Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәрістер. Талдаудың жағдайлары мен бағытын анықтау мақсатымен тотығу-тотықсызданушы процесстрді талдау



Редокс жұп компоненттері мольдік үлестерінің потенциалға тәуелділігінің қисығы түрінде редокс тепе-теңдіктің графикалық нұсқасын береміз.

Нернст теңдеуін жазамыз:

(7)

Бұдан ; (8)

С = COx + CRed екеніне көңіл бөлеміз

Бұдан:

CRed = C - COx (9)

(9) теңдеуін (8) теңдеуіне қоямыз:

,

Мұнда q – тотыққан форманың мольдік үлесі.

Бұл теңдеуді түрлендіреміз:

COx = Cq - COxq, COx (1+q) = Cq

Алым мен бөлімді q-ға бөлеміз:

(10)

(8) теңдеуден шығатыны:

(11)

q мәнін (10) теңдеуге қоямыз:

(12)

Редокс жұптың тотықсызданған формасы үшін де ұқсас жазуға болады:

Онда тотықсызданған форманың мольдік үлесі:

(13)

Екі мольдік үлестің қосындысы бірге тең: XOx + XRed = 1

Е = Е0 болғанда XOx = XRed = 0,5;

Е > Е0 болғанда XOx > XRed;

Е < Е0 болғанда XRed > XOx.

Редокс жұптың компоненттерінің мольдік үлесінің потенциалға тәуелділік графигін келесі тотығу-тотықсыздану реакциясы үшін есептейміз және тұрғызамыз:

5Fe­­­­­­­­2+ + MnO4- + 8H+ Û 5Fe3+ + Mn2+ + 4H2O

Fe2+ -e → Fe3+

MnO4- + 8H+ + 5e → Mn2+ + 4H2O

Бірінші редокс жұптың тотықтырғышы мен тотықсыздандырғышы үшін 0,6-дан 1,0 В дейін, екінші редокс жұп үшін - 1,0-ден 1,8 В дейін потенциал аймақтарында есептеулер жүргізілген. MnO4-/Mn2+ редокс жұбы үшін есептеулер рН = 2 болғанда жүргізіледі.

E0I
E, B
E0I
Xox, red
Mn2+
Fe3+
Fe2+
MnO4-

27-сурет. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың мольдік үлесінің ерітінді потенциалына тәуелділігі

Алынған қисықтарды талдау - XOx = XRed = 0,5 теңдігінде бірінші редокс жұп Fe3+/Fe2+ үшін потенциал осы жұптың стандартты потенциалына 0,77 В тең, екінші MnO4-/Mn2+ редокс жұбы үшін - потенциал формальды потенциал + 1,32 В тең.

,

мұнда Е01 - формальды потенциал

рН = 2 болғанда

Неғұрлым рН төмен болса, соғұрлым MnO4-/Mn2+ жұбының формальды потенциалы жоғары, екі редокс жұптың тотығу-тотықсыздану потенциалдарының айырмашылығы жоғары.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 449 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...