Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жалпы ақпарат



Егер глобалады айнымалыны бірнеше ағындармен өзгерткенде, онда орындалған өзгертулер жоғалып кетуі мүмкін. Қосымшалардың бірнеше ағындар кезіндегі жұмысы дұрыс болуы үшін ағындардың программа операторларына (айнымалылардың мәнін өзгертетін және жадыға жазатын операторларға) қол жеткізуін кезекпен орындалатындай қылу керек.

Тек бір процестің ғана глобалды айнымалылардың мәндерін жазу және өзгерту мүмкіндігі болуы керек.

Бұл есепті шешу үшін қарапайым құралдар – бір процестің критикалық бөліктеріне кезекпен қол жеткізуді қамтамасыз ететін критикалық секциялар және күрделі құралдар - Mutex (mutually exclusive – взаимно-исключающий) қолданылады. Жай тілмен айтқанда мьютекстер, олар әртүрлі процестер тудырған ағындар үшін тура сондай есептерді шешеді. Сонымен қатар критикалық бөліктерге кезекпен қол жеткізуді қамтамасыз ету есептері семафорлар және оқиғалар – әмбебап синхрондау құралдарының көмегімен де шешіледі.

8.2.1 Ағымдар.

Windows ОЖ көп есепті (многозадачный) болып табылады, яғни бір уақытта бірнеше есептерді орындайды.

Бір бағдарлама кодтары бір уақытта орындалатын бірнеше тәуелсіз блоктарынан тұра алады. Әрбір блок ағын деп аталады.

Жаңа қосымша қосылғанда ол үшін бағдарлама коды орындалатын негізгі 1 ағым пайда болады. Сонымен бірге кез келген уақытта негізгі ағыммен параллель орындалатын қосымша ағымдар құруға болады.

Осылай көп есептікті бағдарлама ішінде де құруға болады. Мысалы егер өте көп уақыт алатын есеп шығару қажет болса, онда қосымша ағым құру ыңғайлы. Негізгі бағдарламаны екі ағымға бөледі, біреуінде есептеу орындалады, екіншісінде қажетті жұмыс орындалады.

8.2.2 Ағымдар синхронизациясы.

Есептеу жүйесінің аппараттық және информациялық ресурстарын қоса қолданумен байланысты ағымдар синхронизациясының қажеттелігі тек мультипрограммалық операциялық жүйелерде пайда болды. Ағымдар арасында мәліметтер алмасу, мәліметтерді бөлу, процессорға және енгізу-шығару құрылғыларына қол жеткізу жағдайында тығырықтарды болғызбау үшін синхронизация қажет.

Ағымдардың өзара байланысының негізінде синхронизация жатыр. Мысалы, қабылдаушы-ағым тек жіберуші-ағым мәліметті буферге салған соң ғана ол мәліметті шақыра алады. Егер де қабылдаушы-ағым мәліметті буферге түскенге дейін шақырып қойса, онда ағым тоқтатылады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 467 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...