Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Зертханалық жұмысқа тапсырма



Тапсырманы орындар алдында 7.2, 7.3 тармақтардағы әдістемелік нұсқауларды оқыңыз.

7.1.1 Бөлінбейтін ресурстар кезіндегі өзара блокталуды табу. Жүйеде әрбір типтен бір ресурс қана бар. Жүйе мынадай жеті процесс пен алты ресурстан тұрады: A, B, C, D, E, F, G және R, S, T, V, W,U. Бір моментте жүйе келесі тізімге сәйкес:

1) А процесіне R жіберіледі және S ресурсын алғысы келеді;

2) В процесі ешқандай ресурсты қолданбайды, бірақ Т ресурсын алғысы келеді;

3) С процесі ешқандай ресурсты қолданбайды, бірақ S ресурсын алғысы келеді;

4) D процесіне U жіберіледі және S және T ресурсын алғысы келеді;

5) E процесіне T жіберіледі және V ресурсын алғысы келеді;

6) F процесіне W жіберіледі және S ресурсын алғысы келеді;

7) G процесіне V жіберіледі және U ресурсын алғысы келеді.

Келесіні орындау қажет:

1) Жүйе блокта тұр ма? Иә болса, онда қандай процестер қатысады?

Біздің жағдай үшін тығырық келесі L=[B,T,E,V,G,U,D,T] тізімде анықталады.

2) Бірлік ресуртары бар жүйелердегі тығырықтық күйді және блокталған процестерді анықтау есептерін шешу алгоритмін құрып, қолдану керек.

3) Көрсетілген тізімге сәйкес ресурстарды процестер бойынша бөлу керек.

4) Тығырықтық күйге түскен процестерді анықтауға мүмкіндік беретін процестер мен ресурстардың графын салыңыз.

Визуалды түрде өзара блокталу жақсы көрінеді, бірақ бізге оны ОЖ-нің өзі тапқаны қажет. Ол үшін келесі алгоритмдердің бірін қарастырайық:

Әрбір N түйін үшін графта 5 қадам орындалады:

1) Бастапқы шарттар: L-бос тізім, барлық жолдар белгіленбеген.

2) Ағымдық түйінді L тізімінің соңына енгіземіз де түйіннің тізімде пайда болуларын санаймыз. Егер ол екі рет кездессе, яғни цикл және өзара блокталу бар.

3) Берілген түйінде кем дегенде бір белгіленбеген жол шығатынын бақылаймыз. Егер болса, онда 4 қадамға өтеміз, егер жоқ болса, онда 5 қадамға өтеміз.

4) Жаңа белгіленбеген жолды табамыз да белгілейміз. Сол бойынша жаңа түйінге өтеміз де 3 қадамға қайтамыз.

5) Тығырыққа тірелдік. Соңғы түйінді жоямыз да, алдыңғы түйінге қайта ораламыз, 3 қадамға қайтамыз. Егер бұл алғашқы түйін болса, яғни циклдер жоқ, алгоритм аяқталады.

7.1 сурет – Өзара блокталуды табудың алгоритмі

7.2 сурет - Тығырықтық күйге түскен процестер мен ресурстардың сұлбасы

7.1.2 Жүйеде 5 процесс (A, B, C, D, E) және процестерге берілетін 4 ресурс (р1, р2, р3, р4) бар. Берілген ресурстар және процестерге қажетті максимал саны 7.1 кестеде келтірілген. «Қажет» және «Қол жетімді» бағандарын толтыру керек. Ресурстарды тиімді бөлу жолын анықтаңыз. Жүйеде тығырықтық жағдай болуы мүмкін бе?

7.1 кесте - Ресурстарды бөлу және олардың саны

Процесс р1, р2, р3, р4 беріледі Максимал қажеттілік Қажет р1, р2, р3, р4 Қол жетімді р1, р2, р3, р4
А 0 0 1 3 1 0 1 5   3 0 1 1
В 1 3 0 0 2 6 5 0    
С 0 0 3 1 2 6 5 6    
D 2 3 4 1 4 3 5 6    
E 0 3 3 1 0 5 5 1    

7.1.3 Бірағындық және көпағындық файлдық серверлер арқылы файлды оқуды салыстыру. Сұранысты алу, оны қадағалау және өңдеуге 15 мс кетеді (егер блоктық кэште мәліметтер болса). Әрбір үшінші жағдайда дискіге хабарласу қажет (75 мс), бұл уақытта ағын күту күйінде болады. Бірағындық сервер минутына қанша сұраныс өңдейді. Ал көпағындық ше?

7.1.4 Жіберуді 5 есеп күтіп отыр. Олардың жобаланған орындалу уақыты 9, 6, 3, 5 және х мс. Жауап беру уақыты минимал болу үшін оларды қандай ретпен жіберу керек (жауап х -ке байланысты болу керек)?

7.1.5 Реалды уақыт жүйесіне 4 периодтық сигнал 50, 100, 200 және 250 мс аралықпен түседі. Әрбір сигналды өңдеуге орталық процессордан 35, 20, 10 және х мс уақыт кетеді. Жүйе жоспарлауға бейім болатындай максимал х уақытын табу керек.

7.1.6 Қолданушы процесі принтерге шығару үшін 70 символдан тұратын жол құрады, оған 5 мс жұмсайды. Буфер көлемі 1 жолға тең. Мәтін парағы 50 жолдан тұрады. Принтердің минутына 10 парақ шығаруға мүмкіндігі бар. Қолданушы процесінің тоқтаулары бола ма? Бұл жағдайды екі жерде буферлеу жақсарта ма?

7.1.7 Ақпарат модемнен 50 Кбит/с жылдамдықпен түседі, ауыстырылатын екі жүйелік буферде орналасады (әрбірінің көлемі 1 Кбайт). Мәліметтерді буферден қолданушы процесіне ауыстыру 7 мс алады. Қолданушы процесі 1 мәліметтер блогына 50 мс жұмсайды. Бұл шарттарға сәйкес модемнен келетін мәліметтерді жоғалтулар бола ма?

7.1.8 А программасы монопольді режимде 10 минут орындалатыны белгілі, ал В программасы 20 минутта, яғни тізбектей орындалғанда 30 минут алады. Егер екі есептің орындалу уақыты мультипрограммалау режимінде Т-уақыт болса, көрсетілген теңсіздіктердің қайсысы дұрыс? Жауапты сұлбамен түсіндіріңіз.

a) T<10;

б) 10<T<20;

в) 20<T<30;

г) T>30.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 403 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...