Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Есептерге эталон жауаптары



1.Сол жақ кеуде қуысының ұзақ ауру сезімі, айқын вегетативті көріністердің болуына (бетінің ыстық болуы, жүрек қағуы, басының ауруы) қарай, ЭКГ динамиканың болмауы климактериялық (дисгормональді) миокардиодистрофия туралы ойландырады. Диагнозды дәлелдеу үшін гинекологтын, эндокринологтын кеңесі және анаприлинмен сынама жасау қажет. Сонымен қатар науқаста омыртқа аралық остеохондроз, кеуде бөлімінің деформирлеуші спондилёзы түбірлік синдромымен. Науқасқа түсіндіру қажет ИМ онда болған жоқ. Науқасты невропатолог және гинеколог қарағаннан кейін өзінің кәсібі жұмысын бастаса болады.

2. Миокард инфарктісі айқын асқынуларсыз өтеді. Реабилитацияның ауруханалық фазасынын аяғында физикалық активтілік, науқас реабилитацияның 2 фазасына дайын деп және тұрақты түрде физикалық жаттығуларды жоғарлатуға болады деген дәрежесіне жеткенде.

3.Науқас физикалық күштемені кеңейтуге әлі дайын емес, өткені күштемеге адекватты реакция болып саналады егер: алғашқы 2-3 минутта және одан кейін күштеме биіктігінде пульстің жиілеу 20 рет минутына немесе 10 рет минутына сирек болса, тыныс алу 6-8 мм.с.б. жиілейді. Қалыпты деп саналады егер пульстің жиілігі 2-3 минутта алғашқы деңгейге келсе. Науқаста осы барлық көрсеткіштер жоғары. Науқас реабилитацияның 2 этапына дайын, бірақ физикалық күштемені кеңейтуге дайын емес.

4. Диагноз: Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

5. ЖИА. Алғаш рет пайда болған стенокардия госпитализациялау көрсетілген

Информационді - дидактикалық блогы

Жедел коронарлы синдромның диагностикасы. ЖКС – стабильді емес стенокардия, миокард инфарктісі. Бұл екі жағдай патологиялық процестің дамуымен болады, науқастың өміріне қауіп туғызады, жоғары летальдықпен жүреді, тез дәлелді диагностиканы және тез, агрессивті, адекватті емді талап етеді.

Жіктелуі

Даму сатысына қарай:

  1. Жеделдеуші кезеңі
  2. Жедел кезең
  3. Жеделдеу кезең
  4. Тыртықтану кезеңі

Зақымдалу анатомиясына қарай:

  1. Трансмуральды
  2. Интрамуральды
  3. Субэндокардиальды
  4. Субэпикардиальды

Зақымдалу көлеміне қарай:

  1. Ірі ошақты (трансмуральді), Q-инфаркт

2. Ұсақ ошақты, Q- сыз инфаркт

Некроз ошағының орналасуы.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 522 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...