Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жалпы ақпарат. Қадағалау (қызмет көрсету) тәртіптері – бұл орындалуға дайын есептерді кезекке қою ережелері



Қадағалау (қызмет көрсету) тәртіптері – бұл орындалуға дайын есептерді кезекке қою ережелері.

Қызмет көрсету тәртібінің екі үлкен класы: басымдылықсыз және басымдылықпен. Басымдылықсыз (приоритетсіз) қызмет көрсету кезінде есептерді таңдау алдын-ала қойылған ретпен орындалады, олардың маңыздылығы және қызмет көрсету уақыты ескерілмейді. Басымдылықты тәртіпті іске асырғанда таңдаулы есептерге орындау күйіне түсуге артықшылық құқығы беріледі.

Жиірек пайдаланылатын қызмет көрсету тәртіптері келесі:

а) FCFS (First Come First Served - бірінші келді, бірінші қызмет көрсетілді) осыған сәйкес есептерге «кезекке сәйкес» қызмет көрсетіледі, яғни олардың пайда болуына байланысты. Жұмыс барысында блокталған есептер дайындық күйіне түскеннен кейін осы дайындық кезегіне қойылады. Бұл қызмет көрсету тәртібі есептеулер барысына сыртқы көмекші әсерді қажет етпейді, онда процессорлық уақытты қайта тарату орын алмайды;

б) SJN (Shortest Job Next - келесі болып ең қысқа есеп орындалады) әрбір есеп үшін машиналық уақытқа деген қажеттілігі бағаланғанын қалайды. SJN қызмет көрсету тәртіптері орындауға дайын есептердің тек бір ғана кезегі бар деп болжайды. Жұмыс барысында уақытша блокталған есептер орындауға дайын есептер кезегінің соңына түскеннен кейін ол басқа жаңа түскен есептермен бір деңгейде болады;

в) SRT (Shortest Remaining Time) - процессорда ең қысқа уақыты қалған тапсырма «келесі» болып орындалады;

г) RR (Roun Robin) – кең тараған тәртіптердің бірі, әрбір есеп процессорлық уақытты порциямен немесе q уақыт квантымен (time slice) алады деп болжайды. q уақыт кванты біткеннен кейін есеп процессордан алып тасталынады, процессор келесі есепке беріледі. Алынған есеп орындауға дайын есептер кезегінің соңына қойылады. Жүйе тиімді жұмыс істеу үшін есептерге уақыт квантын бөлетін заңды дұрыс таңдау керек.

Ығыстырмайтын (кооперативті) көпесептілік (FCFS, SJN, SRT тәртіптері) және ығыстыратын көп есептіліктер (RR және оның негізінде құрылған басқалар) бар.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 230 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...