Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Зертханалық жұмысқа тапсырма. Тапсырманы орындар алдында 10.2 тармақтағы әдістемелік нұсқауларды оқыңыз



Тапсырманы орындар алдында 10.2 тармақтағы әдістемелік нұсқауларды оқыңыз.

10.1.1 C++ тілінде есептеуге арналған екі өзіндік программа құрастыру, мысалы 0-ден 3,14 интервалындағы y=sinx, y=cosx функцияларының мәндері үшін. Осы программалардың біреуін шақыратын басқа бір программа құру. Программаны орындау, басқа программаларды жүктеу кезінде < process.h >-тегі exec... функциясы қолданылады. Тапсырма В қосымшасында қарастырылған.

10.1.2 Delphі ортасындағы Shellexecute функциясын қолданып файлдардың бірін ашыңыз. Тапсырмалар қадағалаушысының көмегімен процесс қолданатын жады көлемін анықтау керек.

10.1.3 Бірөлшемді динамикалық массивті құрыңыз және оның элементтерін енгізіп, іріктеу жасаңыз.

10.1.4 А(n,m) матрицасының әрбір баған элементтерінің қосындысын тауып, нәтижесін бірөлшемді массивке жазыңыз. Ол үшін екіөлшемді динамикалық массив құрып, оның элементтерін кездейсоқ сандар генераторының көмегімен енгізіп, бірөлшемді динамикалық массив құрыңыз.

10.1.5 Жүйе жадының бос бөліктерін тығыздау көмегімен жояды. Мәліметтердің сегменттерінің бос кеңістігінің көпшілігі кездейсоқ таралған деп есептейік, ал 32-разрядты сөзді жадыға жазу үшін немесе оқу үшін жұмсалатын уақыт шамасы 10 нс болсын. 128 Мбайт жадыны тығыздау қанша уақыт жүреді? Тығыздалу уақытының бос емес жады көлеміне тәуелділігінің графигін құрыңыз.

10.1.6 Компьютердің 32-разрядты адрестік кеңістігі мен 8 Кбайт өлшемді беті бар. Беттердің кестесі аппараттың қолдауында болады. Оған жазба жазу үшін бір 32-разрядты сөз кетеді. Процесті жіберу кезінде беттердің кестесі жадыдан құрылғыға жазылады, бір сөз 10 тс уақытты қажет етеді. Егер әр процесс 100 мс бойы жұмыс жасаса (беттердің кестесін жүктеу уақытын қосқанда), процессор уақытының қанша үлесі беттердің кестесін жүктеуге кетеді?

10.1.7 Командалық жолды қолданып Mem командасы арқылы жүйедегі жадының таратылуы туралы есептеме алыңыз. Mem командасы (команда жолында) – жүктелген программалар арасында оперативті жадыны тарату туралы ақпаратты шығаратын команда. Команданы параметрсіз орындау бос және бос емес жады туралы ақпаратты шығарады. /programm кілті программаға жүктелген барлық программалар және жүйелік программа жайлы, ал/debug кілті ішкі жүйелік драйверлер жайлы ақпаратты есептемеге шығарады.

10.1.8 Жады ресурстары және оның күйі жайлы ақпаратты төменгі функция көмегімен алуға болады:

GlobalMemorystatus (var meminfo: TmemoryStatus)

мұнда meminfo – «структуралық» типтегі айнымалы.

Формаға memo компонентін орнатып, ресурс атын көрсетіп сілтемелерді шығару керек. Әрбір уақыт моментінде көрсетілген жады көлемдерін анықтау керек. Жадының өзгеру графигін тұрғызыңыздар.

В қосымшасында «подкачка» файлына мысал келтірілген.

8.1 кесте– «Структура» өрістері





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 372 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...