) коронарлы жетіспеушіліктің ауыр сатысы;

4) МИ рецидивті ағымы;

5) өткізгіштіктің және жүрек ырғағының ауыр дәрежесі;

6) гипертониялық аурудың ІІІ сатысы;

7) жүрек аневризмасы (жедел немесе созылмалы) І сатыдан жоғары қан айналым жетіспеушілігінің болуымен;

8) қолқа аневризмасы;

9) жедел және жеделдеу сатысында ми қан айналымының бұзылыстары;

10) рецидивті тромбоэмболиялық асқынулар;

11) декомпенсирленген қант диабеті.

Емдік гимнастиканы орындау үшін қажет критерийлер бар:

1) өзін жақсы сезінген кезде жаттығу;

2) ентігу немесе жүрек аймағында ауру сезімі пайда болса күштемені азайту немесе тоқтату керек;

3) жаттығу тек жақсы желдетілген бөлмеде өткізілу керек;

4) киімі жаттығуларды орындау үшін ыңғайлы болу керек;

5) жаттығу ұзақтығы 20-30 мин;

6) барлық жаттығулар қатты қимылсыз жасалынады;

7) күштеме мөлшерленген болу керек;

8) жаттығу орындаған кезде дем алу мұрын арқылы, ал дем шығару ауыз арқылы болады;

9) арнайы тыныс алу жаттығулар кезінде дем алу баяу болады, дем шығару ұзақ болу керек;

10) түзу жергіліті жерде жүру;

11) жаттығуды таңертен, күніне бір рет, кейін түстен кейін, бірақ жатар алдында 2 сағат бұрын бастау керек.

ЕҢБЕК ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ЭКСПЕРТИЗАСЫ

Уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі құрайды:- ұсақ ошақты МИ асқынулары болмаса – 2 ай; - ірі ошақты инфарктта – 2-3 ай; - әр түрлі МИ асқынулары болса 3-4 ай; - рецидивті МИ, айқын жүрек жетіспеушілігінде, ауыр ырғақ және өткізгіштік бұзылыстарында науқастар МӘЭК жіберіледі, аурухана парағын 4 айдан жоғары ұзарту немесе мүгедектік тобын анықтау үшін.

ЖИА КЕЗІНДЕ УАҚЫТША ЖҰМЫСҚА ЖАРАМСЫЗДЫҚТЫҢ УАҚЫТЫН АНЫҚТАУДЫҢ АЛГОРИТМІ (жедел және жеделдеу формалары)

Тұрақсыз Жедел миокард инфаркті

Стенокардия

Асқынбаған ағымда Асқынған ағымда

6 аптаға дейін

майда- ірі- майда - ірі-

ошақты ошақты ошақты ошақты

2-2,5 ай 2 – 3 ай Индивидуальді толық жазылғанша:3 – 4 ай





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 467 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...